Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

АТ департаментінің ұйымдық құрылымдары мен функциялары

Автор:   •  Сентябрь 5, 2021  •  Реферат  •  1,141 Слов (5 Страниц)  •  459 Просмотры

Страница 1 из 5

Студент

Шайдін Сымбат ИС 18-9

Тапсырма

2-СӨЖ

АТ департаментінің ұйымдық құрылымдары мен функциялары

                                       

 Жоспар

 I Кіріспе

II Негізгі бөлім

  • Ақпараттық технология түсінігі
  • Ақпараттық технология департаменті
  • Ақпараттық технология департаментінің негізгі мақсаттары
  • Ақпараттық технология департаментінің міндеттері
  • Ақпараттық технология департаментінің құрылымдары
  • Ақпараттық технологиялар департаментінің типтік құрылымы

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;

Ақпараттық технологиялар – ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, толтыруды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшіруді, тапсыруды және таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешендерді біріктіретін әдістердің, өндірістік үрдістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология. «Ақпараттық технологиялар» термині 1958 жылы Гарвард Бизнес шолуында алғаш рет пайда болды; Гарольд Дж.Я. Либет және Томас Л. Висслер былай деп жазды: «Жаңа технология әлі де басқарылмайды. Біз ақпараттық технологиясы (IT) деп атаймыз.” Анықтамасы үш санатты қамтиды: өңдеу әдістері, шешімдерді енгізу және модельдеудің статистикалық және математикалық әдістері, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің жоғарғы тәртібін енгізу.

Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Ақпараттық технология түсінігі

Бұл термин ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты.Технология (грек тілінен аударғанда ) өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдереді. Технология дегеніміз – белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі. Технологиялық процесс түрлі құралдар мен әдістердің көмегімн жүзеге асады. Технология мен ақпарат түсініктерін біріктіре келе, ақпараттық технологияны есептеуіш құралдарын пайдалана отырып , ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті деп атайды.

Ақпараттық технологиялардың мақсаты

Ақпараттық технологиялардың мақсаты, адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру болып табылады.

Ақпараттық технологиялар құралдары

АТ құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер, байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау, өңдеу, талдау қызметін атқарады.

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (207.1 Kb)   docx (79.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club