Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Есеп өндірістік тәжірибе «Қызылжар Су» ЖШС

Автор:   •  Ноябрь 25, 2022  •  Отчет по практике  •  1,104 Слов (5 Страниц)  •  223 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Сәулет-құрылыс факультеті

«Құрылыс» кафедрасы

ЕСЕП

Өндірістік тәжірибе

Орындаған:        ИЖжЖ-23 тобының

студенті Маденятова Е.Е.

Қабылдаған:        Бакетова А.Н.

Нұр – Сұлтан 2022 ж.

Мазмұны

Кіріспе        3

Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеті        4

  1. Негізгі бөлім        5

Құрылыс ұйымының қысқаша сипаттамасы        5

ІІ. Арнайы бөлім        8

Қорытынды        10

Пайдаланылған әдебиеттер        11

Кіріспе

Мен, Маденятова Елдана Ерболатовна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, сәулет-құрылыс факультеті, ИЖжЖ-23 тобының студенті, өндірістік кәсіптік тәжірибесін өттім.

Мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университететі сәулет- құрылыс факультетінің 5В072900 – «Құрылыс» кафедрасының 2 курс студенті Маденятова Елдана Ерболатовна өндірістік кәсіптік тәжірибемді

«Қызылжар Су» ЖШС мекемесінде өттім. Тәжірибенің өту мерзімі 23.05.2022 – 11.06.2022 жж. аралығын қамтыды. Өндірістік тәжірибеден өтудегі басты жоспарым – тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің ішкі бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмыс атқару үшін қолданылатын заңдарымен және ақпараттық жүйелерімен танысу болды. Қолданыстағы мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, қазіргі уақытта студенттерге өндірістік оқыту кешенінің маңызды бөлігі болып табылатын өндірістік тәжірибеге үлкен рөл беріледі. Өндірістік практика жетекшісінің берген тапсырмасы және күнделікті жұмыстарды орындау жоспарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі жұмыстармен шұғылдану негізгі әрекет ретінде саналды. Жоғарыда жоспарланған тапсырмалар төңірегінде жұмыстар атқарылуы үш аптаға негізделіп, көзделді.

Мақсатым: Тәжірибе барысында әртүрлі құрылыс объектілері мен инженерлік жүйелерді жобалаудың тәртібімен және реттілігімен танысу болды. Ғимараттарды жылытуды есептеу үшін кәсіпорында қолданылатын жобалық құжаттамамен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдыларын игеру, оны түсіну болды. Сонымен қатар, қажетті практикалық дағдыларды алу менің негізгі мақсатым болды.

Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеті

Өндірістік практика - оқыту нысандарының оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту, практикалық дағдыларды және озық тәжірибені игеруге бағытталған оқыту түрі.

Өндірістік практиканың әрбір түрінің мақсаты, міндеттері болады,олардың негізінде тиісті практикадан өту бағдарлама базасы айқындалады.

Практиканың мақсаты - құрылыс барысында технологиялық процестер бойынша студенттердің теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, кәсіпорын қызметін терең зерттеу негізінде өндірістік дағдыларды игеру, өндіріс жағдайында еңбектің озық әдістерін меңгеру.

Практика міндеттері:

  1. мамандық        бойынша        кәсіби        қызмет        түрлерін,        олардың функциялары менміндеттерін зерделеу;
  2. теориялық білімді, кәсіби шеберлігін, дағдысын бекіту;
  3. инновациялық технологияларды, озық әдістерді меңгеру;
  4. ұйымдастырушылық және кәсіби өсуді дамыту;
  5. командалық жұмыс дағдыларын, құзыреттілікті меңгеру;
  6. өз бетінше жоспарлай білу,әріптестермен пайдалы байланыс орнату,жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
  7. білім алушылардың оқу, құрылыстың озық технологиясын, қазіргі заманғы еңбек әдістерін, өндіріс экономикасын оқыту процесінде алған теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жинақтау және бекіту;
  8. Құрылыс техникасы, құрылыс өндірісін ұйымдастыру және экономика мәселелері бойынша материалдарды жинау және зерделеу;
  9. ұйымдастыру-техникалық, әкімшілік көзделген функциялар шегінде еңбектіұйымдастыру және басшылық ету.

Студент практикадан өту кезінде міндетті:

  • бағдарлама мен жұмыстарды толығымен орындау;

-қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау және ішкі еңбек тәртібінің қолданыстағы ережелерін сақтау;

...

Скачать:   txt (16.3 Kb)   pdf (301.6 Kb)   docx (205.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club