Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Иілу. Эпюрлерді тексеру

Автор:   •  Сентябрь 22, 2021  •  Доклад  •  389 Слов (2 Страниц)  •  318 Просмотры

Страница 1 из 2

Иілу. Эпюрлерді тексеру

Қорытындылар. Ішкі күштердің анықтамаларына, таңба ережелеріне, қарастырылған мысалдарға сүйеніп, келесі қорытыңдыларды жасауға болады.

  1. Әсер етуші сыртқы күш факторлары мен бекіту тіректері симметриялы арқалық үшін М(z) эпюрі әрқашан симметриялы да,  ал Q(z) эпюрі кері симметриялы. Симметриялық ось өтетін көлденең қимада жанама күш нөлге тең (VIII.13, а-сурет).
  2. Арқалықтың  бекіту тіректері  симметриялы,  ал сыртқы күштері кері симметриялы болса, онда М(z) эпюрі кері симметриялы да, Q(z) эпюрі симметриялы. Кері симметриялық ось өтетін көлденең қимада ию моменті нөлге тең (VIII.13, б-сурет).
  3. Сыртқы қадалған күш әсер етіп тұрған қимада жанама күштің мәні кілт өзгереді (VIII. 13, а, б-сурет). Өзгеру шамасы қадалған күшке тең.
  4. Сыртқы момент әсер етіп тұрған қимада ию моментінің мәні кілт өзгереді.  Өзгеру  шамасы сыртқы  моменттің  мәніне тең (VIII.14-сурет).
  5. М(z) эпюрінің бір нүктесі арқылы жүргізілген жанама түзуі мен абсцисса осінің арасындағы бұрыштың тангенсі, сол нүктеге сәйкес қимадағы жанама күшке тең. Мұндай интерпретацияны q мен Q(z) үшін де жасауға болады. Сол сияқты Q(z) эпюрінің бір нүктесі арқылы жүргізілген жанама түзу мен абсцисса осінің арасындағы бұрыштың тангенсі q-ға тең.

[pic 1][pic 2]

  1. Берілген арқалықтың қандай да бір аралығында

а) Q(z)> 0 немесе tgα > 0 болса, М(z) — мәні өседі,

б) Q(z)< 0 немесе tgα < 0 болса, М(z)  — мәні кемиді.

в) Арқалықтың көлденең қималарындағы күштерді солдан оңға қарай анықтағанда Q(z)-тің таңбасы оңнан теріске өзгерсе, бұл қимада ию моменті өзінің ең үлкеи мәніне ие болады. Кері жағдайда — ию моменті ең кіші мәніне ие.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (132.2 Kb)   docx (57.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club