Топырақ картасын құрастыруда қолданылатын 1:10000 және 1:25000 масштабты топографиялық негіздерді зерттеу
Автор: Alina Bisanova • Май 8, 2023 • Лекция • 1,611 Слов (7 Страниц) • 267 Просмотры
Дәріс 15. Топырақ картасын құрастыруда қолданылатын 1:10000 және 1:25000 масштабты топографиялық негіздерді зерттеу.
Бедерге морфологиялық талдау. Топырақ құралу үрдістері көбінесе бедер ерекшеліктеріне тәуелді екендігі белгілі. Бедердің морфологиясы мен генезисі топырақ жамылғысына әсер етеді және қазіргі геологиялық үрдістердің сипатын алдын-ала анықтайды.
«Топырақ картографиясы» курсында бедерді талдау топырақ картасын құрастыруға дайындық сатысы ретінде келтірілген. Топырақ құраушы жыныстар құрамы бойынша мәліметтермен толықтырылған топографиялық карталарға қосымша талдау жүргізу зерттелетін аймақтың жер бедер мүсіндері мен олардың генезисін негізделе қорытындылауға мүмкіндік береді. Олар бедер мүсіндерінің жасын, яғни нақты түзілу кездері мен реттерін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, жыралардың морфологиясы бойынша олардың жас (енді дамып жатқан) немесе көне (дамуы тоқталған) екендігін анықтау қиын емес.
Сондықтан, берілетін сабақта студенттерге топографиялық карта бойынша бедерді морфологиялық және тектік тұрғылардан талдау жасау нұсқаулары беріледі.
Топографиялық картадан бедер мүсінін және морфологиялық элементтер сипаттамасын анықтау. Бедер топырақ құраушы факторлардың ішіндегі ең бір маңыздысы деп айтуға болады. Оның топырақтың кеңістіктегі таралуына әсері орасан зор. Бедердің мүсіндік сипаты кез келген аймақтағы әртүрлі топырақ жамылғысының барлық үйлесімділігін анықтайды. Бұл, әсіресе негізінен орташа мүсінді бердер – мезобедер көрсетілген ірі масштабты топырақ карталарында анық байқалады. Сондықтан шынайы және нақты мазмұнды топырақ картасын құрастырудың негізгі шарты болып жалпы карталарды, олардың ішінде топографиялық карталарды жақсы оқи білу керек.
Топографиялық картада бедер мүсіндері жер бетінің теңіз деңгейінен бірдей биіктіктегі нүктелерді қосатын сызықтар (изосызық) арқылы көрсетіледі (23-сурет). Олар изогипс немесе горизонталь деп аталады. Горизонталь сызықтары ретінде жергілікті мекенді су біртіндеп белгілі биіктіктерді (биіктік аралығы бірдей) тоқтай-тоқтай басқанда немесе олардан кеткенде жер бетінде белгіленіп қалатын сызықтарды елестетуге болады. Картада бедерді жақсы байқау үшін әрбір бесінші горизонталь сызығы қалыңдатылып жүргізіледі.
Топографиялық картаны оқыған кезде бедерің көлденең және тік бағыттағы тілімденгені анықталады. Ол үшін картада келтірілген беткейлердің қиылысқан жерлерінде байқалатын суайрығы, тальвет, табан, қабақ жиегі шартты сызықтарын белгілейді.
Суайрығы – екі қарама-қарсы беткейдің ең биік жерінен өтеді. Сондықтан ол суайрығы болып саналады.
Тальвег – екі беткейдің ең төменгі қиылысатын жерінде кездеседі. Табиғи жағдайда ол сайдың, жарлардың, өзектің ең төменгі бөлігі.
Табан сызығы – негізгі беткей мен жазықтық учаскені бөлетін сызық. Топографиялық картада бұл сызық өте күрделі, ол шайылған және шайылмаған топырақтар аралық шекарасы боп саналады.
Қабақ – беткейдің күрт иілген жері. Ол күрт иілген беткей мен жай иілген беткейді бір-бірінен ажыратады. Сайдың, өзектің, жардың қиылысқан жерін қабақ дейді.
[pic 1]
23-сурет. Бедер сызықтары: АА - суайрық сызығы; ББ-тальвег сызығы; ВВ-табан сызығы; ГГ-қабақ жиегі сызығы.
Бұл изосызықтар суреті (мүсіні мен жиілігі) бойынша, сондай-ақ қосымша белгілер арқылы картадағы барлық бедер мүсіндерін айыруға болады: өзен аңғарлары, өсіп жатқан жыралар, сайлар, қазан шұңқырлары, төбелер, жайпақ суайрықтар беттері және т.б.
Қатар жатқан екі горизонталь сызықтардың биіктік мәндерінің айырымы бедердің қиылу биіктігі, ал олардың арасындағы ара-қашықтық салу биіктігі деп аталады.
Кез-келген бедер мүсіні өте қарапайым, ең алдымен оның бетін шектейтін, оның ішінде оңай ажырататын горизонтальды және еңісті (беткейлі) элементтерден тұратыны белгілі. Бедерді жалпы талдау кезінде, абсолютті жайпақ немесе тегіс беттер өте сирек кездесетіндіктен, топырақтарды картографиялау мақсатында гори-зонтальды (жазық және тегіс) бет ретінде еңістігі 1,50-қа дейінгі аймақтар алынады.
...