Өндірістік тәжірибе есебі "15kz. Web" ЖШС
Автор: Abu0110 • Апрель 8, 2022 • Отчет по практике • 3,428 Слов (14 Страниц) • 331 Просмотры
М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ[pic 1]
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Өндірістік тәжірибе есебі
Орындаған: Амангельдинов С.Е
Тобы: ИС-20к
Қабылдаған: Қожахметова Р.Н
Петропавл 2022 ж.
Есеп мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
Жалпы бөлім
1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы..................................................................4
1.1. Құқықтық мәртебесі........................................................................................4
1.2. Фирманың қызметтері.....................................................................................4
2. Атқаратын лауазымының сипаты……........................................................….6
2.1 Атқаратын лауазымының теориялық және практикалық негіздері..…...…7
Негізгі бөлім
3. PHP тарихы…………………………………………………........................…..8
3.1. Аудармашы режимдері……………………………...................……...……13
4. Бағдарламашы мамандығындағы қиындықтар……......................................14
Қорытынды……………………………………………....……..........................16
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................17
Кіріспе
Мен Амангельдинов Султан Ерикович, өндірістік тәжірибемді "15kz. Web" ЖШС- да өттім. Тәжірибенің өту аралығы 1.04.2022 - 08.04.2022. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.
Өндірістік тәжірибе өткен жері: СҚО Петропавл қаласы "15kz. Web" ЖШС
Өткізілген уақыты: 1.04.2022 - 08.04.2022.
Мақсаты: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламаларды орынату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу.
1. "15kz. Web" ЖШҚ қызметінің жалпы сипаттамасы.
"15kz. Web" ЖШС компаниясы нарықта 2018 жылдан бастап жұмыс істейді және өз қызметі саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. "15kz. Web" ЖШҚ заңды тұлғалар үшін жүйелік әкімшілендіру қызметтерін және Мәскеу қ.жеке тұлғалар үшін компьютерлерді жөндеу қызметтерін ұсынады. Сондай-ақ, компания қызметінің бағыттары: веб-сайттар құру және дамыту, жаппай электрондық пошталар.
"15kz. Web" ЖШС фирмасының басты мақсаты максималды пайда алу және дайын өнімді өткізу нарығын ҚР стандарттарына сәйкес өнім шығару жолымен кеңейту, өнімнің әрбір бірлігіне сапа сертификатының болуы. Компания әр дайын дербес компьютердің үйлесімділігі мен сенімді жұмысына кепілдік береді. Компания қызметкерлерді уақтылы оқытады, барлық деңгейлерде сапа саласындағы саясатты түсінуді қамтамасыз етеді.
...