Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бухгалтерлік есеп пен каржылык есептiлiктегi жазбаларды бұрмалау тәсiлдерi және оларды аныктау әдiстерi

Автор:   •  Апрель 10, 2023  •  Доклад  •  892 Слов (4 Страниц)  •  222 Просмотры

Страница 1 из 4

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕГІ ЖАЗБАЛАРДЫ БҰРМАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Жоламан А.Б.

Ғылыми жетекші: Ашимова И.Д., э.ғ.к.,қауым.профессор

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.

ayazhol2.0.0.3@gmail.com

Бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік (қаржылық) есептілік деректерін бұрмалау бұл - ұйымның нақты қаржылық жағдайына қатысты бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті пайдаланушыларды жаңылдыру мақсатында ұйымның есеп персоналының немесе әкімшілігінің қасақана әрекеті болып табылады[1].

Бірақта, бұрмаланулар тек қана қасақана жасалған болуы мүмкін емес. Кей жағдайларда бухгалтерлік немесе қаржылық есептіліктерді жасау процессінде абайсызда жіберілген қателіктер де есептеліп, соңынан қатеге әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты 1–кестеде бұрмаланудың екі түрін қарастыруға болады:

1-кесте Бухгалтерлік есептің бұрмалануының түрлері мен себептері

Бухгалтерлік есептің бұрмалануының түрлері

Бухгалтерлік есепті қасақана бұрмалау

Ұйымның есеп персоналының абайсызда жасаған әрекеттері немесе әрекетсіздігі (байқаусызда)

Ұйымның есеп персоналының қасақана әрекеттерінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесі. Мұндай бұрмалану тек есеп берушілер өзімшілдік мақсаттарды көздеп, есеп берушілерді жаңылыстырғысы келсе ғана пайда болуы мүмкін.

Мұндай бұрмалау зұлымдықсыз есептік жазбалардағы арифметикалық және логикалық қателіктердің салдары болып табылады.

Құжаттардың бұрмалануы мазмұнына көңіл бөлер болсақ, мамандардың пікірлері сан алуан, мысалға Дятлова А. Ф. бұрмалауды бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктегі қателіктердің көрінісі деп санайды, ал Шиленко С.И. өз кезегінде, бухгалтерлік есептің кез-келген бұрмалануын заңдарға қайшы келетін және қайшы келмейтін, сондай-ақ қасақана және байқаусызда болатын қателіктер деп атайды[2].

 Бұл жерден байқайтынымыз екі маманның да пайымдауынша бұрмалау-бұл қателіктерді жіберудің әсерінен пайда болатын құбылыс.

Ал Сардарова Б. В. "қаржылық есептілікті манипуляциялау" ұғымын белсенді қолданады, ол есептілікті пайдаланушылар (инвесторлар, қарыз алушылар, реттеуші ұйымдар) қабылдаған шешімдерге әсер ету мақсатында компанияның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты қасақана бұрмалау немесе жасыру ретінде түсіндіреді[3].

Яғни, Сардарова қателіктерді кәсіпорын әдейі (қасақана) жасап, құжаттар мен жазбаларды бұрмалайды және сол арқылы істі өз жағына қаратуға тырысады деп пайымдайды.

Ендігі, кәсіпорында есептіліктердің бұрмалануын анықтау тәсілдерін қарастырсақ:

Бұрмалануларды анықтаудың қарапайым тәсілдерінің бірі - бір уақытта бірнеше адресатқа ұсынылған қаржылық (бухгалтерлік) есептіліктің әртүрлі даналарын сәйкестендіріп тексеру. Мәселен, несие алу үшін банкке ұсынылған есептіліктің данасын кәсіпорында қалған данамен, сондай-ақ салық инспекциясына ұсынылған данамен салыстыру кезінде тән сәйкессіздіктер анықталуы мүмкін.

Мұндай бұрмалануды ашу үшін аналитикалық процедуралар жиынтығы стандартты түрде қолданылады (1-сызба)

 1-сызба. Стандартты аналитикалық процедуралар және олардың атқаратын қызметтері

Аналитикалық процедуралар жиынтығы

[pic 1][pic 2][pic 3]

Көлденең талдау: алдыңғы есепті кезеңдерге қатысты нақты мақалалар көлемінің тенденциялары мен ауытқуларын талдауға мүмкіндік береді.

Тігінен талдау: нақты баптардың жалпылама көрсеткішке қатынасын талдауға (яғни үлес салмағын анықтауға) және есептіліктің барлық нысандарындағы құрылымдық өзгерістерді алдыңғы есепті кезеңге қатысты немесе объективті факторлар жағдайында (маусымдық) басқа сәйкес кезеңмен салыстыруға мүмкіндік береді.

Қаржылық талдау: коэффициенттердің немесе көрсеткіштердің өзгеруін зерттеу.

Салыстыруға міндетті түрде ұшырайтын құжаттар:

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (88.9 Kb)   docx (14.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club