Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кортикостероидтар. Биологиялық маңызы

Автор:   •  Сентябрь 11, 2019  •  Реферат  •  2,273 Слов (10 Страниц)  •  1,100 Просмотры

Страница 1 из 10

Оңтүстік Қазақстан  Медицина  Академиясы

 Химиялық  пәндер  кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Кортикостероидтар. Биологиялық маңызы.

Орындаған: Қайпбекова Ж.

Тобы: В-ФҚБ-01-17 

Қабылдаған: х.ғ.к.,профессор м.а.  Алиханова  Х.Б.

Шымкент – 2019ж.

Мазмұны

  • Кіріспе
  • Негізгі  бөлім
  • Стероидты  гормондар
  • Кортикостероидтар  
  • Глюкортикоидтер
  • Минералкортикоидтер
  • Қорытынды  
  • Пайдаланылған  әдебиеттер

Кіріспе

      Стероидтар дегеніміз  –  жалпы  құрамында  циклопентанпергидрофенантрен  болатын  табиғи  сортты  биологиялық  белсенді  қосылыстар  класы  болып  табылады. Стеранның ( гонанның, циклопентанпергидрофентреннің )  қалдықтары, кеңірек  айтқанда, фенантреннің, сонымен қатар,  циклопентанның  толығымен   сутекпенен  қанығып, еселенген  жүйелері   стероидтардың  негізіне  жатады.    

      Негізінен,  стероидтардың  қатарын  мынадай   топтарға  жіктеуімізге  болады екен:

  1. Стериндер;
  2. Өт  қышқылдары;
  3. Стероидты  гормондар;
  4. Жүрек гликозидтерінің  агликондары;
  5. Стероидты  сапониндердің  агликондары  секілді  басқа  да  топтары  бар.

[pic 1]

Стероидты   гормондар  -  ол  адам  ағзасымен  өндірілетін  және  тіршілік  әрекетінің  көптеген  процестеріне  әсер  ететін  биологиялық  белсенді  заттардың   тобы.Қалыпты  жағдайда  сау  организм  өз  бетімен  стероидтарды  синтездейді,  ол  өз  қажеттілігін  толығымен  қамтамасыз  етеді.Бірақ  кейбір  жағдайларда  өндірілетін  гормондардың  саны  жеткіліксіз  немесе  шамадан  тыс  болуы  мүмкін. Сонда  қалыпты  шеңберде  адамның  өмір  сүруін  қамтамасыз  ету  үшін   дәрі-дәрмектік  түзету  қажет.

            Ағзада  стероидты  гормондар  холестериннен  ішкі  секреция  бездерінде  синтезделген, атап  айтқанда:

  • Бүйрек  үсті  қабығында;
  • Тұқымдарда(Лейдига  жасушаларында);
  • Аналық  бездердің  фолликулярлы  жасушаларында;
  • Плацентада;

Бұл  заттар  жоғары  липофильдікке  ие, соның  арқасында  қанға  жасушалық  мембраналар  арқылы  кедергісіз  өтеді және  нысан – жасушаларды  іздеуге  жіберіледі. Әр  түрлі  бездерде  өндірілген  стероидтар  өз  мақсаты бар  және  адам  ағзасындағы  әртүрлі  функцияларға  жауап  береді.

  • Кортикостероидтер   бүйрек  үсті  кортексімен  жасалады. Бұл  глюкокортикоидтық  гормондар – кортизол, кортизон, кортикостерон. Сонымен  қатар,  минералды  кортикоид – деоксикортикостерон, альдостерон.
  • Эстрогендер, яғни  жыныстық  гормондар, негізінен  аналық  бездерде  өндіріледі. Бұл  эстрадиол, эстриол, эстрол, этинил  эстрадиол.
  • Андрогендер, жыныстық  гормондар  ерлерде  және  аздаған  мөлшерде  әйелдерде бүйрек  үсті  кортексінде  синтезделеді. Бұл  тестостерон(андроген), андростерон, андростедион, метилтестостерон.

Кортикостероидтар

        Қазіргі  уақытта  адамның  бүйрек  үсті безінің  қабық  заттарынан, шошқалар  мен бұқадан  50-ге  жуық  әртүрлі  қосылыстар  бөлініп, оларға «кортикоидтер»  немесе  «кортикостероидтар»  деген  жалпы  атау  берілген. Химиялық  табиғатына  қатысты  кортикостероидтарды  прегнан  туындысы  ретінде  қарауымызға  боладыКөптеген  жануарлардың  бүйрек  үсті  бездерінде  синтезделген  барлық  стероидтардың  жалпы  саны  100-ге  жақындап  келеді, бірақ  барлық  кортикостероидтар  белсенді емес.

...

Скачать:   txt (21.7 Kb)   pdf (396.5 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club