Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қауіпсіздік ережесі. Шикізаттардан сынама алу

Автор:   •  Декабрь 4, 2018  •  Доклад  •  2,065 Слов (9 Страниц)  •  723 Просмотры

Страница 1 из 9

[pic 1]

КҮЛДІЛІКТІ АНЫҚТАУ

[pic 2]

 

[pic 3][pic 4]


[pic 5][pic 6][pic 7][pic 8]

Қауіпсіздік ережесі. Шикізаттардан сынама алу

    Техникалық қауіпсіздік ережесі және өндірістік санитария өнеркәсіптерде МемСт-тың ережесімен қауіпсіздік жағдайы сәйкес келу керек. Өндірістік процесстерді жүргізгенде жұмыс істейтін жұмыскерлердің қауіпті және зиянды жарақат алуынан сақтандыруымыз керек. Өндірістерде, силостар, бункерлер, ямалар, түсіретін люктер темір торлармен қоршалып, ямалардың үстінде орналасуы керек. Кейбіреулерінде темір қақпақтар болу керек. Аспирациялық қондырғылардың каналдарын, трубаларын тексеріп отыру керек. Себебі, оларда шаң пайда болып, өрт қаупін тудыруы мүмкін. Әрбір силостар желдетіліп отырады. Құрама жем өнідірісінде қондырғылар: тазалайтын, аршитын, кесіп-бөлетін, өлшейтін құралдар болады. Сол құралдармен жұмыс істеген кезде жұмыскерлердің қаупсіздік ережесін сақтауын қадағалаймыз. Өйткені, олар электрқозғалтқыштармен жұмыс істейді. Құрама жем өндірісінде істейтін қызметкер, жұмысшылар болсын әрбірінде медициналық кітапша  болу керек. Сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жұмысорындары ыңғайлы, қауіпсіз болу керек. Тамақтарды тасымалдаған кезде жұмыскерлер жарақат алып қалмау үшін қауіпсіздік ережелері қатаң түрде сақталыну керек.  Құрама жем өндірісінде санитарлық жағдайлар қатаң түрде сақталыну керек. Мысалы: адамдар кіретін жердің териториясы қоршалған болу керек.

Астықтан сынама алу

      Астықпен жұмыс істейтін мамандар мына төмендегідей-дақыл, астық қоспалары, негізгі дақыл, партия, біркелкі партия және астық қосындылары деген негізгі ұғымдарды жақсы білуі керек. Ауыл шаруашылығы дақылдары- деп ботаникалық бір түрге жататын өсімдіктердің жемістерін айтады. Ол жемістердің көлемі астық қоспаларында көпшілік болу керек. Егер бұл дақылдың жемісі қоспада 85% артық болса, ал басқа дақылдардың көлемі 15% кем болса, астық партиясы осы негізгі дақылдың атымен аталады, ал егер басқа қосымша дақылдардың көлемі 15% асса, онда дақылдар қоспасы деп атап, әрқайсысының қанша пайыз екенін көрсетіп жазады. Оның ең көбі бірінші жазылады.

    Негізгі дақыл- деп астық партиясында басым көпшілік болатын дақылды айтады.

   Біркелкі партия-деп егер астық партиясында көпшілік дән бір дақылға жататын болса, оның ішінде бір түсті болып, тазалығы да жай көзбен қарағанда бірдей болса, оны біркелкі партия деп атайды. Мұнда негізгі дақылдың және оның қосындыларының көлемі көз мөлщермен ғана анықталады. Астықты қоймаға құйғанда, басқа жерлерге жібергенде тек қана біркелкі астықты құяды, не жібереді. Болмаса оның товарлық сапасы төмен болады. Біркелкі партия деген ұғымның көп мағынасы бар. Егер бірнеше ұсақ партиялардың ылғалдылығы, ірілігі т.б. көрсеткіштері бірдей болса, оларды осы көрсеткіштер нұсқасынан біркелкі деп атайды да, оларды бірімен-бірін қоса беруге болатынын анақтайды.

   Астық қоспалары-деп әр түрлі көлемде бір қоймада және басқалай да әдістермен сақталып жатқан немесе астықты орып жинағанда, батырғанда тағы да басқа жағдайларда уақытша немесе ұзақ уақыт бойы сақталуға арналған, оның ішінде әр-түрлі сабан-топан, құм-тас, тағы да басқа толып жатқан қосындылары бар қоспаларды айтады. Мұны әр түрлі дақылдардың қоспасы деген түсінікпен шатастырмау керек. Астық қоспаларының ішінде көптеген ұсақ және ірі тармаққа жарамайтын қосындалар да, түрлі-түрлі тірі зиянкес жәндіктер немесе олардың қалдықтары да көп болуы мүмкін. 1кг астықта 40 мың-ға жақын дән болады. Осы дәннің ішіндегі керекке жарамды және керекке жарамсыз қосындыларын есептемесек, астық бір дақылдың бір түсті дәндерінен тұрса, оны біркелкі астық партиясы деп атайды. Бірақ оның ішіндегі осы дақылдың ұсақ дәндері, ұшықтары есепке алынбайды. Ал, егер сол партияда ұсақ дән, шөпек дән мен ұшықтар ,піспей жиналған көк дән, арамшөп тұқымдары өте көп болса, сонымен қатар, оның әр жерінінің ылғалдылығы әр түрлі болса, онда мұндай астық қоспалары осы аталған сапа көрсеткіштері бойынша біркелкі болмай, әр-түрлі деп аталып, оларжа керекті немесе тазалауға не кептіруге жібереді. Осыдан кейін ғана біркелкі деп айтуға болады. Мұның себебі мұндай әр-түрлі сапалы астықты сақтау өте қиын. Бұл жағдайларда көбінесе оның ылғалдылығына, арамшөптердің тұқымына көктей қосылған ұшықтарға көп көңіл аударылады.

...

Скачать:   txt (31.8 Kb)   pdf (950.9 Kb)   docx (780.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club