Бiр жаоты периодты және екi жарты периодты тузеткiштер жумысын зерттеу
Автор: mrrt1406 • Сентябрь 24, 2022 • Лабораторная работа • 376 Слов (2 Страниц) • 341 Просмотры
№9 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
БІР ЖАРТЫ ПЕРИОДТЫ ЖӘНЕ ЕКІ ЖАРТЫ ПЕРИОДТЫ ТҮЗЕТКІШТЕР ЖҰМЫСЫН ЗЕРТТЕУ
- Жұмыстың мақсаты
1. Түзеткіш құрылғылар жұмысын зерделеу.
2. Көпірлік сұлбалы түзеткіш қасиеттерін зерттеу.
9.2 Теория
Түзеткіш – айнымалы токты тұрақты тоққа түрлендіретін құрылғы. Түзеткіш электрлік вентильден, трансформатордан, сүзгіден т.б. тұрады. Түзету сапасы түзетілген кернеудің U0 айнымалы кернеудің U2 әсерлік мәніне қатынасымен сипатталады: (U0/U2). Неғұрлым осы қатынастың мәні көп болса, түзеткіш сұлбасының сапасы жоғары болады. Бір жарты периодты түзеткіш үшін:
[pic 1].
Екі жарты периодты түзеткіш үшін:
[pic 2]
мұндағы I0, U0 – түзетілген ток пен кернеу.
9.3 Құрал-жабдықтар
- «Электротехника 1» СКБ монтаждық тұғыры;
- «Электрондық түзеткіш» тәжірибелік панелі;
- Осциллограф-1 дана;
- Сандық мультиметр;
- Жалғағыш сымдар;
- Тұрақты ток көзі: U→Uн=12В, f=50 Гц.
9.4 Жұмыстың барысы
- №1-кесте бойынша нұсқа таңдау 1-кесте
Нұсқа | 1 | 2 | 3 | 4 |
Диодтар | Д1 | Д2 | Д3 | Д4 |
Бір жарты периодты түзеткішті зерттеу
- Сұлбаны жинау (1- сурет).
[pic 3]
1 -сурет
- U2, Uкері кернеулер түсулерін және I2 тогын өлшеу. Айнымалы және тұрақты ток көздері ұштарына осциллографты қоса отырып, дабыл түрлерін бақылау.
- Түзетілген ток пен кернеу мәндерін (I0, U0) және жүктеме кедергісін (Rж) есептеу.
- Алынған деректерді 2- кестеге толтыру. 2 -кесте
Нұсқа | Диод | Өлшенді | Есептелді | |||||
U2,В | Uкері, В | I2,А | I0,А | U0,В | Rж, Ом | U0/U2 | ||
Екі жарты периодты түзеткішті зерттеу
- Көпірлік сұлбаны жинау (2- сурет).
[pic 4]
2 -сурет
- Кернеудің U2 түсуін, әр диод ұштарындағы кернеулерді (Uд1, Uд2, Uд3, Uд4) және трансформатордың екінші реттік орама тогын (I2) өлшеу.
- Түзетілген U0 кернеуін, I2 тогы мәні бойынша I0 түзетілген токты есептеу
- Осциллографты кіріске, шығысқа және кедергіге қоса отырып, дабыл түрлерін бақылау.
- Алынған деректерді 3-кестеге толтыру.
3 -кесте
Өлшенді | Есептелді | |||||||
U2,В | Uд1,В | Uд2,В | Uд3,В | Uд4,В | I2,А | U0,В | I0,А | U0/U2 |
9.5 Өлшеу нәтижелерін талдау
1) Бір жарты периодты түзеткііштің түзетілген тогы мен кернеуі:
[pic 5]
2) Жүктеме (шам) кедергісі: [pic 6]
...