Сандық талдау әдістері
Автор: gulzinatsz • Март 2, 2022 • Реферат • 2,201 Слов (9 Страниц) • 852 Просмотры
Мазмұны
КІРІСПЕ......................................................................................................... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................... 4
Сандық талдаудың жалпы сипаттамасы.......................................... 4
Сандық талдау әдістері...................................................................... 5
Гравиметриялық талдау әдісі............................................................ 5
Титриметриялық талдау әдісі............................................................ 8
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................. 13
ГЛОССАРИЙ............................................................................................... 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................... 15
КІРІСПЕ
Сандық анализ пәнi дегенiмiз – заттың сандық құрамын анықтайтын әдiстердi оқу.
Сандық анализдiң мiндетi – зерттелетiн заттың құрамына кiретiн элементтердiң, иондар немесе химиялық қосылыстардың сандық мөлшерiн анықтау. Заттың құрамдас бөлiктерiн сандық анализдеудiң негiзiнде үш түрлi химиялық реакцияның типтерi: қышқылдық-негiздiк, тотығу-тотықсыздану және комплекс түзу реакциялары қолданылады. Заттың сандық құрамын анықтаудың шикiзат пен дайын өнiмнiң сапасын бағалауда, өнеркәсiптiң әр түрлi саласындағы технолологиялық процестердi бақылауда және геохимия, экология, биология, медицина т.б. ғылымдардың проблемаларын шешуде атқаратын маңызы орасан зор.
Сандық анализдiң негiзгi әдiстерiне гравиметриялық (салмақтық анализ) және титриметриялық (көлемдiк анализ) жатады. Гравиметриялық анализ зерттелетiн заттан реакция нәтижесiнде пайда болған өнiмдi дәл өлшеуге негiзделген. Титриметриялық анализ зерттелетiн заттың белгiлi бiр мөлшерiмен реакцияға түсетiн заттың ерiтiндiсiнiң көлемiн өлшеуге негiзделген. Титрлеудiң соңғы нүктесiн ерiтiндiнiң түсiнiң өзгеруiне байланысты анықтайтын визуальды әдiстерден (классикалық әдiстер) басқа аналитикалық практикада физика-химиялық әдiстер де кеңiнен қолданылады. Оның iшiнде электрохимиялық және спектроскопиялық әдiстердiң ғылыми лабораториялар мен өнеркәсiпте жоғары дәлдiкпен сериялық анализдер жасау үшiн, сонымен қатар өндiрiстiк бақылауды автоматтандыру және технологиялық процестердi бақылау iсiнде атқаратын орны ерекше [1].
Сандық талдаудың жалпы сипаттамасы
Сандық талдау – заттың мөлшерлік құрамын анықтауға мүмкіндік туғызатын әдіс.
Оның негізгі мақсаты – талданатын заттың құрамына кіретін әр түрлі компоненттердің мөлшерін, сондай-ақ талданатын қоспаның құрам бөліктерінің мөлшерлік ара-қатынасын анықтау болып табылады.
Сандық талдау әдісінің көмегімен көптеген мәселелер шешіледі, олардың негізгілері мыналар:
Заттардың атомдық, мольдік және эквиваленттік массаларын анықтайды.
Зерттелетін затта оның құрам бөліктері қандай ара қатынаста болатынын табады.
Зерттелетін заттар құрамына кіретін иондар мен молекулалардың, элементтердің мөлшерін анықтайды.
Сандық талдау әдісінің нәтижелері массалық үлеспен бір литр ерітіндідегі моль санымен, 1кг еріткіштегі моль санымен көрсетіледі.
Сандық талдау әдісін химиялық, сондай-ақ құралдық әдіспен орындайды.
Талдаудың химиялық әдістеріне гравиметриялық және титриметриялық (қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсыздану, комплексонометрлік, тұндыра титрлеу) әдістері кіреді.
Гравиметриялық әдіс – анықталатын заттың құрамдас бөлігінің массасын дәл өлшеуге негізделген сандық талдау әдісі. Гравиметрия әдісі құрам тұрақтылық, зат массасының сақталу заңдарына және эквиваленттер заңына негізделген.
Титриметриялық талдау – анықталатын заттың берілген мөлшерімен әрекеттесуге
...