Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үйкеліс күші

Автор:   •  Апрель 4, 2020  •  Лекция  •  777 Слов (4 Страниц)  •  623 Просмотры

Страница 1 из 4

Үйкеліс күші Т деп екі дененің беттерінің жанасуы кезінде пайда болатын және олардың бір-біріне қатысты орын ауыстыруына кедергі жасайтын күшті айтады. Ол денелердің жанасу беттерінің бойымен бағытталған және ол орын ауыстырудың салыстырмалы жылдамдығына қарсы әсер етеді.

Үйкелістерді сыртқы (құрғақ) және ішкі (сұйық немесе тұтқыр) деп екіге бөледі.

Ішкі үйкеліс деп бір-біріне қатысты салыстырмалы қозғалыстағы сұйықтың немесе газ қабаттарының арасында пайда болатын өзара әрекеттесуді атайды. Мұның сыртқы үйкелістен айырмашылығы бұл жерде тыныштық үйкелісі болмайды.

Қозғалыстағы сұйықтар немесе газдарда ішкі үйкеліс күштері пайда болады. Мұндай күштердің болатындығын суретте көрсетілген қондырғының көмегімен анықтауға болады.

Жіңішке сымға ауыр цилиндр ілініп қойылған. Осі жіптің бағытымен бірдей болатын сыртқы цилиндрге қайсы бір сұйық құйылған. Егер сыртқы цилиндрді айналысқа келтірсе, онда ішкі цилиндр азғантай болса да бір бұрышқа бұрылады. Демек айналыстағы сұйық ішкі цилиндр күш ширатылғансымның серпімділік күшімен теңгесіреді. Бұл күш сыртқы және ішкі цилиндрлердің ара қашықтығына, сыртқы цилиндрдің айналыс жылдамдығына, сұйықтың түріне және оның температурасына тәуелді болады.

Ішкі үйкеліс құбылысын былайша түсіндіреді. Екі жазықтықтың арасындағы сұйық қабаты болсын: үстіңгі жазықтық төменгі жазықтыққа қарағанда жылдамдықпен қозғалады делік. (2сурет)

Сұйықтың ойша параллель жазықтармен өте жұқа қабаттарға бөлеміз, олар бір бірінен қащықтықта орналасады. Қатты денеге жанасатын жерлерде сұйық қабаттары оған жабысып қалады. Ал аралық қабаттардың жылдамдықтарының таралуы жылдамдық градиенті деп аталатын N шамамен сипатталады, ол жылдамдық векторына перпендикуляр бағытта бірлік ұзындыққа орын ауыстырған кезде жылдамдықтың абсолют шамасының қалай (қаншалықты жылдам ) өзгеретіндігін көрсетеді.

Жылдамдық градиенті болатын кезде сұйықтың бір-бірімен жанасатын қабаттарының арасында күш ппайда болады, ол күш жанасу жазықтығыныңбойымен бағытталады және де олардың салыстырмалы орын ауыстыруына кедергі жасайды. Бұл күштерді ішкі үйкеліс күштері деп атайды. Ньютон заңы бойынша, ішкі үйкеліс күшінің жанама кернеуі жылдамдықтың гадиентіне пропорционал болады.

y=T / S= n*v/n

дағы –ішкі үйкеліс күшінің коэффициенті немесе сұйықтың тұтқырлығы.

Үйкеліс күштері сұйықтарда ғана емес, газдарда да болады. Сондықтан механизмдер мен машиналардың қозғалыстағы бөліктерінің арасындағы үйкелісті азайту үшін майлау пайдаланылады.

Сұйықтың тұтқырлығын анықтау

Пуазейль әдісі Стокс әдісі

Сұйық ішінде жәймен қозғалатын сферелық пішіндегі кішкентай денелердің

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (49.9 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club