Жеке қорғаныс құралдары мен терінің радиоактивті заттармен ластануының рұқсат етілген мөлшері
Автор: Dianasharipova • Апрель 15, 2019 • Реферат • 1,494 Слов (6 Страниц) • 1,072 Просмотры
6-шы кесте
Жеке қорғаныс құралдары мен терінің радиоактивті заттармен ластануының рұқсат етілген мөлшері, бөлшек/см2/мин
№ | Ластану нысандары | Альфа сәулелерін бөлетін изотоптар | Бета сәулелерін бөлетін изотоптар | |
Улылығы жоғары | Басқалары | |||
1 | Тері жабыны | 5 | 5 | 100 |
2 | Сүлгі | 5 | 5 | 100 |
3 | Арнайы ішкі киім | 5 | 5 | 100 |
4 | Жеке қорғаныс құралдарының бет бөлімінің ішкі беті | 5 | 5 | 100 |
5 | Негізгі арнайы киім | 10 | 40 | 800 |
6 | Қосымша жеке қорғаныс құралдары: ішкі беті сыртқы беті |
10 100 | 40 400 | 800 8000 |
Жұмыс соңында жеке қорғаныс құралдарын шешер алдында олардың тазалығын тексереді, егер олар лас болған жағдайда, арнайы бөлінген орындарда, шектеулі рұқсат етілген деңгейге дейін дезактивациялайды.
Радиоактивті заттармен жұмыс жүргізілетін бөлмеден шығарда арнайы киімдерді, қолқап және басқа да жеке қорғаныс құралдарын шешіп, қолды мұқият жуып, радиометриялық аспаптармен оның тазалығын тексеру қажет.
Радиоактивті изотоптармен жұмыс жүргізілетін бөлмелерде:
- Қызметкерлердің жоғарыда көрсетілген жеке қорғаныс заттарынсыз болуына;
- Азық-түлікті, шылымды, косметикалық бұйымдарды, үйге киетін киімдерді және басқа да заттарды сақтауға;
- Тамақ ішуге, шылым шегуге, косметикалық заттарды пайдалануға үзілді-кесілді тиым салынады.
Зертханада барлық қызметкерлер орындауға міндетті жұмыс ережелерін қарастырған нұсқау болуы қажет. Қызметкерлер жеке қорғану және жеке гигена шараларын орындауды меңгеруге тиісті. Қызметкерлермен жылына екі рет тексеру инструктажы өткізіледі.
Иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс жүргізу кезінде қорғану әдістері
Радиоактивті заттармен жұмыс жүргізу кезінде ең басты мәселе, белгіленген шекті сәулелену дозасының мөлшерінен жоғары дозаны және радиоактивті заттардың организм ішіне түспеуін қадағалап отыратын еңбекті ұйымдастыру жұмыстары болып табылады.
Альфа сәулесінің және жұмсақ бета сәулесінің бөлшектерімен сырттай сәулелену кезінде арнайы қорғану қажет етілмейді, өйткені олардың ауада таралу қашықтығы өте аз. Адамды үстіндегі кез-келген киімі, резеңке қолқаптар олардың әсерінен толық қорғайды.
Альфа бөлшектер организмнің ішіне түскен кезде нақты қауіп туғызады, өйткені олар ұлпалармен тікелей байланыста болады. Сондықтан альфа активті заттармен жұмыс жүргізу кезінде, жұмыс бөлмелерінің ауасына және әр түрлі жұмыс орындарына таралмауына негізгі көңіл аударылуы қажет.
Бета бөлшектері, альфа бөлшектеріне қарағанда ұлпаларда ұзағырақ қашықтыққа қозғалады. Энергиясы 70кэВ-тан ақ жоғары болған кезде олар терінің мүйізді қабатынан өтіп, сезімтал жасушаларға дейін жетеді. Бета бөлшектердің ағымы негізінен жамылғы ұлпаларға және көзге әсер етіп, олардың тобарысып кебуіне, терінің күйігіне, тырнақтардың сынғыштығына т.б. әкеліп соғады. Бета сәулелері ұлпалармен тікелей байланыста әсерлескеенде өте қауіпті.
Гамма сәулесі мен өткір бета сәулелері сырттай әсер еткенде олардан қорғану, сәуле көздерімен тікелей жұмыс жүргізу уақытын қысқартумен, сәулелерді жұтатын қорғаныс қалқаларын (экрандарын) пайдаланумен, арақышықтықты ұзартумен және жұмысқ, иондаушы сәулелерді бөлуі мейлінше азайған әуле көздерін пайдаланумен, яғни сұйылтумен жүзеге асырылады.
...