Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Технологиялық процесстерді әдістемелік дайындау

Автор:   •  Май 12, 2020  •  Реферат  •  967 Слов (4 Страниц)  •  318 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1]ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті

«Машина жасау» жоғары мектебі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Технологиялық процесстерді әдістемелік дайындау

Орындаған:  Жұмабай Біржан

МС – 31 топ студенті

Тексерген: Турешова А.Е

                                                      Орал – 2020

Детальдың сызбасындағы проекциялардың түгелдiгiн, өлшемдерiнiң дұрыс қойылуын, өңделетiн беттердiң дәлдiгi мен кедiр-бұдырлығына қойылатын талаптардың орындалуын және басқа да техникалық шарттардың негiзделулерiн мұқият бақылап, тексерiп шығу керек. Кейде конструкторлар өңдеу дәлдiгiн себепсiз көтерiп, оның кедiр-бұдырлығын тым азайтып қояды, бұл технологияны қымбаттатып жiберетiн жай. Бұл жағдайда технологконструктормен ақылдасып, мүмкiн болса тиiмдi шешiмдерге келiсулерi қажет. Жұмыс сызбасын бақылауда, оның технологиялылығын жақсартуды да қарастырады. өңдеудiң еңбектi көп қажетсiнуiн кемiту үшiн өңделетiн беттердiң өлшемiн мүмкiндiгiнше қысқартуға тырысу, детальдың серпiмдi қатаңдығын көтеру арқылы өнiмдi көп аспапты өңдеулер қолдану, көп жүздi аспаптар мен жоғары өнiмдi кесу режимдерiн пайдалану, қосымша уақытты азайту үшiн аспаптың кесу зонасына икемдi кiрiп, шығуын қарастыру, детальдың конструкциялы элементтерiнiң пiшiндерiн бiрыңғайландырып, өлшемдiк және профильдiк асапатардың номенклатурасын азайту, дайындамаларды сенiмдi және ыңғайлы базалауды қамтамасыз етiп, мүмкiндiгi болса технологиялық базалар мен өлшем базаларын сайлап, көп орынды өңдеулердi өндiруге жол ашу. Детальдың технологиялылығын жақсарту арқылы технологиялық процестiң еңбек сыйымдылығын және өзiндiк құнын күрт кемiтiп жiберуге болады. 2. Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар. Технологиялық процестердi жобалауда өндiрiс өнiмдерiнiң сапасын арттыру үшiн техникалық бақылаудың алатын орны ерекше. Өндiрiс процесiнiң барлық сатыларындағы сапаны арттыру және оны қамтамасыз ету шаралары, мүмкiн болатын өнiмнiң ақауларын мезгiлiнде табу және одан сақтану әрекеттерiмен тығыз байланысты. Ол үшiн алдын ала профилактикалық бақылаулар жүргiзiлуi тиiс; мұнымен көршiлес өндiрiс шығаратын шикiзат және бастапқы дайындамалардың сапасын, құрал-жабдықтардың күйлерiн тексередi; сонымен қатар жүрiп жатқан технологиялық процестiң дұрыс өтуiн бақылайды. Механикалық цехтардағы өнiмнiң сапасын өңдiрiстiк жұмысшылар, құрал-саймандарды келтiрушiлерi және цех мастерлерi тексередi. Арнайы бақылаушылардың жүмыс аумағы өте көп болмайды. Ол дайын детальдарды қабылдап, цехтан-цехқа берiлетiн дайындамаларды тексерумен болады. Өңдеу маршрутында арнайы нөмiрмен тексеру операциялары көрсетiлуi шарт. Кейбiр алдын ала өлшемдi аспаптармен жүргiзiлетiн операцияларда, арнайы бақылау операциясын көрсетпейдi; өйткенi алдын ала келтiрiлген құрал-саймандар және өлшем аспаптарының тұрақты өлшемдерi процестi дұрыс өткiзедi деп жорамалданады. Мысалы, көп шпиндельдi тесу станогында алынған бiрнеше тесiктердiң диаметрiн, тереңдiгiн және осьаралық қашықтығын зейiн салып тексерiп жатпайды. Бақылау операцияларын жүргiзу орнына қарай тұрақты және жылжымалы деп бөледi: бiрiншiсiн тұрақты бақылау пункттерiнде, ал екiншiсiн тiкелей жұмыс орнында жүргiзедi. Тұрақты бақылау операцияларын бiркелкi мол детальдарды арнайы тексеру қондырғыларын рабайсыз үлкен детальдарды өңдеуде тiкелей жұмыс орнында өткiзедi. Бақылау операцияларының қамтылуына қарай жаппай және iшiнара тексеру деп бөледi: жаппай тексерудi осы операциядан кейiн ақау туатын келесi күрделi қиын операцияның алдында және қабылдауға дейiн жүргiзедi; iшiнара тексерудi технологиялық процестер бiрқалыпты дұрыс iстеп тұрғанда және бiркелкi көп детальдарды өңдеуде жүргiзедi. Ұйымдастыруына қарай iшiнара тексерудi статикалық және жедел деп екi түрге бөледi. Жедел тексерудi бақылаушы өздерiне бекiтiлген жұмыс орнында жүргiзедi. Механикалық өңдеу процестерiн жобалау бақылаудың техникалық ұйымдастыру түрi мен тексеру құралдарын таңдауға тығыз байланысты. Кейбiр өндiрiсте әмбебап өлшеу құралдарын қолданып, пассивтi тексеру жүргiзедi. Өте күрделi детальдарды өңдеуде, мүмкiн болатын ақаудан сақтану үшiн тексеру бөлiмi өкiлiнiң қатысуымен бiрнеше операцияның өлшемдерiн ұқыпты тексередi. Сериалы өндiрiсте тексерудi бiрнеше операциялар өткеннен кейiн детальдарды бiржолата қабылдауда жүргiзедi. Әмбебап тексеру құралдарымен қатар, өлшеу қондырғыларын, шектi калибрлермен шаблондарды пайдаланады. Жаппай өндiрiсте өлшеу - тексеру приборларын, көп өлшемдi тексеру қондырғыларын, сондай-ақ автоматты тексеру жүйелерiн қолданады. Олар әмбебап жұмысқа келтiрiп, даярлау үшiн пайдаланады. Техникалық тексеру операцияларын өте ұқыпты ұйымдастырады; көбiне тексеру операцияларының процестегi орны өңдеу оперцияларымен бiрдей болады. Тексерудi пассивтi және активтi деп бөледi. Пассивтi тексерудi дайын детальдарды жаппай қабылдауда, өте жауапты детальдардың сапасын бақылауда, детальдарды өлшемдiк топтарға сорттауда жүргiзедi. Пассивтi iшiнара тексерудi ақау болмағанда ғана жасайды. Ақауды болдырмау үшiн активтi тексерудi пайдаланады. Технологиялық процестiң жүруi қалыптасқан болса, статикалық тексеру әдiсi орынды; егер технологиялық процестiң жүруi тұрақсыз болса, онда жүйеге автоматты подналадчиктер еңгiзедi. Тексеру құралдарын, олардың метрологиялық қасиеттерiне /өлшеу шектерi, көрсету шектерi, өлшем дәлдiктерi/, детальдың конструкциялық ерекшелiктерiне /габариттi өлшемдерi, массасы, серпiмдi қатаңдығы, беттерiнiң кедiр-бұдырлығы/, экономикалық мүмкiндiгiне және бақылаушылардың жұмыс жағдайларының жақсаруына байланысты таңдайды. Техникалық тексерудi жобалауда бастапқы мағлұматтар ретiнде тексеру дәлдiгi / тексерудiң өзiндiк ауытқуы, тексеретiн өлшем шегiнiң 20 пайызынан аспағаны жөн/ және оның өнiмдiлiгi алынады. Технолог тексеру объектiн және тексерудiң тәсiлi мен құралын белгiлейдi. Ол керектi өлшеу-тексеру аспаптары мен қондырғыларын жобалауға техникалық тапсырма бередi; өлшем қондырғысының схемасын, тексеру операциясының өзiндiк құны аз болуын ескерiп, таңдайды. Технологиялық маршруттың тексеру операцияларының алдында детальдарды тазалау және жуу орперацияларын, сондай-ақ қабыршақтарды келтiру операцияларын қоюды ұмытпау керек. Бұл сияқты қосымша операцияларсыз сенiмдi өлшем нәтiжелерiне жету мүмкiн емес.

...

Скачать:   txt (14.2 Kb)   pdf (108.9 Kb)   docx (20.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club