Химиялық анализдің қолданбалы түрлері
Автор: kuralairaiysova • Ноябрь 26, 2021 • Реферат • 1,394 Слов (6 Страниц) • 445 Просмотры
Химиялық анализдің қолданбалы түрлері
Қазіргі кезде аналитикалық химия фундаменталды химиялық ғылым болып табылады. Халық шаруыашылығының көптеген саласында қолданылатын химиялық әдістің көптеген түрлері аналитикалық химияға негізделген.Сонымен қатар өндірістің түрлі саласында да шикі заттың және өнімнің сапасын анықтайтын аналитикалық бақылау қызмет орындары болады.
Анализденетін заттардың өндіріс салаларына қарай бөлінуі :
Анализдің түрі | Анализденетін зат (объект) |
Техникалық анализ Ауыл шаруашылығы Азық-түлік анализі Биохимиялық анализ Санитарлы-химилы Дәрі-дәрмек Залалды заттарды (улы заттардың анализдеу | Кең, техникалық шикізат,металдар топырық,тыңайтқыштар,жем-шөп,су ауа, т.б. тағамдық азықтар қан,зәр айналадағы ортаның тазалығы (ауа, су, топырақ). дәрі-дәрмектік шикізат,препараттар өсімдік және жануарлар объектілері ( олардың құрамындағы улы заттар) |
Аналитикалық реакциялар мен реагенттер
Химиялық реакцияны жүргізу үшін химиялық реагент қажет:
1. Техникалық /қысқаша «Т»/
2. Таза / ч немесе т құрамында 2% жуық қоспа болады/
3. Анализдік таза /чда –деп белгілейді, немесе а.т, құрамында 1% дейін қоспа болады/.
4. Химиялық таза /х.ч. қоспасы 1%-тен төмен/.
5. Жоғары эталондық таза /в.з.ч. немесе ж.э.т. құрамында 0,01-0,00001% қоспа ьолады/.
6. Аса таза /ос.ч. немесе а.т/.
Реактивтің құрамындағы қоспаның үлесі ГОСТ-пен анықталады да, реактивтің атауымен бірге беріледі.
Химиялық анализді орындау үшін қосылыстың және оны құрайтын бөлшектердің ерекше көзге түсетін химиялық немесе физикалық қасиетттері болуы тиіс, оны аналитикалық қасиеттер деп атайды. Қосылыстың аналитикалық қасиеттері оның сапасын және сандық үлесін анықтауға мүмкіндік береді, ал осы қасиеттерін көрсететін реакциялар аналттикалық реакциялар деп аталады. Кез-келген ионның аналитикалық қасиетін көрсететінн химиялық реактивті реагент деп атайды. Реагенттің әсерінен белгілі сигнал пайда болуы мүмкін. Аналитикалық сигнал дегеніміз тұнба, түсті қосылыстар түзілуі, газ бөлінуі т.б. Аналитикалық сигнал қосылыстардың сапалық және сандық құроамы туралы мәлімет береді. Мысалы, алты ерекше иісіне сүйеніп анықтауға болады.
Аналитикалық сигналдың байқалуы заттың сапалық құрамы анықтайды, ал оның интенсивті оынң массалық үлесін көрсетеді\\ тұнбаның мөлшері, жалынның боялуы т.б./ Аналитикалық сигналдарды көзбен шолып және түрлі аспаптармен байқауға болады.
Аналитикалық реакцияларды ортақ және жеке деп айырады.
Бір реагент бірнеше иондармен әрекеттесетін реакцияларды ортақ деп атайды. Мысалы т.б. катиондармен әрекет етіп суда нашар еритін гидроноидтер түзеді. Ортақ реакциялар зерттелетін ерітіндіде бір топ катиондарының болуын болжауға мүмкідік береді.
Түрлі реагеттердің ионның бір түрімен характерлері ерекше қосылыстар түзілуі реакцияларын жеке реакция деп атайды; жеке реакциялар берілген ионга тән болып келеді.
Аналитикалық реакцияларды бөлу және анықтау реакциялары деп екіге бөледі.
Бөлу реакцияларына қойылатын шарттардың бірі анықталатын компонетті ерітіндідегі бөгде қоспалардан толық бөліп алу, демек ерітіндіде қплған компонеттің мөлшері аналитикалық сигнал бермеуі тиіс.
Анықтау реакциясының шарты химиялық реагент анықталатын компонетпен әрекеттесуі кажет.
Белгілі аналитикалық сигнал бере алатын иондар санына байланысты аналитикалық реакциялар мен реагеттерді топтық, талғағыш, ерекше болып келеді.
Ортаның нақты жағдайында (рН т.б.) орындалатын ортақ реакцияларды топ реакциялары деп атайды, ал пайдаланылатын реагентті топ реагентті.Мысалы H2SO4 ерітіндісі Ba2+,Ca2+,Sr2+ иондарын спирт ортасында тұнбаға түсіреді. Ал HCl ерітіндісі Ag+,Hg2+,Pb2+ катиондарына топ реагенті болып табылады, себебі HCl осы топ катиондарымен суда нашар еритін тұнбалар түзеді. Топ реагентін көбіне белгілі бір топ ионарын тұнбаға түсіру үшін пайдаланады.
...