Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының бизнес қолдау бағдарламалары

Автор:   •  Апрель 2, 2020  •  Реферат  •  1,213 Слов (5 Страниц)  •  426 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасының бизнес қолдау бағдарламалары

Қазақстан Республикасы қазіргі таңда өте қарқынды дамуда. Оның дәлелі ретінде әр түрлі қолға алынған бағдарламаларды мысалға келтіруге болады. Қай жақтан алсақ та Қазақстан басқа да экономикасы дамыған мемлекеттермен пара пар келуге талпынуда. Оның бір жөні бизнес тұсын да қарастыруда. Әрине, мемлекеттің көркеюі және дамуы үшін жеке бизнестер де өз үлесін қосады. Қазіргі күні әсіресе, жастар бизнес жолына бет бұрып жүр. 2019 жылды «Жастар жылы» деп, жастарға елбасымыз көп мүмкіндік беруде. Сол сияқты, бизнесті қолдауға да барынша жұмыс жасап жатыр. Бұл шаралардың барлығы белгілі бір жоспар немесе бағдарламалар арқылы жүзеге асады.

Бизнесті қолдау – үлкен іс. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Елімізде қолға алынып жатқан бағдарламалардың бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020». Бағдарламаның негізгі мақсаты - өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.Міндетіне келер болсақ, өте көп, бірақ ең басты міндеті - ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту. Бұл шара 2018-2019 жылдары іске асады деп күтілуде.  "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2030" Стратегиясы" және "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Бұл бағдарлама бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы деп ойлаймын.

Келесі «Kazakhstan Growth Fund» қоры. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және «Самұрық-Қазына» ҰҚ-мен алдын ала уағдаластық бойынша шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшін капиталы 125 млн. АҚШ доллар «Kazakhstan Growth Fund» инвестициялық қоры құрылған. Қордың инвестициялық стратегиясы қор капиталынан кем дегенде 70% Қазақстанда операциялық қызметті жүзеге асыратын компанияларға инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл ретте, бір жобаны инвестициялау сомасы 10-15 млн. АҚШ долларға дейін құрауы мүмкін, бір экономика секторына капиталдың 25% дейін инвестициялануы мүмкін. Қазақстанмен қатар, қор Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Түрікменстанда жұмыс істейтін компанияларды инвестициялау мүмкін. Қордың портфельдік компанияларда қатысу мерзімі 3-7 жылды құрайды. Бұл бағдарлама да мемлекеттің атынан берілетін үлкен мүмкіндік.

Қазақстандық алғаш стартап-үдеткіші – «iStartUp» жобасы. Стартаптарды дамытуға және оларға инвесторларды тартуға арналған алаң. 4 жыл ішінде 39 жоба шығарылды. Біздің халқымыздың бизнес ашуға деген идеясы және жоспары болғанымен, көп жағдайда ақша мәселесі бірінші орынды алып қояды, сондықтан осындай бағдарламардың құрылып, жүзеге асуы қуантады.

Сонымен қатар, тағы бір менің назарымды аудартқан үлкен шаруаның бірі – «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы». Елімізде осыншама бизнес бастауға қолдау көрсететін тиімді ағдарлама немесе жоспарлар бар болғандықтан, неге ойлаған бизнесіңді ашпасқа. КҚКО – бұл бизнесті жүргізудегі өзекті мәселелер бойынша оқытулар, шеберлік сабақтары мен семинарларды «бір терезе» қағидатымен толық консалтингтік қызмет көрсететін пакет. Таңғаларлығы мұның барлығы тегін. 

Қаржыландыру жөнінде айта кетсек, «Astana-ZhasStarT» аймақтық қаржыландыру бағдарламасы бар. Астана қаласында аймақтық қаржыландыру бағдарламасына «Даму» Қоры 1 млрд. теңге  және қала әкімшілігі 500 млн. теңге бөлді.  Бағдарламаға Астана қаласының аймағында бизнесін жүзеге асыратын және жүзеге асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер қатыса алады. 2015 жылы аталған бағдарлама бойынша кредиттік портфель 695 млн. теңге құрайтын 8 жоба қаржыландырылды. Бұл нәтижеден көретініміз қаржыландыру жөнінен де оңтайлы жағдайлар жасалынған.

...

Скачать:   txt (16.8 Kb)   pdf (124.9 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club