Отчет по практике в жұлдызы аралығында «Galaxy»
Автор: bakonia_jan • Февраль 17, 2019 • Отчет по практике • 14,198 Слов (57 Страниц) • 503 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................
Бөлім 1. Ұйым экономикасы
1.1 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқау. Кәсіпорынның жоспарлау құжаттамасымен танысу. Қаржылық қызметтер ұйымдарының қызметімен танысу. Кәсіпорынның есеп саясаты
1.2 Кәсіпорындағы жұмысты ұйымдастырудың экономикалық негіздері. Кәсіпорынның құрылтай құжаттарын қарау және дамыту. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу тәртібі
1.3 Жарғылық капитал. Негізгі және айналым капиталы
1.4 Қызметкерлерді ұйымдастыру және еңбекақы төлеу Кәсіпорынның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау.
1.5 Өндіріс шығындары және өндірістік өнім (қызмет көрсету, жұмыстарды орындау)
1.6 Жалпы өндірістік тиімділікті анықтау
Бөлім 2. Бухгалтерлік есеп негіздері
2.1 Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің құрылымы және ұйымдастыру. Кәсіпорын «1 С Бухгалтерлік есеп» бағдарламасымен таныстыру. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқау. Есепті жүйелеу. Жалпы есептк принциптер
2.2 Қаражатты есепке алу. Қолма-қол ақшаны есепке алу
2.3 Тауар есебін жүргізу
2.4 Негізгі құралдар мен материалдық емес акивтер есебі
2.5 Еңбекақы есебі
2.6 Өндіріс есебі
2.7 Стандартты есептер. Қаржы нәтижелер
Бөлім 3. Салық және салық салу
3.1 Кәсіпорындағы салық және салық салу есеп негіздері
3.2 Корпоративтік табыс салығы бойынша есеп
3.3 Қосылған құн салығын есептеу
3.4 Мүлік салығын есептеу
3.5 Жер салығын есептеу
3.6 Әлеуметтік салықты есептеу
3.7 Арнайы салық тәртібін қолдану арқылы шағын бизнес салықтарын шығару
Бөлім 4. Экономикалық талдау.
4.1 Экономикалық талдау негіздері. Еңбек құралдарын пайдалану және тиімділігін талдау
4.2 Айналым капиталын талдау
4.3 Материалдық ресурстарды талдау
4.4 Еңбек ресурстарын талдау
4.5 Өндірістік шығындарды талдау
4.6 Өндіру және сатуды талдау (қызмет көрсету, жұмыстарды орындау)
4.7 Қаржы нәтижелерін талдау
4.8 Қаржылай жағдай және қаржылық есепті талдау.
Кіріспе
Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2017 жылдың сәуір айының 10-шы жұлдызынан мамыр айының 20-шы жұлдызы аралығында «Galaxy» Халықаралық мектеп мекемесінде өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгендеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.
Іс-тәжірибе есебінде мекеме қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадым. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатыстым.
Өндірістік тәжірибені өтумен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
- филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
- әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;
- филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;
- филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.
Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым.
Практикалық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның шаруашылық қызметінің талдау және оның әдістемесін меңгеру болып табылады.
...