Атомдар. Атомдық масса. Салыстырмалы атомдық масса
Автор: amangeldinovayau • Сентябрь 27, 2023 • Лекция • 1,177 Слов (5 Страниц) • 210 Просмотры
1-тақырып. Атомдар. Атомдық масса. Салыстырмалы атомдық масса.
Молекулалар –заттың қасиеттері мен құрамы сақталатын ұсақ (бөлінетін) бөлшектер. Молекулалар атомдарға ыдырайды.
Атомдар –заттың химиялық бөлінбейтін ұсақ бөлшектері. Атомдар қзара бірігіп молекула түзеді.
Н2О- молекула, Н2- сутектің екі атомы, О- оттектің бір атомы.
[pic 1]
Атомдардың белгілі бір түрі химиялық элемент деп аталады. Бүгінгі күні химиялық элементтердің 116 түрі белгілі.
Химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы (Аr) –элементтің атомдық массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасын айтады.
[pic 2]Алғаш атом моделін 1911 ж. Э. Резерфорд жасаған. Атом оң зарядталған ядродан және оны айнала қозғалатын теріс зарядталған электроннан тұрады. Ядро протон мен нейтрон деп аталатын бөлшектерден тұрады. Атом ядросын құрайтын протондар мен нейтрондар бірге нуклондар деп аталады.
Элемент атомының ядросындағы нуклондардың саны элементтің салыстырмалы атомдық массасының сан мәніне тең. Мысалы:
Аг (сутек) 1; яғни 1 нуклон Аг (көміртек) 12; яғни 12 нуклон[pic 3][pic 4]
Протон оң зарядты, массасы сутек атомының массасына тең, яғни 1-ге. Протон немесе (р+) деп таңбаланады.[pic 5]
Нейтрондардың заряды жоқ, электробейтарап, массалары протон массасына тең, яғни 1-ге. Нейтрон немесе (n0) деп таңбаланады.[pic 6]
Протондар мен нейтрондардың (нуклондардың) қосындысы массалық саны деп аталып, А әріпімен белгіленеді.
А Z + N , Z –протон саны , N –нейтрон саны.[pic 7]
Мысалы, көміртек атомы : [pic 8]
6 протон + 6 нейтрон (массалық сан).[pic 9]
Электрондардың заряды (-1 ге) тең, яғни теріс зарядты. Электрон е- немесе деп таңбаланады.[pic 10]
Нуклид –ядро заряды мен массалық саны бірдей атомдардың жиынтығы.
[pic 11] [pic 12][pic 13][pic 14]
[pic 15]
Массалары бірдей нуклидтер –изобаралар.
Изотондар –нейтрон сандары бірдей әртүрлі элемент атомдары.
Атом электрбейтарап бөлшек, себебі протондар мен электрондар саны бірдей. Протон мен электрон саны элементтің периодтық жүйедегі реттік номеріне тең. Мысалы, магний атомының құрамына 12 протон және 12 электрон кіреді.
Нейтронды анықтау үшін химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасынан, элементтің реттік номерін алып тастаймыз:
N = Ar – Z , N –нейтрон саны, Ar –элементтің салыстырмалы атомдық массасы, Z –элементтің реттік номері.
Мысалы, N(Ғе) 56 - 2630, темірдің нейтрон саны 30-ға тең.[pic 16][pic 17]
Ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі бір элемент атомдарының түрөзгерісі изотоптар деп аталады. Изотопы ең көп элемент –қалайы.
Сутектің массалары 1, 2, 3-ке тең протий , дейтерий , тритий дейтін үш изотобы бар.[pic 18][pic 19][pic 20]
Атомның массасы (m0). Атом массасының өлшем бірлігі ретінде «Дальтон» қолданылады. Өлшеуге қолайлы болғандықтан массалық атомдық бірлік көміртектің ең көп тараған изотопы нуклидінің массасымен анықталады.
[pic 21]
м.а.б. немесе Дн деп белгіленеді.
1Дн 1,66*10-27 кг[pic 22]
[pic 23] [pic 24]
2-тақырып. Радиоактивтілік. Ядролық реакциялар
Радиоактивтілік –бір химиялық элементтің тұрақсыз изотопының өздігінен элементар бөлшектер шығара отырып, екінші элементтің изотопына айналуы. Негізінен, үш түрлі радиоактивті саулелер болады:
[pic 25]
Ядролық реакциялар –бір химиялық элемент атомының басқа элемент атомына айнала жүретін реакция.
Егер элемент изотопының ядросы α-бөлшек түзіп ыдыраса (), онда оның массалық саны 4 бірлікке, ал ядро заряды 2 бірлікке кеміп, периодтық жүйеде 2 номер кейін орналасқан жаңа элемент изотопының ядросы түзіледі:[pic 26]
...