Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп

Автор:   •  Март 18, 2021  •  Лабораторная работа  •  436 Слов (2 Страниц)  •  483 Просмотры

Страница 1 из 2

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

Туризмдегі бухгалтерлік есеп

1 Зертханалық жұмыс: «Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп» эссе

Орындаған: Мұқатаева Т. 3-топ

Тексерген: Кишибаева Б. С.

2021-01-29

Мазмұны

І. Бухгалтерлік есеп түсінігі

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды

ІV. Әдебиеттер тізімі

Жалпы, бухгалтерлік есептің пайда болуына келетін болсақ, ол өзінің бастауын орта ғасырдың соңғы жылдарында алған . Ал бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты монах әрі математик Лука Пачоли жазған екен. Бухгалтерлік есеп тек қана туризм саласында емес, барлық мүмкін болатын салаға керек ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есепті ауызша айта салуға келмейді, барлық қаржылық қорытындыларын қағазға жазып, есеп берулері болуы шарт. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.

Басқа саланың міндеттері секілді бухгалтерлік саланың да өзіндік атқаратын міндеттері бар. Ең біріншіден, шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы толық ақпарат жинау. Екіншіден, ақшалай, материалдық, еңбек, отын-энергетикалық ресурстарды норма мен нормативтерге сәйкес бақылау жасау. Үшіншіден, қаржылық-өндірістік қызметтік тиімділігн арттырып, жоғалтулардың алдын ала білу. Төртіншіден, өндірілген өнім, көрсетілген қызметтің іс-жүзіндегі құнын анықтау. Бесіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын анықтау. Ал осы бухгалтерлік есептің мақсаты қандай десек, бұл- барлық ұйымдардағы орындалатын жүйелерін уақытылы есепке ала білу және олардың қазіргі күнгі уақыт талабына сай орындалып жатқанына бақылау жасау.Бухгалтерлік есептердің ақпараттары нақты көрсетілу керек, егерде бір жерінен қателіктер кететін болса, бүкіл құжаттарды басынан өңдеу керек болады. Сондай-ақ, ұйымдағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, қорлардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есепті жүргізудің міндеті болып табылады. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заң барын қазақстандықтар біледі. Бұл заңда бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды және қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын, есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ, ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан аумағындағы жұмыс істейтін ірілі-кішілі мекеме орындары қаржылық есептерін осы заңға бағына жүргізу міндетті.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (123.2 Kb)   docx (56 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club