Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық ілімдер тарихы

Автор:   •  Сентябрь 26, 2018  •  Реферат  •  1,654 Слов (7 Страниц)  •  702 Просмотры

Страница 1 из 7

  Экономикалық  ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады.Экономикалық ілімдер тарихы бұл экономикалық өмірге, көзқарастарға адамзат дамуының тұрғысынан қарап, әртүрлі экономикалық ой және теорияларға тарих тұрғысынан мәлімет береді.Бұл пән экономиканың эволюциясын, қозғаушы күштерінің өзгерістерін зерттейді.  Мысалы  тастан жасалған балта мен садақты алатын болсақ ол экономиканы құрамайды ол тек техникалық құрал ғана болып табылады. Бірақ бірнеше балталар мен садақтардын топтасуы аңшылардың бұғыларды немесе тағы да басқа жануарды өлтіруге көмегін тигізеді және оның етін өзара бөлісіп алады. Аңшылыққа шықпаса да балта мен садақ жасап, оны өзіне керек затпен айырбастай алады. Мұнда сөз тек садақ, балта, ет, балық сияқты заттарға қатынас туралы болып отырған жоқ, жалпы өндіріс ондағы бөлініс, айырбас, материалдық игіліктерге деген қажеттілік жайында болып отыр.  Экономикалык ілім - ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалык ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Ксенофонт - "экономика" терминінің авторы. Ксенофонт адамдардың жекелей байлығының алтын немесе күміс түрінде қорлануына қарсы болды.Алтын, күміс, басқа да байлықты айналымға жібермей сақтағаны үшін айып төлету керектігін атап өтті.Бұған қарсы шара ретінде темір ақшаны кіргізуді ұсынды. "Темір айналымы жүру үшін темір ақша қолдану керек,"-деген. Ксенофонт аса байлықты жаратпады."Байлық өзінің қажетіне жетсе болғаны, ал артылса оны жолдастарына берген дұрыс",-деп кеңес берген. Ол өзінің "Домострой" кітабында мынадай да кеңестер береді: "Ұқыпты бол, малыңды босқа шашпа, күшің келсе, қажетті мекемелер салуға көмектес. Еңбек бөлінісін күшейтуге жұмса, ол еңбек өнімін күшейтеді". Аристотель - құл иеленушілік қоғамдағы ең ірі идеологтардың бірі, заманының ірі философы әрі ұлы Платонның шәкірті. Құн - саяси экономияның негізгі категориясы. Аристотель осы терминді зерттей келіп екі түрлі ойға келді:

  1. Құнның негізі еңбек болып табылады және ол обьективті.

2. Құнның негізі болып сондай-ақ тауар тиімділігі де есептеледі, ол субьективті.

  Экономикалык байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей жалпы ұлттық, мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашкы талпыныстарымен бірге пайда болды. Экономикалык ілімдер тарихы ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген ғылыми зерттеудің әдістемелік негізі — диалектикалық танып білу әдісі болып табылады. Бұл әдістін ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы түрғысынан — жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген тәсілдерін қолданады. Танып білудің диалектикалық әдісі барлык ғылымда қолданылатын жалпы тәсіл болып табылады. Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып экономикалық ілімдер тарихы өзіне тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде қолданады. Экономикалык ілімдер тарихынын пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы - ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті омірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан тыс және тек ойдан, елес ретінде түсіндіріледі. Ал нақты нәрсе - бүл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция - дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып кәрсету процесі. К.Маркс айткан болатын: «экономикалық формаларға анализ беруге микроскопты да, не химиялық реактивты де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның күші жүруге тиіс». Көбінесе құбылыстың мәнін түсінуде, сол кездегі кездейсок кейбір жағдайлар кедергі жасайды. Сондықтан да басты нәрсені шешіп алу үшін - мәселенің мәнін токып, оны терең корытындылау керек және кедергі жасайтын құбылыстардан дерексіздендіру кажет.   Абстракциялык ойлау процесінде экономикалык категориялар (тауар, нарык, ақша, капитал. пайдажәне т.б.) қалыптасады. Экономикалык категория -  логикалық ұғым және адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық катынастарды көрсетеді. Демек, экономикалық ілімдер тарихы адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды экономикалык категориялар ретінде бейнелеу арқылы оқытады. Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік  мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

...

Скачать:   txt (24.1 Kb)   pdf (165.7 Kb)   docx (180 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club