Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Күрделі электр тізбектерін талдау әдістері

Автор:   •  Сентябрь 18, 2023  •  Реферат  •  3,702 Слов (15 Страниц)  •  121 Просмотры

Страница 1 из 15

[pic 1]

                                 Инженерлік пәндер кафедрасы

  РЕФЕРАТ

                         Күрделі электр тізбектерін талдау әдістері

                                                                                     Орындаған Қалдыбек Д.

                                                                                     Тобы ФӨТҚ(Б)-01-22

                                                                                     Қабылдаған Даулетбаева Д.

                                                Шымкент-2023

                                       Жоспар

Кіріспе..................................................................................................................3

1. Кирхгоф заңдарын қолдануға негізделген әдіс............................................4

2. Түйінді потенциалдар әдісі (екі түйін әдісі).................................................6

3. Контурлық токтар әдісі...................................................................................9

4. Балама генератор әдісі....................................................................................11

5. Беттестіру әдісі................................................................................................12

Қорытынды..........................................................................................................14

Пайдаланған әдебиет..........................................................................................15

Кіріспе

Қазіргі заманғы байланыс жүйелері мен тораптары радиотехника, электроника және есептеу техникасы саласындағы ең соңғы жетістіктерге негізделген. Мысалы, электр тізбектерін жатқызуға болады.

Электр тізбегі – электр тоғының жүруіне арналған және ондағы электрмагниттік үрдістер ток, кернеу, электр қозғаушы күш түсінігімен сипатталатын құрылғылардың жиынтығы. Электр тізбектері қарапайым және күрделі, тармақталмаған және тармақталған тізбектер болып бөлінеді. Бірақ бүгін тұрақты токтың күрделі электр тізбектерінің  әдістерін қарастырамыз. Мыналар жатады:

1. Кирхгоф заңдарын қолдануға негізделген әдіс;

2. түйіндік потенциалдар әдісі;

3. контурлық токтар әдісі;

4. беттестіру әдісі;

5. балама генератор әдісі.

                                                           3

1. Кирхгоф заңдарын қолдануға негізделген әдіс

Кирхгоф заңдарының көмегімен күрделі электр тізбегін есептеу келесідей ретпен жүргізіледі:

а) тармақтардағы токтардың оң бағыттары өз қалауымызша таңдалады;

б) контурды айналу бағыты өз қалауымызша таңдалады, сағат тілінің бағыты бойынша немесе оған қарсы бағыт;

в) Кирхгофтың бірінші және екінші заңдары бойынша теңдеулерді құрастырады;

г) алынған теңдеулер жүйесін белгісіз токтарға қатысты шешеді. Төмендеғі 1-ші суретте көрсетілген электр тізбегінің сұлбасының төрт түйіні nm = 4 және алты тармағы nmар = 6 бар.

[pic 2]

                     1 – ші сурет - Күрделі электр тізбегінің сұлбасы

Кирхгофтың бірінші заңы бойынша тәуелсіз теңдеулер саны үшке тең: nm −1= 3 , ал Кирхгофтың екінші заңы бойынша құрылатын тәуелсіз теңдеулер саны да үшке тең: nmар – nm +1= 3 . Теңдеулердің жалпы саны сұлбадағы белгісіз токтардың санына тең: n = 6

Кирхгоф заңдары бойынша сызықтық тәуелсіз теңдеулер жүйесі:

[pic 3]

                                                            4

Бұл теңдеулер жүйесін шеше отырып, I1 ,I2 ,I3 ,I4 ,I5 ,I6 токтарды табады. Егер жүйені шешу кезінде токтардың кейбір мәндері "минус" белгісімен алынатын болса, онда бұл токтардың бағыттары сұлбада көрсетілген бағыттарға кері екенін білдіреді.

Күрделі электр тізбектерін есептеу үшін Кирхгоф заңдарын қолданудың кемшілігі - көп теңдеулерден тұратын жүйені шешу көп еңбекті қажет ететіндігінде. Алайда, бұл қиындықтарды Маthcad бағдарламалық пакетін қолдану арқылы болдырмауға болады.

 

                                                          5

2. Түйінді потенциалдар әдісі (екі түйін әдісі)

Түйіндік потенциалдар әдісінде белгісіздер ретінде сұлбаның түйіндерінің потенциалдары қабылданады. Әдіс Кирхгофтың бірінші заңына негізделген. Түйіндердің бірінің потенциалы нөлге тең деп қабылданады, оны шартты түрде жермен қосады (жерлестіреді). Бұл түйін базистік немесе тірек түйін деп аталады. Барлық қалған түйіндердің потенциалдары үшін теңдеулер құрайды. Теңдеулердің жүйесін шешіп, түйіндердің потенциалдарын анықтайды. Содан кейін Ом заңы бойынша тармақтардың токтарын анықтайды. Түйіндік потенциалдар әдісі бойынша құрылатын теңдеулер саны: nm −1.

...

Скачать:   txt (22.9 Kb)   pdf (525.1 Kb)   docx (346 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club