Физикалық және химиялық құбылыстар
Автор: Венера Суровцева • Май 29, 2022 • Лабораторная работа • 1,396 Слов (6 Страниц) • 427 Просмотры
Сабақ № 3. Физикалық және химиялық құбылыстар |
Алдыңғы білім 3.3.1.1 заттарды пайда болуы және агрегаттық күйі бойынша жіктеу; 4.3.1.1 заттардың қолдану шеңберін олардың қасиеттеріне байланысты анықтау. |
Оқу мақсаты: 5.3.1.4 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату; |
Қысқаша шолу |
Химия - әртүрлі заттарды және олардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. Бұл заттар өзгеріссіз қалады ма? Алдыңғы тақырыптарда біз заттарды агрегаттық күйіне қарай қалай жіктеуге болатынын зерттедік. Бізді қоршаған ортада заттардың агрегаттық күйі үнемі өзгеріп, жаңа заттар түзіліп отырады. |
Оқу мақсаттары | Тақырып | Сабақтың мақсаты | Сабақта ұсынылатын іс - әрекеттер | Мұғалімге арналған ұсыныс жазбалар | Оқу ресурстары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5.3.1.4 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату; | Құбылыстар Физикалық құбылыстар Химиялық құбылыстар Белгілер | Физикалық және химиялық құбылыстарды біледі және ажыратады; |
Тапсырма 1. Мәтіндегі бос орындарға қажетті сөздерді орналастыр. Кілттік сөздер:өзгереді, құрамы, физикалық, химиялық. Физикалық құбылыс кезінде заттың ....... өзгермейді. Химиялық құбылыс кезінде заттың құрамы ........ Темірдің таттануы ........ құбылыстың мысалы. Судың булануы немесе қатуы ......... құбылыстың мысалы. Бағалау критерийлері. Оқушы:
Жауабы: Физикалық құбылыс кезінде заттың құрамы өзгермейді. Химиялық құбылыс кезінде заттың құрамы өзгереді. Темірдің таттануы химиялық құбылыстың мысалы. Судың булануы немесе қатуы физикалық құбылыстың мысалы. Тапсырма 2. Берілген сөйлемдерді толықтыр:
Бағалау критерийлері. Оқушылар:
Жауаптары: 1 - физикалық; 2 - физикалық; 3 - химиялық; 4 - химиялық; Тапсырма 3. Химиялық құбылыстың сипаттамаларын таңда. (Дұрыс жауап саны:2) 1. заттың агрегаттық күйі өзгереді; 2. заттың құрамы өзгереді; 3. заттың пішіні өзгереді; 4.заттың қасиеттері өзгереді. Бағалау критерийлері. Оқушы:
Жауабы:2;4. Тапсырма 4. Химиялық және физикалық құбылыстарды анықта:
Химиялық құбылыс: __________________ Физикалық құбылыс: __________________ Бағалау критерийлері. Оқушы: Химиялық құбылыстарды анықтайды; Физикалық құбылыстарды анықтайды. Жауабы: Физикалық құбылыстар: А, В Химиялық құбылыстар: С,D Тапсырма 5 Химиялық құбылысты анықта:
Бағалау критерийлері. Оқушылар: Химиялық құбылыстарды анықтайды. Жауабы: 3, 4. Тапсырма 6 “Дұрыс немесе бұрыс” тұжырымдарды анықта:
Бағалау критерийлері. Оқушылар:
Жауабы:1Дұрыс.2. Бұрыс.3. Бұрыс. 4. Бұрыс. Тапсырма 7 Төмендегі суреттерде биологиялық, физикалық және химиялық құбылыстар көрсетілген. Берілген кестеде құбылысқа сәйкес келетін әріпті жаз. [pic 5][pic 6][pic 7] А В С
Бағалау критерийлері. Оқушылар:
Жауабы:
Тапсырма 8 Төменде берілген мақал – мәтелдерде қандай құбылыс, химиялық немесе физикалық туралы айтылған:
Бағалау критерийлері. Оқушылар:
Жауабы:Физикалық Тапсырма 9 Майсыздандырылған айранды алу әдісін зерттеп, физикалық және химиялық құбылыстарды анықта. 1. Сүтті сүзу 2. Сүтті қыздыру 3. Сарысудан қаймақты бөлу 4. Сүттің бетінен қаймақты алу 5. Сүтке ұйытқы қосу 6. Майсыздандырылған айран алу Химиялық құбылыс: Физикалық құбылыс: Бағалау критерийлері. Оқушы: Физикалық және химиялық құбылыстарды анықтайды. Жауабы: Химиялық құбылыс: 4, 5, 6 Физикалық құбылыс: 1, 2, 3 Тапсырма 10 Төменде берілген қандай құбылыстар химиялық болып табылады: 1.Заттың агрегаттық күйінің өзгеруі; 2.Затты ұсақтау; 3.Күмістен жасалған бұйымдардың қараюы 4.Жапырақтардың шіруі; 5.Ағашты кескен кезде жаңқалардың пайда болуы; 6.Беті ашық бөтелкеден газдың бөлініп шығуы. Химиялық құбылыстар: Физикалық құбылыстар: Бағалау критерийлері. Оқушылар:
Жауабы: Химиялық құбылыстар: 3, 4, 6 Физикалық құбылыстар: 1, 2. 5 | Физикалық және химиялық құбылыстар Әртүрлі заттармен болатын өзгерістер физикалық және химиялық құбылыстар деп аталады. Мысалы, тау жыныстарының бұзылуы, суда әртүрлі тұздардың салынуы және олардың еруі. Биологиялық құбылыстар – тірі табиғат денелерімен болатын барлық құбылыстар | Видеосабақ физикалық және химиялық құбылыстар: https://www.youtube.com/watch?v=zXxBmWsWo80 Конспект физикалық және химиялық құбылыстар: https://uchitel.pro/%D1%84%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5-%D0%B8-%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5-%D1%8F%D0%B2%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F/ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ №4. Қоспалардың түрлері. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім 3.3.1.1 - Заттарды пайда болуы және агрегаттық күйі бойынша жіктеу; 4.3.1.1 - Заттардың қолдану шеңберін олардың қасиеттеріне байланысты анықтау; 4.3.1.3 – Қасиеттеріне сәйкес заттарды қолдану аймақтарын анықтау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты 5.3.2.2 қоспалардың түрлерін сипаттау және бөлу әдістерін ұсыну. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қысқаша шолу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында оқушылар ақпаратты (мәтіндік, графикалық) және алдыңғы білімдерін әр түрлі контексттер мен жағдайларда қолдану дағдыларын қалыптастырады. Негізделген тұжырымдарды интерпритациялау үшін ақпаратты талдау, алынған бақылаулар мен нәтижелерді түсіндіру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5.3.2.2 қоспалардың түрлерін сипаттау және бөлу әдістерін ұсыну. | Таза заттар және қоспалар. Қоспаларды бөлу әдістері | Қоспалардың түрлерін анықтау, оларды бөлу әдістерін ұсыну. |
Тапсырма – 1 Дұрыс және бұрыс тұжырымдарды анықта. 1. Су – таза зат; 2. Қоспалар біртекті және әртекті болады; 3. Темір сульфиді – таза зат; 4. Темір мен күкірт ұнтағы – таза зат Бағалау критерийлері. Оқушы:
Жауабы:1. Дұрыс.2. Дұрыс. 3. Дұрыс. 4. Бұрыс. Тапсырма 2 Мәтінді қажетті сөздермен толықтыр. Қоспадағы заттар өздерінің ............ сақтайды. Таза заттардың ........ тұрақты болады. Қоспалар: ........ және ...... болады. Агрегаттық күйге қарай қоспалар ......., .......... және ........ болады. Кілттік сөздер: сұйық, біртекті, газ тәріздес, әртекті, қасиеттерін, құрамы, қатты Жауабы: Қоспадағы заттар өздерінің қасиеттерін сақтайды. Таза заттардың құрамы тұрақты болады. Қоспалар: біртекті және әртекті болады. Агрегаттық күйге қарай қоспалар сұйық, қатты және газ тәріздес болады. Бағалау критерийлері. Оқушылар:
Тапсырма 3 Таза заттар мен қоспаларды мысалдарымен сәйкестендір: 1.Су, аз тұзы, құм А. Қоспалар 2. Ауа, гранит, табиғи газ В. Таза заттар Бағалау критерийлері. Оқушы:
Жауабы:
Тапсырма 4 «Дұрыс немесе бұрыс» тұжырымдарды анықта: Табиғи қоспаларға жатады: 1. Тау жыныстары 2. Табиғи газ 3. Жеміс шырындары 4. Ағаш пен темір үгінділерінің қоспасы Бағалау критерийлері:
Жауабы:1. Дұрыс 2. Дұрыс. 3. Дұрыс. 4. Бұрыс. Тапсырма 5: Таза заттар мен қоспаларды анықтап, кестені толтыр.
Бағалау критерийлері. Оқушы:
Жауабы:
Тапсырма 6 Терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендір.
Бағалау критерийлері. Оқушы:
Жауабы:
Тапсырма 7 Ағаш және темір үгінділерден құралған қоспаны бөлу әдісін анықта. 1. Тұндыру 2. Фильтрлеу 3. Магниттеу 4. Суалту Бағалау критерийлері. Оқушы: Берілген қоспаларды бөлу әдістерін дұрыс анықтайды Жауабы: 1, 3 Тапсырма 8 Берілген суретке қарап, қоспаны бөлу әдісін анықта: [pic 16] А. Тұндыру В. Фильтрлеу С. Дистильдеу D. Суалту Бағалау критерийлері. Оқушы: Қоспаны бөлу әдісін дұрыс анықтайды Жауабы: В- фильтрлеу Тапсырма 9 Қоспаларды оларды бөлу әдістерімен сәйкестендір:
Бағалау критерийлері. Оқушы: Қоспалар түрімен оларды бөліп алу әдістерін дұрыс сәйкестендіреді. Жауабы: 1 – В 2 – С 3 - А Тапсырма10 Тұз бен құмды бөліп алу әдісіндегі іс – әрекеттердің дұрыс реттілігін анықта: 1.қоспаны фильтрлеу; 2.фильтрлеу құрылғысын жинау (фильтр қағазынан фильтр кесіп алып, құйғының өлшеміне келтіру); 3.құм мен тұздың қоспасын суда еріту; 4.фильтратты фарфор табақшаға құю; 5. ерітіндіні суалту Бағалау критерийлері. Оқушы: Іс – әрекеттердің дұрыс реттілігін көрсетеді. Жауабы:3→2→1→4→5 | Мұғалім оқушаларға түрлі таза заттар мен қоспалар бар суреттерді көрсете алады. Мұғалім сонымен қатар, видеоролик көрсетуді ұйымдастыра алады және теориялық ресурстарды оқыта алады. Теориялық ресурсты оқу үшін оқушыларға белгілі бір уақыт ұсынылады, сол уақыт ішінде оқушылар өздеріне жазбалар жасайды (жазады, түрлі түсті түстермен белгілейді және т.б.) Ауызша комментарийлерді қалыптастыру үшін мұғалім дұрыс/дұрыс емес жауап берген оқушыдан оның жауабын түсіндіруін, неліктен бұл жауап нұсқасын таңдағанын дәлелдеуді сұрауы мүмкін. | Теориялық материал: https://www.yaklass.ru/p/himija/8-klass/pervonachalnye-khimicheskie-poniatiia-i-teoreticheskie-predstavleniia-15840/chistye-veshchestva-i-ikh-smesi-15564/re-8057cff8-c56d-4b4c-b004-493efa62d71b Теориялық материал: https://poznayka.org/s91704t1.html Видеоресурс: https://www.youtube.com/watch?v=bzlLeGvEOpI Практикалық жұмыс: https://uchitelya.com/himiya/146109-prakticheskaya-rabota-ochistka-zagryaznennoy-povarennoy-soli-8-klass.html |
...