Тепе-тендiктiн жалпы үлгісі AD-AS
Автор: Su1tan • Сентябрь 30, 2021 • Контрольная работа • 6,945 Слов (28 Страниц) • 458 Просмотры
5- ші дәріс ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІҢ ЖАЛПЫ ҮЛГІСІ
«AD-AS»
1. Жиынтық сұраныс және оның құрауыштары
2. Жиынтық ұсыныс, оның классикалық үлгісі
3. Жиынтық ұсыныстың кейнстік үлгісі
4. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. AD-AS үлгісі
5. Храповик әсері
6. Сұраныс және ұсыныс жағынан (шок, сілкініс) есеңгірету
- ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС, ОНЫҢ ҚҰРАУЫШТАРЫ
Макроэкономикалық тепе-теңдік мәселелерін ең алғашқы зерттеген классикалық теорияның өкілдерінің бірі - француз экономисі Леон Вальрас (1834-1910)
Ғылыми жаңалықтары:
- Алғашқы болып нарықтық тепе-теңдіктің жалпы қағидаларын ұсынды: Сұраныс ұсынысқа теңеседі және оны математикалық тұрғыдан түсіндіріп берді.
- 4 нарықты енгізді: еңбек, капитал, қаржылық, тұтыну тауарлары мен қызметтер.
- Жоғарғы математиканы экономикалық ғылымның міндетті бөлігі ретінде енгізді.
Жиынтық сұраныс (AD) – белгілі баға деңгейінде сатып алынатын өнімдердің жиынтық көлемі. Жиынтық сұраныс агрегатталған сұранысты білдіреді, яғни барлық экономикалық агенттердің жалпы сұранысы.
Жабық экономикада сыртқы ортамен байланыс болмайды. Сондықтан жиынтық сұраныс көлемі ұлттық сатып алушылардың берілген баға деңгейінде сатып алғылары келетін және алуға мүмкіндіктері бар тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі:
YD = C + I + G,
мұнда: YD – жиынтық сұраныс (ұлттық табыс)
C – тұтыну шығындары;
I – инвестициялық шығындар;
G – мемлекеттік шығындар.
Жиынтық сұраныс қисығы – экономикада сатып алынатын өнімдер көлемі мен бағаның жалпы деңгейі арасындағы тәуелділік (3.1 - сурет).
Жиынтық сұраныс қисығының төменге бағытталуы немесе теріс көлбеу орналасуы негізгі үш әсерге байланысты:
Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері) – баға өскен сайын ақшаға сұраныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығына байланысты пайыз мөлшерлемесі өседі. Пайыз мөлшерлемесінің өсуі экономикаға салынатын инвестиция көлемін қысқартады. Ол жиынтық сұраныс көлемінің қысқаруына әкеледі.
Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері) – бағаның жоғары деңгейінде қоғамның жинақ қорының нақты құны төмендейді. Мысалы, құны тұрақты болатын есеп-шот пен облигациялардың құны. Мұндай сатып алу қабілетінің төмендеуі нәтижесінде халық кедейленеді де шығындарын азайтады. Бұл жағдай жиынтық сұранысты азайтады. Керісінше, баға деңгейі төмендегенде адам байлығының сатып алу қабілеті мен құны артады да тұтыну шығындары көбейеді. Нәтижесінде жиынтық сұраныс көлемі молаяды.
Импорттық тауарларды сатып алу әсері. Импорт пен экспорт көлемі елдегі және шетелдердегі баға деңгейіне байланысты болады. Егер елдегі баға деңгейі шетелге қарағанда жоғары болса, онда жергілікті тұтынушылар импорттық тауарларды көбірек алып, отандық тауарларды аз тұтынады. Сөйтіп елдегі баға деңгейінің өсуі таза экспортты азайтады. Бұл жиынтық сұранысқа кері әсерін тигізеді. Елдегі баға деңгейінің төмендеуі таза экспортты көбейтеді, нәтижесінде жиынтық сұраныс көлемі артады.
Р[pic 1]
А
Р2[pic 2][pic 3][pic 4]
[pic 5]
В
Р1 [pic 6][pic 7]
AD
[pic 8]
...