Тауарлардың өзіндік құн есебі
Автор: Aruzhan076 • Декабрь 11, 2022 • Курсовая работа • 6,880 Слов (28 Страниц) • 230 Просмотры
Абай облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы – экономикалық колледжі» КМҚК
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: «Қаржылық есеп»
Тақырыбы: Тауарлардың өзіндік құн есебі
Дайындаған:
20 ЕА-3 тобының оқушысы
__________________ (аты-жөні)
Жетекшісі: есеп-экономикалық пәндер циклдық комиссиясының оқытушысы Ш.Е.Байдолдина
Қорғаған бағасы:___________
2022-2023 оқу жылы
Жоспар
Кіріспе 3
1 бөлім. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда теориялық сипаттам 4
1.1 Өндіріс шығындарының есебі 4
1.2 Калькуляция мәні және әдістері 9
1.3 Материалдардың қозғалысын құжаттау 12
2 бөлім Жиһаз өндірісіндегі калькуляция есебі 15
2.1 Жиһаз өнімінің өзіндік құнының есебінің ерекшілігі 15
2.2 Жиһаз өнімінің өзіндік құнының есепке алу тәсілдері 15
3 бөлім Өнімнің өзіндік құнын жетілдіру жолдары 19
3.1 Шетелдік тәжірибеде өнімнің өзіндік құнын есептеудің әдістері 19
3.2 Қазақстанда өзіндік құн есебін жүргізудегі мәселелер және оның шешу жолдары 23
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиет 28
Интернет ресурстар 29
Қосымша 30
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Өнімнің өзіндік құнын есептеу, бағалау кәсіпорынның ең басты мақсаты. Себебі, өзіндік құнды дұрыс есептеу болашақта кәсіпорынға табыс алып келеді, ал егер дұрыс есептелмесе бұл кәсіпорынның жабылуының себепкері болуы мүмкін. Өнімнің өзіндік құнына сатып алынған шикізаттың, құрал-жабдықтардың, станоктардың сомасы, құралдардың амортизациясы, жұмысшылардың еңбек ақысы, коммуналдық шығындар, транспорттық, таралық және т.б. шыындар жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өнімнің өзіндік құнына анықтама беру, оны талдау. Өндіріске кететін шығындарды белгілеу, калькуляция және өзіндік құнды есептеу әдістерін анықтау және оларды есепке алу.
Курстық жұмыстың міндеттері: Қазақстандағы өнімнің өзіндік құн есебін жүргізудегі мәселелер және оның шешу жолдарын анықтау және шетелдік тәжірибеде өнімнің өзіндік құнын есептеудің әдістерін қарастыру.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде өндіріс шығындарының есебі, өнімнің өзіндік құнының калькуляция жүргізу әдіс тәсілдері және кәсіпорындарда өнім өндіруге қатысатын материалдардың құын бағалау және олардың қозғалысын құжаттау жүргізуі қарастырылды.
Екінші бөлімде ЖШС Мебельная фабрика Восток жиһаз өнімін өндіруші өндірістің мысалында өнімнің өзіндік құнын анықтап калькуляция жүргізу және жиһаз өндірісінде өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарды талдау.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде шетелдік тәжірибедегі калькуляция жүргізу тәсілдерін көрсетіп Қазақстандағы әдіс тәчілдермен салыстыру және Қазақстанда өнімнің өзіндік құнының өзекті мәселелерін қарастырып, оларды шешу жолдарын қарастыру.
1 бөлім. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда теориялық сипаттам
1.1 Өндіріс шығындарының есебі
Өнімнің өзіндік құны - өнімді дайындау немесе жұмысты орындау барысында тікелей пайдаланылатын негізгі қорлардың бүкіл ресурстарының, табиғи және өнеркәсіптік шикізаттың, материалдардың, жанар-май мен энергияның еңбектің шығындарының ақшалай формадағы көріністерін айтады. Өнімнің өзіндік құны өндіруге кеткен шығындардан тұрады.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндірі шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа шығындар.
Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.
...