Өндірістік тәжірибе есебі
Автор: Aidana_a • Июнь 20, 2022 • Отчет по практике • 3,434 Слов (14 Страниц) • 281 Просмотры
Өндірістік тәжірибеден өту туралы есеп
Ақтөбе қаласы
2021 ж.
Мазмұны
Кіріспе
I Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
1. Жалпы бөлім
2. Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалануды талдау.
3. Кәсіпорынның айналым құралдарын пайдалануды талдау
4. Кәсіпорынның кадрлық жұмысын талдау
5. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
6. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел және оны басқару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
[pic 1]
Кіріспе
Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін кәсіпорынның құрылысымен, сол кәсіпорынның бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасау. Кәсіпорынның желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында кәсіпорынның өзіне тән бағдарламаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе.
Өндірістік тәжірибе мақсаты – теориялық негізде алған білімді тәжірибе жүзінде қолдану.
Өндірістік тәжірибенің міндеті:
- Кәсіпорынның негізгі қызметімен танысу;
- Кәсіпорынның экономикалық ресурстарымен танысу;
- Ұйымның негізгі құралдарын пайдалануды талдау;
- Өндірістік тәжірибе барысында алған білімді пайдалана білу.
Өндірістік тәжірибе есебі кіріспеден, бағдарламаға сәйкес бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
- Жалпы бөлім
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-тың құрылу тарихы
1804 жылы британдық өнертапқыш Ричард Тревитник Мертир-Тидвилде (Ұлыбритания) бумен тартылатын алғашқы пойызды көрсеткеннен, ал Ресейде 1837 жылы Царскосельский темір жолының алғашқы участогы таныстырылғаннан бері, бумен жүретін теміржол көлігі Ескі мен Жаңа Әлем елдерінің өндірісті елдерінің барлығында бумен жүретін темір жол көлігі белсенді дами бастады. Енді сол ХХ ғасыр табалдырығын аттай бере қазіргі тәуелсіз Қазақстанның аумағын құрайтын жерде алғашқы темір жолы төселе бастады.
Осы жылдар ішінде темір жолдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жүйеқұрушы инфрақұрылымы болды. Еліміздің экспорттық және транзиттік әлеуетін дамыту үшін көптеген теміржол желілері салынды. Теміржол желілері бойында жаңа станциялар салынып, қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдар, қалалар бой көтеріп, өнеркәсіп салалары пайда болды және дамыды. Жаңа желілерді енгізу өңірлер арасындағы ішкі байланыстарды қамтамасыз етіп, өңірлерді дамытуға қуатты серпін берді. Темір жол желілері еліміздің барлық өңірін көлік артериясымен жалғады және де көлік байланысы мен Қазақстанның сыртқы әлеммен тауарайналымын қамтамасыз етті.
Қазіргі кезде болат магистралдарда Қазақстан жалпы тұрғындарының шамамен 1 пайызы жұмыс істесе, соның бір бөлігі – теміржолшылардың бірнеше ұрпағын өсірген және тәрбиелеген теміржол әулетінің өкілдері.
Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ – көлік-логистикалық холдингі, Қазақстан Республикасы темір жол магистралының операторы, Жүктер мен жолаушыларды ұлттық теміржол тасымалдаушы.
Компания туралы жалпы ақпарат
«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы («ҚТЖ» ҰК» Ақ) қазақстанның ұлттық темір жол тасымалдаушысы – көпбейінді заманауи көлік холдингі. Жыл сайын елдегі бүкіл жүк айналымының 70% Компания еншілеп отыр. темір жол тасымалының қызметін жылына 16 миллионнан астам жолаушы пайдаланады.
...