Натрий хлоридінен улану
Автор: Ainur033 • Ноябрь 23, 2023 • Курсовая работа • 5,177 Слов (21 Страниц) • 160 Просмотры
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті[pic 1]
"Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы" институты
"Ветеринария және биоқауіпсіздік" жоғары мектебі
«Жануарлар патологиясы » пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: " Натрий хлоридінен улану "
Орындаған: ВТ-31 тобының студенті Агайдарова А.А.
Қабылдаған: PhD докторы, доцент м.а. Монтаева Н.С.
Орал 2022 ж
Мазмұны:
Кіріспе |
I.Пато-анатомиялық жарып сою мәжіліс хаты |
1.1.Диагноздеу жағдайы талдау |
II.Негізгі бөлім |
2.1.Аурудың сипаттамасы мен мағынасы |
2.2.Ауру этиологиясы |
2.3.Ауру патогенезі |
2.4.Клиникалық және анатомиялық сипаттама |
2.5. Ұқсас аурулардан дифференциалды диагноздеу |
III. Қорытынды |
IV.Қолданылған әдебиеттер |
Кіріспе
Патология- ауруды және оның пайда болуы мен даму заңдылығын зерттейтін ғылым. Патология грек тілінен аударып қарағанда pathos – ауру деген мағынаны білдірсе, logos - білім деген мағынаны білдіреді. Патология-аурулардын әртүрлі аспектілерін зерттейтін іргелі медицинаның кең саласы, оларға:
1. пайда болу себептері (этиологиясы) жатады
2. даму механизмдері (патогенезі) жатады
3.аурудың даму динамикасындағы морфологиялық өзгерістер (морфогенез) жатады
4. аурудың әртүрлі нәтижелері, оның ішінде сауығу және оның механизмдері
(саногенез) жатады
5. аурудың ықтимал асқынулары жатады
6. аурулардың өзгермелілігі (патоморфоз), оның ішінде емдеуге байланысты
(емдік патоморфоз) жатады
7. өлім және өлім механизмдері (танатогенез) жатады
Малдардың арасында кездесетін аурулар жұқпалы емес аурулар екені белгілі жағдай. Төлдерде жиі кездесетін аурулар ең бастысы аналвқ малдарды буаз кезінде дұрыс күтіп – бағуды қарастырмағандықтан, туылған кезінде уыз сүтін уақытында бермегендіктен болатындығы ғылыми түрде зерттелген. Болашақ төл беретін және де өнім беретін аналық малдардың дұрыс қоңды болуы олалды құнарлы азықпен дұрыс азықтандыруға байланысты. Қоңды, дұрыс жетілген мал мол өнім, дені сау төл берері айдан анық.Малдары күтіп-бағу, қадағалау ереже, міндеттері қарапайым өмірде сақталмай жатады. Барлық жайтты біле тұра сақтауға мүмкіншілік болмайды. Осындай жағдайлар малдың, төлдердің әр түрлі ауруларына әкеліп соқтырады. Осы себептер организмде толық тотығып – тотықсызданып үлгермей улы заттар жиналады. Улы заттар организмде көп мөлшерде жиналған кезде, организмде зат алмасу процесттері бұзылады. Осындай малдағы өзгерістеріне мал иелері және мамандары дұрыс, анық көңіл аударса, олардың еңбектері екі еселеніп, мал өлу жағдайлары болмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты.
Менің курстық жұмысты жазуымның мақсаты: натрий хлоридімен ( ас тұзы) улануды зерттеу. Мал қалай уланып қалады? Қандай жағдайда улануы мүмкін? Мал организіміне ол қалай сіңеді? Оның алдын – алуға, емдеу шараларын жасауға боладыма? Міне осы сұрақтардың жауабын шешу мақсатында
Курстық жұмыстың міндеті.
- Малдың натрий хлоридімен(ас тұзымен) улануын зерттеу;
- Уланулардың диагностикасымен танысу;
- Патологиялық – анатомиялық өзгерістерін зерттеу;
- Алдын – алу шараларын жүргізу, басқа аурулардан ажырату;
- Натрий хлоридімен (ас тұзымен) уланған малға клиникалық баға беру.
I.Пато-анатомиялық жарып сою мәжіліс хаты
Натрий хлоридінен улану салдарынан өлген төлді жарып-сою
ХАТТАМАСЫ
Жәңгір хан атындағы Батыс
Қазақстан аграрлық техникалық
...