Макроэкономиканың талдау әдістері
Автор: qazynnaduisek • Сентябрь 10, 2021 • Контрольная работа • 1,319 Слов (6 Страниц) • 590 Просмотры
1-ші тақырып. Макроэкономика пәні және әдістері
(2 сағат)
Талдау сұрақтары:
1.Макроэкономиканың талдау әдістері
Макроэкономикалық талдаудың жалпы әдістері мен принциптеріне мыналар жатады:
- абстракциялау (экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу және түсіндіру үшін үлгілерді қолдану);
- индукция мен дедукция әдістерінің үйлесімділігі;
- нормативтік және позитивтік талдаудың үйлесімділігі;
- «әртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану;
- экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар және т.б..
Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі – ол агрегаттау болып табылады.
2.Макроэкономикалық үлгілер.
Макроэкономикалық үлгілер дегеніміз әр түрлі экономикалық құбылыстар мен процестердің өзара байланысын анықтау, оларды логикалық, сызбалық, математикалық, алгебралық түрде бейнелеу.
3. Айналым ағындарының үлгісі.
Айналым ағындарының үлгісі экономикалық агенттер мінез-құлықтарының ең таралған сипаттарын табу, бірыңғай көрсеткішке біріктіру және экономикалық нарықтар қызметінің ең маңызды заңдылықтарын табу макроэкономикалық өзара қатынастарды агрегаттауға мүмкіндік береді, яғни макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттердің мінез-құлық заңдылықтарын зерттеуге. Бұл өнімнің, шығындар мен табыстар айналым сызбасын салудың көмегімен жасалады
4. «Корлар мен ағындар» үлгісі. «Ағу-алып тастау» және «инъекция-құйылу»
Қорлар мен ағындар үлгілері -макроэкономикалық ауыспалылардың маңызды ерекшелігі . Ағын – ол белгіленген мерзім ішіндегі сан. Қор – уақыттың белгіленген сәтіне келетін сан, яғни белгіленген уақытқа (мысалы, 2000 жылдың 1 қаңтарына)
«Ағу» және «инъекция (құю)» Құйылу дегенге шығындар ағынын, демек, табыстар ағынын да көбейтетіндердің бәрі жатады (тұтыну шығындарын санамағанда, олар не құйылуға, не алуға (алып тастауға) жатпайды). Ағу (алып тастау) – ол шығындардың, демек, табыстардың да ағынын қысқартатындардың бәрі жатады
Тест сұрақтары
1. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктеріне жатады:
А) Сызбалар құру.
В) Үлгілер құру.
С) Маржиналдық талдау.
D) Ақпараттарды агрегаттау.
Е) Функционалдық талдау.
2. Экзогенді айнымалыларға төмендегілерді жатқызуға болады:
А) Инфляция деңгейі, жұмыссыздық.
В) Салық мөлшерлемесі, ақша жиынын өзгерту және мемлекеттік шығындар.
С) Валюта бағамы, пайыз мөлшерлемесінің деңгейі
D) Еңбек өнімділігі және еңбекақы.
Е) Икемділік коэфиценті.
3. Макроэкономика қандай мәселелерді зерттейді:
A) Жеке тауарлар мен қызметтерге бағаның құрылуын..
B) Экономикадағы нақты және ақша нарықтарының өзара байланысын.
C) Ресурстардың тиімді бөлінуін.
D) Еңбек нарығында жалақының құрылуын.
E) Кәсіпорындардың экономикасын
4. Төмендегілердің қайсысы «ағын» көрсеткішіне жатады:
А) Жиналған байлық.
В) Тұтынушы мүлкі.
С) Индивидтің жинақ қоры.
D) Тұтыну шығындары.
Е) Мемлекеттік қарыз.
5. Қор өзгермелілеріне жатады:
А) Тұтынушылық шығындар.
В) Бір жылдағы инвестицияның көлемі.
С) Салым үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі.
D) Бір айдағы жұмыссыздар саны.
Е) Мемлекеттік қарыз.
6.Төмендегілердің қайсысы макроэкономиканың пәні ретінде қарастырылмайды:
A) Мемлекеттің салық саясаты..
B) Экономикалық өсу қарқыны.
C) Инфляция деңгейі.
D) Компьютер бағасы.
E) Бюджет тапшылығы.
7. Макроэкономикалық үлгілер:
А) Экономика немесе саясаттың ең тиімді құралы болып табылады..
В) Қандай да бір ұлттық экономикаға тән көрсеткіш.
С) Әр түрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстардың қарапайым бейнесін көрсетеді.
D) Макроэкономикалық зерттеу жүргізгенде нақты өмірдің барлық жақтарына тек жалғыз ғана дұрыс жауап береді .
...