Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Друк-сүзгіні есептеу

Автор:   •  Февраль 5, 2026  •  Реферат  •  902 Слов (4 Страниц)  •  7 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1]

«Инженерлік пәндер» кафедрасы

ЖОБА

Тақырыбы: Друк-сүзгіні есептеу

        Орындаған: Бауыржанқызы М.

        Топ: ФӨТҚБ-01-24

        Қабылдаған: Орымбетова Г. Э.

Шымкент-2026 ж.

Мазмұны

Анықтамалар

Кіріспе

1. Аналитикалық шолу

2. Өндірістің дайын өнімнің сипаттамасы

3. Өндірістің технологиялық сипаттамасы

4. Конструктивті материалдарды таңдау

5. Құрал-жабдықтардың негізгі өлшемдерін есептеу

6. Құрылғы конструкциясының сипаттамасы

Қорытынды

        

Анықтамалар

Сүзу — сұйықтар мен газдарды қатты бөлшектерден немесе қоспалардан тазартуға арналған құрылғы немесе сүзгі материалы.

Друк-фильтр — фармацевтикалық өндірісте сұйық дәрілік заттарды механикалық қоспалардан тазарту үшін қысым күшімен жұмыс істейтін фильтрациялық аппарат.

Қысыммен сүзу — сұйық немесе суспензияны сүзгі материалы арқылы сырттан берілген қысым әсерімен бөлу процесі.

Суспензия — сұйық ортада ерімейтін қатты бөлшектер таралған гетерогенді жүйе.

Сүзгі материалы — сұйықтан қатты бөлшектерді ұстап қалуға арналған кеуекті материал.

Фильтрат — сүзу нәтижесінде сүзгі материалынан өткен тазартылған сұйық.

Сүзгі тұнбасы — сүзу кезінде сүзгі бетінде жиналған қатты бөлшектер қабаты.

Сүзі жылдамдығы — бірлік уақыт ішінде сүзгі арқылы өткен фильтрат көлемі.

Сүзгі бетінің ауданы — сүзу процесі жүретін сүзгі материалының жұмыс беті.

Сүзу уақыты — берілген көлемдегі суспензияны сүзуге кеткен уақыт.

Фильтрация коэффициенті — сүзу процесінің қарқындылығын сипаттайтын, сүзгі арқылы өтетін сұйық мөлшерінің қысымға, уақытқа және сүзгі бетіне тәуелділігін көрсететін шама.

Сығылмалы тұнба — қысым артқан сайын тығыздалып, сүзуге кедергісі өсетін тұнба.

Сығылмайтын тұнба — қысым өзгергенде құрылымы мен кедергісі айтарлықтай өзгермейтін тұнба.

Фильтраттың тазалық дәрежесі — фильтраттағы қатты бөлшектер мен қоспалардың қалдық мөлшерін сипаттайтын көрсеткіш.

Сүзгі матасының регенерациясы — сүзгі материалын жиналған тұнбадан тазалап, бастапқы сүзгілеу қабілетін қалпына келтіру процесі.

Аппараттың өнімділігі — бірлік уақыт ішінде аппарат арқылы өңделетін сұйық көлемі.

Сүзгі элементі — сүзу процесін тікелей жүзеге асыратын фильтрдің негізгі жұмыс бөлігі.

Өнімділік – белгілі бір уақыт ішінде сүзгі арқылы өткен сұйықтық көлемі.

Аналитикалық шолу

Өсімдік экстракттарын тазалауда друк-сүзгілерді қолдану

Өсімдік текті шикізаттан алынатын экстракттарды өңдеу барысында тазалау және айқындау кезеңі маңызды технологиялық саты болып табылады. Экстракция нәтижесінде алынған сұйық жүйелер көп жағдайда қатты бөлшектерден, өсімдік талшықтарынан және тұнбалардан тұратын дисперсті жүйе күйінде болады. Мұндай қоспалар экстракттың сапасын төмендетіп, әрі қарай өңдеу процестерінің тиімділігіне кері әсер етуі мүмкін.

Осы мәселелерді шешу үшін өнеркәсіпте әртүрлі сүзу әдістері қолданылады, олардың ішінде қысыммен жұмыс істейтін друк-сүзгілер (сүзгі-престер) кеңінен таралған. Ғылыми-техникалық әдебиеттерде друк-сүзгілер өсімдік экстракттарын механикалық қоспалардан бөлуге арналған сенімді және тиімді аппарат ретінде сипатталады. Бұл құрылғылар сүзгілеу процесін қысымның әсерімен жүргізу арқылы жоғары айқындау дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

...

Скачать:   txt (14.1 Kb)   pdf (167.3 Kb)   docx (243.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club