Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауалы желісінің тұтынуын есептеу

Автор:   •  Январь 4, 2020  •  Курсовая работа  •  5,851 Слов (24 Страниц)  •  343 Просмотры

Страница 1 из 24

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

2

  1. Курстық жобаның мазмұны және бастапқы мәліметтер.

4

  1. Электр жүктемесі мен реактивті қуат компенсациясын есептеу.

5

  1. Тоқ түрі мен кернеу шамаларын таңдау.

7

  1. БТҚС мен ӨҚТ трансформаторының саны мен қуатын анықтау.

8

  1. Ауалы желісінің тұтынуын есептеу.

13

  1. БТҚС электрлік байланысының басты сұлбасын анықтау. Қысқа тұйықтау тоғын есептеу.

15

  1. Электрқондырғылар мен тоқжүруші бөліктерді таңдау.

22

  1. Өтпелі кабелдерін анықтау.

30

 9.  Қорытынды

31

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

32

КІРІСПЕ

        Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.

        Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының жоғары қарқында дамуы электртұтыну көлемінің өсімен іспеттес келеді. Оның өсуі жылына 5-7% құрайды. 2008 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттегі электрэнергияны тұтыну жалпы алғанда 76,4 млрд құрады, ол 2007 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға жоғары. Жоспарлы мәліметтерге сәйкес 2015 жылға қарай Қазақстандағы электртұтыну 125 млрд кВт∙сағ, ал 2020 жылға қарай 140 млрд кВт∙сағ артады. Сонда 2020 жылға қарай бұл күтілетін өсім алдағы көрсеткіштен 80%-ға жоғары болмақ.

        Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:

Бiрiншi кезең 1918 — 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.

        Екiншi кезеңде (1946 — 58 ж.) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.

        Үшiншi кезеңде (1959 — 90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.

Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудiң 2000 жылдан басталған кезектi кезеңi Республиканың электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына негiзделдi. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық жолмен басқару мiндетi жүктелген.

Үкімет саланың өркендеу жоспарын қолдауды жүзеге асырады. 31.05.2007 жылдан Премьер-Министрдің бұйрығымен «2007-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының электрэнергетикалық саласының өркендеуі бойынша шаралар жоспарын» бекітті. Онда 2015 жылға дейін барлық қажет объектілердің құрылысы мен кеңейтілуі белгіленген, сонымен бірге бұл жоспардың орындалуын қамтамасыз ететін әрекеттер тізімі құрылды.


1 КУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР

Жоспарлауға арналған бастапқы мәліметтер 1 кестеде көрсетілген.  

  1. Кесте – Бастапқы мәліметтер

Нұсқа нөмірі

Қоректен-діруші желі ұзындығы, км

Жинақы шиналар

Бір секциядағы жүктеме

Кернеу, кВ

ТҚ секциялар саны

Асинхронды қозғалтқыш

Синхронды қозғалтқыш

1000 В дейінгі жүктеме

Рном, кВт

Саны

cos ϕ

Рном, кВт

Саны

cos ϕ

Руст, кВт

23

25

10

4

630

5

0,89

630

2

0,85

4300

Қосымша мәліметтер:  

1) энергетикалық жүйенің қуат коэффициенті cos ϕс 0,8-ге тең;

...

Скачать:   txt (49.8 Kb)   pdf (1.6 Mb)   docx (2.1 Mb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club