Трансформатордың негізгі және қосымша қорғанысы
Автор: 11Eldos • Декабрь 15, 2018 • Реферат • 2,136 Слов (9 Страниц) • 1,738 Просмотры
Кіріспе
Трансформатор деп, бір айнымалы кернеу шамасын басқа, дәл сондай жиіліктегі айнымалы кернеу шамасына айналдыру үшін қажет статикалық электромагнитті құрылғыны айтады. Трансформатордың бір-бірінен оқшауланған кем дегенде екі орамы бар және олар бір магнит өрісінде орналасқан. Бірқатар Трансформаторларда екінші реттік орама қызметін бірінші реттік ораманың бір бөлігі атқарады, мұндай Трансформаторлар- ды автотрансформаторлар деп атайды.
Индуктивті байланысты күшейту үшін және құйынды токтардың әсерін азайту үшін трансформаторлардың көбінде орамдар пластинка секілді электротехникалық болаттан жасалған магнит өзекшесінде орналасады. Магнит өзекше тек 20 кГц жиіліктен жоғары қызмет ететін ауа трансформаторларында қолданылмайды ,себебі құйынды токтардың үлкен мәндерінен магнит өзекшесі бәрібір магниттелмейді.
Трансформаторлардың бірфазалы және үшфазалы түрлері бар. Трансформатордың сыртында (на щитке) оның номиналды кернеулері - жоғары және төменгі көрсетіледі. Сол себепті оның жоғары кернеу орамы (ВН) мен төменгі кернеу орамын (НН) ажырата білу керек.Сонымен қатар сыртында трансформатордың номинал толық қуаты ( ВА немесе кВА), номинал ток, жиілік, фаза саны, қосылу сызбасы,жұмыс жасау режимі (ұзақ уақытты немесе қысқа уақытты) және суыту түрі берілуі қажет. [1]
Трансформатордың негізгі және қосымша қорғанысы
Қосалқы станцияның электр жабдықтары және тарату желілері (распределительные сети) аномальды токтар және әркелкі қоректендіруші кернеу зақымдауынан қорғаныста болуы керек. Бұл жұмыста трансформатор қорғанысының қандай түрлері бар екенін, не үшін керектігін және жұмыс принциптерін талдаймыз.
Күштік тарату құрылғыларында қолданылатын барлық жабдықтар қысқа уақытты шамадан тыс жүктемеден (кратковременная перегрузка) және желіден ажыратылудан қорғалған.Трансформаторлардың асқын кернеуден қорғанысы- құрылғы номиналды кернеу мәнінен аса көп үлкен кернеуді ұстай алатындығына көз жеткізу үшін қажет.
Асқын кернеуден қорғаныс үшін сақтандырғыштар таңдалады. Қандай да бір трансформатордың төтенше сөнуі кезінде, дәл сол секілді жұмысқа қосылған құрылғылар, желідегі номиналды кернеуді толықтырады , соның арқасында төтенше жағдайды алдын алуға болады.
Трансформаторлардың негізгі және қосымша қорғаныс түрлері.
[pic 1] Сақтандырғыштар және үшфазалы ажыратқыштар
[pic 2] Трансформатордың дифференциалды қорғанысы
[pic 3] Трансформатордың газды қорғанысы
[pic 4] Өрт қорғанысы
[pic 5] Арнайы компьютерлер көмегімен дыбысты сақтандыру.
[pic 6] МТЗ
[pic 7] ДЗ
[pic 8] НТЗНП [2]
[pic 9]
1-сурет. Трансформатордың газды қорғанысы
Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың негізгі қорғанысы болып табылады: трансформатордың дифференциалды токты қорғанысы, трансформатордың газды қорғанысы, РПН газды қорғанысы, аз қуатты трансформаторлардың қоректену жағынан орнатылатын токты үзіліс (токовая отсечка), АТ төменгі кернеу ошиновкасының дифференциалды токты қорғанысы, АТ жоғарғы және төменгі кернеу ошиновкасының дифференциалды токты қорғанысы.
Күштік трансформатордың типтік қорғанысында газды реле бар. Ол әрқайсысы белгілі бір міндет орындайтын екі бөлімнен тұрады.
Бірінші камера майдан қысымды газды (нагнетающий газ) басқару үшін қажет және ол дәл бак үстінде орналасқан. Газ мөлшері майдан өтіп жатып максимумға жетсе, камера аз мөлшерде оны шығара бастайды, бұл кішкене түтін шығу мен бірте - бірте клапандар ашылуы түрінде жүреді. Мына конструкцияда газдың рұқсат етілген мөлшерінің сигнализаторы ретінде қарапайым поплавок алынған.
...