Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бизнес-жоспар LTE

Автор:   •  Ноябрь 13, 2018  •  Реферат  •  3,128 Слов (13 Страниц)  •  1,002 Просмотры

Страница 1 из 13

4 Бизнес-жоспар

4.1 Резюме

Қазіргі таңда  жылжымалы сымсыз байланысты қажет ететін тұтынушылар саны көбейіп келеді.  Деректерді таратуда жаңа технологияларды және қазіргі заманға сай стандарттарды қолдайтын  қондырғыларға  көшу ең маңызды мәселе болып табылады.

LTE – тұтынушыларды жоғары жылдамдықты ғаламтормен  қамтамасыз ететін ұялы ғаламтордың төртінші кезеңі болып табылады. LTE технологиясы деректерді  алдынғы қатарлы  технологиялардың жылдамдығынан он есе артық жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді. Деректерді қабылдау 326 Мбит/с, ал тарату 178 Мбит/с жылдамдықта өткізе алады.  Осыған байланысты қазіргі кезде ғаламторды қолданушылар  саны анағұрлым артуда.

Жылжымалы байланыстың әртүрлі жоғары жылдамдықты жаңа стандарттарын ұйымдастыруда  байланыстың жаңа мүмкіндіктері ашылады:

- тұрғындарды байланыс жүйесімен қамтамасыз ету;

- қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру;

- тұтынушылардың  сұраныстарын қамтамасыз ету.

Дипломдық жобада  LTE  технологиясының көмегімен абоненттердің жылжымалы  байланысын  ұйымдастыру қарастырылады.

Бизнес-жоспар – жалпы капиталдық қаржыларды, жылдық пайдаланудағы шығын-кірістерді, күтілетін пайданы анықтау арқылы желіні ұйымдастырудың  экономикалық пайдасын және өтімділік мерзімін есептеуді қарастырады.

LTE технологиясы деректерді  тарату кезінде аса жоғары жылдамдықпен және жоғары сапалы жұмысты орындаумен  ерекшеленеді. Бұл бизнес-жоспар кәсіпорын үшін, сауда-саттық ғимараттарында, сонымен қатар   ашық қызмет аясында басқа қызмет түрлерінің де  жұмыс істей алуын қарастырады.

4.2 кәсіпорын және сала

 Ғаламторға енуде кеңжолақты желінің келесі түрлері қолданылады:   WCDMA/HSPA     (3.5G), HSPA+ ( 3.75G) және WiMax пен LTE (4G). 4-ұрпақ желісінің бірі LTE желісі  ұялы  байланыстың ең сапалы әрі жылдам қызметтерін көрсетеді. Ұялы  трафиктің  ең көп өолданушылар: ноутбук, компьютер, планшет иелері. Бұл LTE желісінің болашағының жоғары екендігінің бірден бір дәлелі болады.

LTE технологиясын қолдану  мақсаты:

 - жоғары жылдамдықты ұялы байланыстың мүмкіндіктерін арттыру;

 - құжат алмасу бағасын арзандату;

 - құжат алмасудағы ғаламтор  жылдамдығын арттыру;

 - қолданыстағы байлаеыс  жүйесін жақсарту;

 - қолжетімді бағада басқа байланыс қызметтерін ұсыну.

4.3 Қызметтерді (өнімдерді) суреттеу

Жобаланатын кеңжолақты желі  тұтынушыларға бірегей сервис түрін бере алады. Оның құрамына: жоғары сапалы дауыс,  ақпарат тарату қызметі және ең соңғы ұрпақтың телематикалық қызметі жатады.

Ұсынылатын қызметтер түрі:

- ұялы телефондар арқылы бейне қоңырау шалу;

        - ұялы  телефондарға   арналған   теледидарларды  іске   қосу;

- интерактивті   ойындар,   ғарыштық  картаны    жылдам    ашу, жаңалықтардан   бастап    көркемфильмдерді  смартфон арқылы қарау;

- ноутбуктар    мен    нетбуктарды    HD   форматындағы    әндер    мен фильмдерді жоғары жылдамдықты ғаламтормен қамтамасыз ету.

4.4 Нарық қызметтері

Талп етілетін байланыс қызметтерін нарық жүйесінде жүзеге асыру үшін бәсекелестер арасындағы қосымша мүмкіндіктерді  қарастырайық:

- фирма   өз  жұмысшыларына байланыс    қызметтерін     қолайлы етіп төлеуі;

- тұрақты      тұтынушыларға    берілетін      жеңілдіктер     немесе     тегін ұсынылатын қосымша қызметтер.

Ұсынатын қызметтердің маңызды мәселесі ретінде алдымен фирманың қызметшілерін  қызықтыру болып табылады.

Жобаны жүзеге асыруда және оны енгізуде  жарнама болуы керек, жарнамасыз жобаның нәтижесі болмайды.  

Жарнамаларға  арналған нұсқаулық:

        - аудан   орталықтарындағы   және   ірі   қалалардағы   спутникті, телерадио  арналарында көрсетілетін аудио және бейне  роликтерді дайындау;

...

Скачать:   txt (26.6 Kb)   pdf (311.8 Kb)   docx (180.4 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club