Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Периодты жүйедегі элементтердің химиясы

Автор:   •  Октябрь 11, 2021  •  Анализ учебного пособия  •  33,781 Слов (136 Страниц)  •  425 Просмотры

Страница 1 из 136

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Шоқыбаев Ж.Ә.

ПЕРИОДТЫ ЖҮЙЕДЕГІ

ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ХИМИЯСЫ

Оқу құралы

2 бөлім

Алматы, 2010

ББК 24.12 я 73

Ш 77

Пікір жазғандар:

пед.ғыл.д., профессор С.Ж.Жайлау,

хим.ғыл.докторы О.Ә.Алмабеков

Баспаға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу әдістемелік

бірлестігі ұсынған (Хаттама №8 17.03.2008)

Шоқыбаев Ж.

Ш 77 Периодты жүйедегі элементтердің химиясы: Оқу құралы.-2 бөлім. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010.-134 бет

ISBN 978-601-232-037-4

Периодты жүйедегі элементтердің химиясы атты оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орындарының жалпыға міндетті білім стандарты бойынша жасалған оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Болашақ орта мектеп химиясы мұғалімдеріне қажет материалдар енгізілген.

ББК 24.12. я 73

ISBN 978-601-232-037-4 (2б)

Алғы сөз

Қазақстан егемен ел болғаннан бастап Елбасы мен халыққа білім беру үрдісіне көп көңіл бөлуде. Оның мысалдары ретінде Қазақстан республикасының білім заңын, білім беру тұжырымдамасын және білім беруді дүниежүзілік білім кеңістігіне ену жолында атқарылып жатқан орасан зор шараларды атауға болады. Оларда және Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауында бірде-бір білім көзі ретінде жоғары сапалы пән мұғалімдерін даярлау мен орта және жоғары мектепке қойылатын талаптар ашық айтылған. Осыған орай мектеп химия, химия-биология мұғалімдерін даярлауда университеттерде оқу үрдісіне, олардың материалдық және сапасына көңіл аудару қажет. Қазіргі кезде химия пәні мұғалімдеріне арналған қазақша оқулықтар мен әдістемеліктер жоқтың қасы. Сол себептен, мұғалімдер даярлайтын педагогикалық университеттер мен институттар студенттеріне арналған химия оқулығын даярлау осы күннің кезек күттірмейтін мәселесіне айналып отыр.

Ұсынылып отырған «периодты жүйедегі элементтердің химиясы» оқулығы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізінде жасалған типтік оқу бағдларламасына сай жазылған. Оқулықта ұғымдар, заңдар, химиялық үрдістердің заңдылықтары, ерітінділер, және т.б. материалдар берілген. Оқулықтан жалпы мектеп химиясын оқытуға қажет материалдарды студенттер таба алады.

I ТАРАУ

МЕТАЛДАР

Металдар Д.И.Менделеев жасаған периодты жүйенің 80% алады.Олар периодты жүйенің IA,IIA,IIIA топшаларында (сутегі мен бордан басқа), басқа да А топшалардың төмен жағында, В топшаларда орналасқан. Барлық f элементтер металл болып табылады. Дәлірек айтсақ периодты жүйеде 85 металл бар.

1. МЕТАЛДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ

Барлық металдар

...

Доступно только на Essays.club