Медициналық және фармацевтикалық тауарлар ассортименті
Автор: Aidana.020330600 • Май 8, 2021 • Контрольная работа • 1,870 Слов (8 Страниц) • 1,176 Просмотры
1)Дәріханалық ұйымның өндірістік ассортиментінің түрлері
Дәріханалық ұйымның ассортимент құрылымын қалыптастыру оны тұрғындардың және денсаулық сақтау ұйымдарының сұранысы бойынша толықтыру мен жаңартуды қамтиды, сондай-ақ жаңа тиімді дәрілік заттарды енгізу мен ескірген, тиімділі төмендеген, жанама әсерлері көп дәрілік заттарды Мемлекеттік Реестрден алып тастау болып табылады.
Дәріханалық ұйымдар тұрғындарға дәрілік заттарды қабылдауға дайын күйінде босатулары керек.Дәріханалық ұйымдарға тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік көмектің сапасын қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың минималды ассортиметін үнемі сақтау міндеттелінеді. Дәрі-дәрмектердің дәріханалық ұйымдардағы болуы керек минималды ассортименттерінің тізімі ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітіледі.Дәріхананың негізгі міндеті – тұрғындарды және дәрі-дәрмектермен қамтуға бекітілген емдеу-профилактикалық, басқа да мекемелерді дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, фармацевтикалық және парафармацевтикалық тауарлармен уақытында, сапалы түрде үзіліссіз қамтамасыз ету.Тұрғындарды қамту дәріханалары келесі қызметтерді атқарады:логистикалық (дәрі-дәрмектік тауарларын қорын қабылдау, сақтау және басқару);өндірістік (дәріханаға келген рецептерді қабылдау, рецептер мен ЕПМ сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындау, дайындалған дәрілердің сапасын бақылау, дайындалған дәрілік формаларды безендіру және босату);ақпараттық (тұрғындарды және ЕПМ дәрігерлерін, басқа да медициналық қызметкерлерін дәрілік заттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету);маркетингтік (дәрілік заттардың сұранысын, ұсынысын және ассортименттік, баға саясаттарын қалыптастыру);әлеуметтік (дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды ақысыз және жеңілдетілген бағамен босату);медициналық (қажеттілігіне қарай алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмектерді көрсету, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу);Дәріханалар фармацевтикалық қызметтерінің түрлері мен жұмыс 2005 жылғы 26 қаңтардағы №65 Қаулысымен бекітілген «Дәріханалардың, дәріханалық қоймалардың құрылымын және категорияларын анықтау Ережесіне» сәйкес үш категорияларға бөлінеді.1 категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатқызылады:негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізіміне кіретін дәрілік заттарды, есірткілік әсері бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды, оның ішінде асептикалық және стерилдік дәрілерді жасауды жүзеге асыратын дәріханалар.ІІ категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатады:негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізімінің 70%-ен аз емес және есірткілік әсері бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;
2)Өндірістік және коммерциялық ассортименттің айырмашылығы неде?
Ассортимент – бір-бірінен типтері, мӛлшері, дозасы және басқа да белгілері бойынша ерекшеленетін белгілі бір тауарлар тобының құрамы және қатынасы.Ассортимент екі түрлі болады: ӛнеркәсіптік және саудалық.Өнеркәсіптік ассортимент - ӛнеркәсіптің әртүрлі салаларының кәсіпорындары шығаратын тауарлардың жиынтығы.Тауартануда ӛнеркәсіптік ассортименттің ӛзі келесілерді бӛледі:саланың өнеркәсіптік ассортименті - бір саланың кәсіпорындары шығаратын тауарлар жиынтығы;регионның өнеркәсіптік ассортименті – облыс, өлке, қала, аудан кәсіпорындары шығаратын тауарлардың жиынтығы;кәсіпорынның өнеркәсіптік ассортименті – бір кәсіпорын шығаратын тауарлар жиынтығы.Саудалық ассортименті
...