Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кинематика

Автор:   •  Октябрь 4, 2024  •  Реферат  •  369 Слов (2 Страниц)  •  41 Просмотры

Страница 1 из 2

Кинематика

Кинематика қозғалысты тудыратын немесе оны өзгертетін себептерге тәуелсіз қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын механиканың бөлімі. Оның атауы грек тілінде kinematos (қозғалыс күйі)

Оның мақсаты жылдамдықтар мен үдеулердің, қозғалыстардың геометриялық қасиеттерін зерттеу болып табылады: осы мақсатқа жету үшін геометрия мен анализді пайдаланады.

-Кинематиканы, кейде, төрт өлшем геометриясы деп атайды, себебі ол үш кеңістік координаталарымен және уақытпен сипатталады

-Жылдамдық бұл координатаның уақыт бойынша бірінші туындысы,

-Үдеу – бұл координатаның уақыт бойынша екіші туындысы, осыған қоса координаталардың уақыт бойынша туындыларының жоғары ретті шамалары да қарастырылады және олар жоғары ретті үдеу деп аталады. Аналитикалық көзғарас бойынша кинематикада осы шамалардың арасында болатын барлық қатынастарды зерттеу болып келеді.

Векторлар жөнінде мәліметтер

Кеңістікте өзінің тек сан мәнімен ғана емес, сонымен қатар бағытымен де сипатталатын шамалар векторлар деп аталады.

Векторлар мен скалярлар

Кейбір шамаларды анықтау үшін олардың тек сан мәнін білу жеткілікті, ондай шамалар (мысалы, уақыт аралығы, масса, тығыздық, температура т.с.с.) скалярлар деп аталады.

Сандық мәнімен ғана емес, сонымен қатар бағытымен де сипатталатын, мысалға, күш, жылдамдық, үдеу және т.б. физикалық шамалар векторлық шамалар, немесе векторлар деп аталады.

Физикада қозғалысты сипаттау барысында,көп жағдайда,радиус векторды пайдаланады.Қарастырлатын кез келген материалдық нүктеге қандай да бір санақ басынан түсірілген түзу сызықты радиус вектор деп атайды.

Векторларды қосу және азайту

Векторларды әртүрлі жолдармен қосуға болады:

Үшбұрыш ережесі

A және b векторларды қосу үшін вектордың ұшынан векторды салады. Векторлардың a+b қосындысы вектордың басынан вектордың ұшына қарай бағытталған вектормен өрнектеледі.Басқаша айтқанда, екі векторды қосудың a+b нәтижесі геометриялық тұрғыдан үшбұрыш болып табылады.

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (178.6 Kb)   docx (244.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club