Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұнай және газ өндіруші кәсіпорындарының бюджетпен есеп айырысу

Автор:   •  Июнь 4, 2019  •  Дипломная работа  •  12,229 Слов (49 Страниц)  •  524 Просмотры

Страница 1 из 49

Кіріспе

Бюджетпен есеп айырысу әрбір кәсіпорын үшін маңызды екені, оның есебін дұрыс жүргізудің ерекшелігі бүгінгі күні өзекті екені даусыз. Бюджетпен есеп айырысу кезінде салық кодексіне сәйкес заңдылықтарды сақтау қажет. Қазіргі жағдайда кәсіпорындар үшін мемлекет алдындағы салықтарды есептеу және төлеу  жолдарын электрондық  форматқа ауыстыру бухгалтерлік есеп жүйесіне біршама өзгерістер алып келді. Мемлекеттік кірістер департаменттерінде салық жүйесін жетілдіру мақсатында облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі кәсіпорындарды жан-жақты бақылау үшін бюджетке төленетін салықтардың  салықтық есептіліктерін электрондық формада қабылдауды жүзеге асырудың маңызы өте зор.  

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың өркендеуі қоғамдағы өндірістік қатынастардың  алдына жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар әр түрлі жолдармен шаруашылық субъектісін басқаруға қатысады.  Басқаруға қатысудың бір түрі- олардың басы бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды  жарғылық капиталдың қорлануына жұмсау.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады, сондықтан олардың есебін заңдарға сәйкес жүргізу кәсіпорындардың басты мақсаты болып саналады. Аталған себептерге байланысты кәсіпорында бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі мен аудиті сұрақтарын зерттеу өзекті болып табылады.

         Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы қоғамдағы бюджетке төленетін салықтарды салық заңдылығына байланысты   дұрыс есептеу жолдарын меңгеру және салықтарды төмендету бойынша     теориялық тәсілдер мен практикалық ұсыныстарды негіздеу және әзірлеу болып табылады.

        Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесі негізгі нәтижелермен анықталады:

  • Қоғамда қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек ақысынан ұсталынатын жеке табыс салығын төмендету;
  • Корпоративтік табыс салығы бойынша салық көлемін азайту жолдары қарастырылды.

        Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы зерттелетін мәселенің мәнімен және тәжірибелік сипатымен анықталады. Алынған нәтижелер қоғамдағы бюджетке төленетін салықтар есебі бойынша аналитикалық және синтетикалық есебін дұрыс және тиімді жүргізу және салықтарды төмендету мәселелері бойынша одан әрі зерттеулер жүргізуге алғышарттар бола алады. Салықтарды заңға сәйкес есептеп және уақытында төлеп отыру қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелілігі мен болашақ әлеуетін жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

         Жұмыстың мақсаты – қоғамның бюджетпен есеп айырысу операциялары есебі мен талдау ерекшеліктерін зерттеу және бюджетке төленетін салықтарды уақытында төлеп отыру бойынша   нақты ұсыныстар мен шараларды әзірлеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін жұмысқа келесідей міндеттер қойылады:

- қоғамның ұйымдастыру құрылымын зерттеу;

- қоғамның 2016-2018 жылдар аралығындағы техника- экономикалық көрсеткіштерін талдау;

- бюджеттік жүйенің түрлері мен деңгейлерін зерттеу;

- корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу      тәртібінің сұрақтарын қарастыру;

- жеке табыс салығының есебін зерттеу және қосылған құн салығының есебімен танысу;

- әлеуметтік салық есебін жүргізудің ерекшеліктерін зерттеу;

- жер, салығы мен мүлік салығының есебімен танысу;

- бюджетпен есеп айырысу операцияларының аудиторлық бағдарламасын құру;

- ұйымның салықтар бойынша міндетемелерін талдау;

Зерттеу объектісі ретінде «Өзенмұнайгаз» АҚ алынып отыр.

Бюджетпен есеп айырысу есебін және талдауын терең зерттеу үшін  қоғамның қаржылық, салықтың, статистикалық мәліметтерін пайдалана отырып есептің әдістері және салықтық мөлшерлемелер пайдаланып заңды және жеке түлғалардан ұсталынатын салықтар бойынша есептеулер жүргізілді. Сонымен қатар бюджетпен есеп айырысу аудиті мен талдауына байланысты талдау әдістері пайдаланылды.

...

Скачать:   txt (181 Kb)   pdf (490.2 Kb)   docx (92.6 Kb)  
Продолжить читать еще 48 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club