Компоненттердің биологиялық белсенділігі
Автор: KDZHMANSARIEV • Апрель 9, 2023 • Контрольная работа • 6,206 Слов (25 Страниц) • 157 Просмотры
Әдістемелік нұсқау | Н 2-1-31-2022 1 баспа 05.01.2022 | [pic 1] |
Әдістемелік нұсқау | Н 2-1-31-2021 1 баспа 05.01.2021 | [pic 2] |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
________ Матниязова Г.К.
/қолы/ /аты-жөні/
«_____» ____________2022 ж.
6B05314-«Химия» білім беру
бағдарламасы бойынша
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
пәнінен
зертханалық жұмысты орындауға
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тараз 2022
6B05314-«Химия» білім беру бағдарламасы бойынша Фармацевтикалық талдау пәнінен зертханалық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.
Әдістемелік нұсқауды құрастырушылар:
Нурлыбаева А.Н., PhD доктор, и.о. доцент______ _________
/аты-жөні, қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/ /қолы/
Әдістемелік нұсқау «Химия және химиялық технология» кафедрасының мәжілісінде талқыланды
Хаттама №__1___ «___27___»_____08____2022 ж.
№1 Зертханалық жұмыс. Компоненттердің биологиялық белсенділігі
Компонент аты | Сипаттамасы |
Тері илегіш заттар | Тері илегіш заттар – азотсыз ароматикалық қосылыстар. Полифенолдар, флавоноидтар және танниндерден тұрады. Тері илегіш заттар жара жазатын, қабынуға қарсы, ісікке қарсы, қан тоқтататын және бактерицидті қасиеттері бар. |
Терпе-ноидтар | Терпеноидтар деп құрамы С10Н16 болатын және оның көптеген туындыларынан (спирттер, альдегидтер, кетондар, қышқылдар, тотықтар және т.б.). тұратын табиғи көмірсутектерді айтады. Терпеноидтар ауруды басатын, ісікке қасы, микробтарға қарсы, вирустарға қарсы, қабынуға қарсы қасиеттері бар. |
Е витамині | Е витамині (токоферолдар) ісікке қарсы, цистидке қарсы қасиеттері бар, антиоксиданттық белсенділікке ие, капилярлардың әлсіреуіне жол бермейді, атесклероздың пайда болуына, жүрек және сүйек бұлшықеттерінің бұзылуына жол бермейді. Теріні радикалдардың артық мөлшерінің әсерінен және асқын тотықтарының әсерінен қорғайды. |
РР витамині | РР витамині (никотин қышқылы) аллергияға қарсы, тамырларды кеңейтетін, қандағы липопротеиндердің мөлшерін қалпына келтіретін қасиеттері бар. Микроциркуляцияның корректоры болып табылады, ағзадағы холестириннің мөлшерін төмендетеді. |
Бетулин | Бетулин (Тритерпеноид) вирустарға қарсы, грибоктарға қарсы, ісікке қарсы, қабынуға қарсы, антиоксидантты, регенерациялық, теріні жұмсартатын, аллергияға қарсы қасиеттері бар. Терінің қартаю процесін тежейді. |
Гиперозид | Гиперозид жүректің және ми қантамырларындағы қан айналымды жақсартады, орталық жүйке жүйесінің қозуын және қан құрамындағы холестирин мөлшерін төмендетеді |
Флавон-гликозидтер | Флавонгликозидтер ауруды басатын, ісікке қарсы, бактерияларға қарсы, микробтарға қарсы, антиоксиданттық қасиеттері бар. Мидың қан айналу процестерін жақсартып, мидың тамырларын кеңейтеді. |
Кофеин | Кофеин жүйке жүйесінің стимуляторы болып табылады, энергетикалық алмасуды жақсартады, күш қуат береді. |
Кумарин | Кумариннің тырысқанға қарсы, ауруды басатын, антикоагулянтты қасиеттері бар. Мидың және перифериядағы қан айналымын жақсартып, жүрек жұмысын қалпына келтіреді. |
Флаво-ноидтар | құрамында екі фенилдік қалдықтар бар гамма-пирон сақинасымен қосылған органикалық зат. Флавоноидтар спазматикалық, бактерияларға қарсы, ісікке қарсы қасиеттері бар. Зәр шығару процестерін жақсартады. Нәзік және аллергияға төзімсіз тері клеткаларының қорғаныш қасиетін жоғарлатады. |
Гиперицин | Гиперицин ісікке қарсы, микробтарға қарсы, жара жазатын, қан тоқтататын, аллергияға қарсы және жалпы ағзаны қанықтыратын қасиеттері бар. |
Кароти-ноидтар | Каротиноидтар антиоксиданттық белсенділікке ие, жүрек қантамыр ауруларын емдеуде қолданылады, қартаю процесін тежейді, теріге радиациялық әсерді емдеуге қолданылады. |
Эсцин | Эсцин тері ұлпаларының зақымдануға әсерін төмендетеді, тамырлардың қанға толу процесін жылдамдатады, қанның тұтқырлығын төмендетеді. |
Ретинол | Ретинол (А витамині) жара жазу процесін жылдамдатады және сүйектердің қалыпты өсуіне жақсы әсер етеді. Ретинол – тері, шаш және тырнақ жаңаруының негізгі компоненті болып табылады. |
Лактондар | Лактондар ісікке қарсы белсенді әсер етеді, қан құрамын жақсартып, ағзаның жарыққа сезімталдығын азайтады. |
Капсаицин | Капсаицин жергілікті жазғыш, жалпы ауқат беретін қасиеті бар, ұлпалардың өсу процесін жылдамдатады. |
Пиперин | Пиперин ағзаның тағамға тәбетін жоғарлатады. Тамақ өнеркәсібінде ет өнімдерін, көк-өніс және балық консерванттарын жасауда қолданылады. |
Полипре-нолдар | Полипренолдар ісікке қарсы, иммунитетті нығайтатын, ашық жараға қарсы қасиеттері бар. |
Азулен | Азулен аллергияға қарсы, ісікке қарсы, қабынуға қарсы, антисептикалық, ауруды қойдыратын және жазатын қасиеттері бар. |
Глико-зидтер | агликон мен көмірсу өзара байланысқан органикалық заттар, олар 3 түрге бөлінеді: О-гликозидтер, С-гликозидтер және ацилдеуші О-гликозидтер.Гликозидтер антиоксидантты, бактерияларға қарсы, қабынуға қарсы, тыныштандыратын қасиеттері бар. |
Дитерпенді фенолдар | Дитерпенді фенолдар айқын байқалатын антиоксидантты қасиетке ие. |
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САНДЫҚ САРАПТАУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ.
...