Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электр тізбегіні

Автор:   •  Март 29, 2018  •  Реферат  •  19,831 Слов (80 Страниц)  •  1,059 Просмотры

Страница 1 из 80

Глоссарий

    Электр энергиясының көзi (қорек көзi) – шықпасында ЭҚК-i (кернеуi) бар қондырғы (құрылғы).

    Электр қабылдағыш – электр энергиясын қабылдап, оны басқа энергияға түрлендiретiн қондырғы (құрылғы).

    Электр тiзбегi – ток жүретiн жол түзетiн қондырғылар мен құрылғылардың жиынтығы.

    Тiзбек элементi – тiзбектiң құрамына кiретiн кез-келген құрылғы.

    Тармақ – тiзбектiң бiр ток жүретiн бөлiгi.

    Түйiн – үш не одан да көп тармақтардың қосылған (электрлiк байланыс түзетiн) нүктесi.

    Өнбой (контур) – тiзбектiң ток жүретiн кез-келген тұйықталған бөлiгi.

    Бiрiздi жалғау – элементтердi олармен бiр ток жүретiндей етiп жалғау.

    Бiрiздi тiзбек (тармақталмаған тiзбек) – барлық элементтерiмен бiр ток жүретiн тiзбек.

    Параллель жалғау – элементтердi кернеулерi бiр кернеу болатындай етiп жалғау.

    Параллель тiзбек – тармақтары бiр кернеулi (бiр кернеуге жалғанған) тiзбек.

    Аралас жалғау – элементтерiң бiрқатарын бiрiздi, кейбiреулерiн параллель етiп жалғау.

    Аралас тiзбек – элементтерi бiрiздi және параллель жалғанған тiзбек.

    Вольт-амперлiк сипаттама – тiзбек элементiнiң кернеуiнiң тогынан тәуелдiлiгiнiң графигi.

    Сызықты элемент – вольт-амперлiк сипаттмасы түзу сызық болатын элемент.

    Бейсызықты элемент – вольт-амперлiк сипаттамасы қисық сызық болатын элемент.

    Қабаттасу (суперпозиция) қағидасы – тiзбек элементiндегi электрлiк шамалар тiзбектегi барлық қорек көздерiнiң  жеке әсерлерiнiң қабаттасуы нәтижесiнде түзiледi.

    Тiзбектi баламалы (эквивалент) түрлендiру – бiрнеше элементтi оларға тең әсерлi бiр элементпен алмастыру арқылы күрделi тiзбектi қарапайым тiзбекке келтiру.

    Қуаттар балансы – қорек көздерiнiң тiзбекке берген қуаты мен  тiзбектегi қабылдағыштардың тұтынған (алған) қуатының теңдестiгi.

    Потенциалдық диаграмма – өнбой бойындағы нүктелердiң потенциалдарының  осы өнбойдағы элементтердiң кедергiсiне, кернеуiне және ЭҚК-iне байланысты өзгерiсiн көрсететiн график.

    Синусоидал шама – синустың заңдылығы бойынша өзгерiп отыратын периодты айнымалы шама.

                                                №1 ДӘРІС

ТҰРАҚТЫ ТОКТЫҢ СЫЗЫҚТЫ  ТІЗБЕКТЕРІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ

Кіріспе. Электр энергиясының барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында және үй тұрмысында кеңінен қолданылуы оның мынандай артықшылықтары байланысты: электр энергиясын энергияның басқа түріне түрлендіру жеңіл, алыс қашықтыққа тасымалдау ыңғайлы және арзан, электр энергиясы бөлшектеп қолдануға ыңғайлы, электр энергиясымен жұмыс жасайтын қондырғылардың құрылысы қарапайым және бағасы арзан. 

“Электротехника және электр жабдықтары” пәнін оқыту  мақсаты – студенттерді электроэнергетика жүйелерінде қолданылатын электрлік  қондырғылар мен аспаптардың теориялық негіздерімен таныстырып, оларда жүріп жататын электромагниттік үрдістерді модельдеуге, талдауға және есептеуге үйрету нәтижесінде болашақ мамандардың электротехника саласы бойынша ғылыми көзқарастарының қалыптасып, жетілуіне мүмкіншілік тудыру, практикада кездесетін электротехникалық проблемаларды ғылыми тұрғыдан түсініп, дұрыс шешімдерін таба білуге дағдыландыру.

Электр тізбегі туралы ұғымдар. Электр энергиясын пайдаланып, жұмыс жасайтын қондырғыларды электротехникалық қондырғылар деп атайымз. Электротехниканың қондырғылардын ішінде және оның айналасында болып жатқан электрлік және магниттік құрылыстарды зерттеу үшін және есептеу үшін оларды есептік эквивалент- электр тізбегімен айырбастаймыз.    Электр тізбегі деп өзара бір-бірімен сымдар арқылы жалғасқан электр энергия көздерінің, электр энергиясын тұтынушылардың  және бақылау, өлшеу аспаптарының жиынтығын айтады.

...

Скачать:   txt (193.1 Kb)   pdf (3.3 Mb)   docx (5.1 Mb)  
Продолжить читать еще 79 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club