Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электр машиналарын жөндеудің технологиялың барысы

Автор:   •  Май 24, 2018  •  Курсовая работа  •  4,914 Слов (20 Страниц)  •  2,741 Просмотры

Страница 1 из 20

Мазмұны

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

  1. Конструкторлық бөлім.......................................................................

1.1. Жөндеуге қабылдаудың техникалық шарттары

1.2. Электр машиналарын бөлшектеу

1.3. Ескі орамаларды алып тастау

  1. Технолгиялық бөлімі...........................................................

2.1. Электр машиналарын жөндеудің технологиялың барысы

2.2. Ақауларды анықтау әдістері

2.3. Орамаларды жөндеу технологиясы

2.4. Желдеткіштердің өзектерін, біліктерін және тұрқын жөндеу

2.5. Трансформаторларды жөндеу технологиясы

  1. Есептеу бөлім
  2. Техника қауіпсіздігі...............................................................
  3. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жөнделетін әрбір электр машинасын бөлшектеу реті оныңқұрылысына, бар түзік бөлшектерін сақтауға, ал бөлшектеу деңгейі алдағы жөндеужұмысынықкөлемі мен сипатына қарай анықталады. Егер сырттай қарап шығу электр машинаға қажетті жөндеужұмыстарының сипатын анықтап бере алатын болса, онда оны бөлшектеуді бастамас бұрынжөндеуге керек материалды, бөлшектерді олардыңөлшемдері, маркасы мен сипаттары туралы кесім жасайды.

Электр машиналарды бөлшектеуді, әдетте шолақ жалғаманы (муфтаны) біліктен шығарудан бастайды. Муфталар мен штифтердің тығыз отырғызылатыны соншалық, кейде оларды шығару үшін алдын ала қыздырады.

Электр машиналарын бөлшектеу қажеттілігі олардың бөлшектері мен жиынтық бірліктерінің күйі мен жөндеуді қажетсінуіне байланысты анықталады. Түбегейлі бөлшектеу кезінде дөңгелек айгөлектерін, коллекторды, түйіспе сақиналары мен желдеткішті шешеді. Ротордың (якорьдің) бөлігін және сырғыма айгөлектерді шығарады. Түбегейлі бөлшектеудің түрлі тәсілдерін орындау төменде түсіндіріледі.

Электр жөндеу зауыттары мен кәсіпорынның электр цехтарыныңқұрылымы жөндеу технологиясы, жөндеу сапасы, материал үнемі мен еңбек өнімін қамтамасыз етуі тиіс. Бұлқұрылым мен технология жөнделетін машинаныңтүріне, тізімі мен қуатына, қажетті жабдықтардың болуына (көтеру-тасымал құралдары металл өңдеу станоктары электрмен пісіру аппараттары технологиялық арнайы жабдықтар), өндірістік алаңның ауданына байланысты.

Жөндеуге түскен электр моторларды мұқият қарап шығады, қажет болса сынайды жәнебұзылу мөлшерін, себебін толық тапқанға дейін бөлшектейді.

Машинаны көріп шығу барысында өткендегі жөндеукөлемімен, сипатымен және эксплуатациялау журналымен танысу және сынақ жүргізу, барлық жинақтау бірлігі мен машина бөлшектерініңкүйін, жөндеукөлемі мен мерзімін анықтауға, жөндеу-техникалыққұжаттарын жасауға, жөндеуқұралдарын қосалқы бөлшектерін дайындауға немесе тапсырыс беруге, жөндеуге қажетті ұйымдастыру және техникалық дайындық жұмыстарын жасайды.

Жөнделген электр машиналарын көп жылдың эксплуатациялау тәжірибесі, әдетте олардыңкөп істемей істен шығуына, жөндегенде орамалары ішінара ауыстырылуы себеп болатынын көрсетті. Оның бірнеше себептері бар, солардың арасында жөндеу кезінде ораманыңБүлінбеген бөлігінің оқшаулағыштары сапасынықжәне қызмет мерзімініңсәйкессіздігі. Электр машиналарын жөндеу кезінде ең сенімдісі зақымданған ораманы, олардың сымдарының барлығын немесе ішінара пайдалана отырып, толық айырбастау.

Жөнделетін электр моторлардың орамаларының сымдарын айырбастау кезінде (шырғаны орамас бұрын) алдын ала қуысты толтыру еселеуішін тексереді, ол ораманы есептеу кезінде пайдаланған мәніне сәйкес болуы тиіс.

Ораманың қуыста жататын сымдары қуыста мықты жатуы тиіс, ол үшін қуыстық сыналар қолданылады,оларды құрғақ шамшат ағашы мен қайыңнан жасайды.

Машинаны жөндер алдында болшектегенде қаттаманың қысылуыныңәлсірегенін бетінде тоттану дақтарының пайда болуынан біледі. Тоттану дақтары қаттаманың қысылуы босаған болат қаңылтыр мен болшектерде ғана болады, ол тиісу коррозиясы деп аталады.

...

Скачать:   txt (76.7 Kb)   pdf (886.3 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club