Бизнес жоспар «Beauty Armanay»
Автор: tolganai010398 • Октябрь 18, 2018 • Практическая работа • 1,759 Слов (8 Страниц) • 979 Просмотры
Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Орындаған: Набиева Арманай (204)
Тексерген Бисембаева Ж.Қ
Масалимова Ж.Қ
Бизнес жоспар
«Beauty Armanay» ШАШТАРАЗЫН АШУ
Шаштараз барлық уақытта болған және бола бермек, себебі шаш адам сұлулығын анықтайтын сыртқы бейненің негізгі элементі болып табылады. Ерлер, әдетте, екі аптада бір рет шаштарын қысқартады, сондықтан да шаштараз бизнесін табысты ету қиын мәселе емес. Маңыздысы барлығын дұрыс ұйымдастыру және «айналдыру».
[pic 1]
Неден бастау керек?
Ғимарат пен жалдамалы қызметкерлер таңдаудан бастаймын. Ең алдымен бірнеше оқу курстарынан өтіп, сәйкесінше сертификат алуым қажет. Мен үшін уақытша шаштаразға жұмысқа орналасу тәжірибе жинақтауға көмектесетін болады. Басында «қолымды жаттықтырып», болашақ өзімніңң шаштаразыма келетін клиенттерімді осы бастан таба бастар едім. Шаштараздың кез-келген класы (элитарлы, орташа бағалы) жақсы табысқа қол жеткізе алады. Орташа деңгейлі шаштараз ашқаным жөн, себебі қолжетімді бағадағы қызметке сұраныс әрдайым жоғарырақ, сондай-ақ алғашқы инвестициялық салымдар да, элиталы шаштараздармен салыстырғанда, әлдеқайда төмен. Негізінен, шаштараздың күрделі дизайнды болуы керек емес, жалдауға немесе қаланың айтулы ауданында ғимарат сатып алуға көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Бастапқы кезде екі кресло мен екі әмбебап маманға арналған шаштараз ашу ең жақсы таңдау болып табылады. Клиенттерге ыңғайсыздық туындатпау үшін ер кісілерге ер шаштараздың, әйел кісілерге әйел шаштараздың болуын қадағалаймын.
[pic 2]
Шаштараздың үлгісі-орташа бағалық санат. Залдың ауданы 40 шаршы метр. Ғимаратты таңдауға ерекше мән бергенім дұрыс, орташа бағадағы шаштараз үшін ең жақсысы – автобус аялдамасына жақын орналасқан тыныш аудандағы ғимаратты жалға алу. Шаштараз жеке тұрған ғимаратта немесе тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда орналасуы мүмкін. Пәтерде шаштараз ашуға болмайды. Тек пәтер тұрғын емес үй қорына өтіп, оның кіретін есігі бөлек болған жағдайда ғана шаштараз ашуға болады. Шаштараз тұрғын үй ғимаратының бірінші немесе цокольдік қабаттына ғана орналаса алады. Өжіреде (подвал) шаштараз ашуға болмайды. Ескеретін жайт, шаштараз ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан және өртке қарсы инспекциядан анықтама алу бойынша стандартты процедуралардан өту қажет. Толығырақ мәліметті Сіз «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығын оқу арқылы ала аласыз.
[pic 3]
Көрсетілетін қызметтер:
Қызмет түрлері Бағасы (қыздарға)
Бағасы (ұлдарға)
Шаш қию 1500-ден жоғары
[pic 4]
Милирование 3000-5000 2000-4000
[pic 5]
Кекіл қию 500-ден жоғары
[pic 6]
Шаш үлгісін жасау 2000-5000 1500-4500 [pic 7]
Қалыңдыққа арналған шаш үлгісін жасау 2500-6000
[pic 8]
Укладка 800-2000
[pic 9]
Шаш бояу – 4000нан жоғары
[pic 10]
Шаш өсіру (наращивание) 20000-нан жоғары
...