Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сынама алу. Тұнбаға түсіру. Тұнбаны сүзу және жуу

Автор:   •  Май 15, 2024  •  Контрольная работа  •  1,574 Слов (7 Страниц)  •  105 Просмотры

Страница 1 из 7

         Қазақ Ұлттық Қыхдар пелдагогикалық университеті КеАҚ;
                   Жаратылыстану институты. Химия кафедрасы

                                   [pic 1]

           

            БӨЖ-1

       Тақырыбы: «Сынама алу. Тұнбаға түсіру. Тұнбаны сүзу және жуу»

                                                                            Орындаған: Керимжанова Асима

                                                                            Тексерген; Жуманова.Н.А

                                                2022-2023    

                                               

                                                     Жоспар

1 Сандық талдау. Міндеті. Әдістері

2 Гравиметриялық талдау. Әдістері

3 Бөлу. Тұндыру. Айдау

4 Гравиметрия әдісінде жүзеге асатын іс-шаралар

5 Сынама алу. Тұнбаға түсіру. Тұнбаны сүзу және жуу

6 Қорытынды

7 Пайдаланылған әдебиеттер

1 Сандық талдау. Міндеті. Әдістері

    Сандық талдау -  заттың мөлшерлік құрамын анықтауға мүмкіндік туғызатын әдіс.
   Сандық талдау әдісінің негізгі мақсаты – талданатын заттың құрамына кіретін әр түрлі компоненттердің мөлшерін, сондай ақ талданатын қоспаның құрам бөліктерінің мөлшерлік ара қатынасын анықтау болып табылады.
   Сандық талдау әдісінің көмегімен көптеген мәселелерді шешуге болады, негізгілері:

  1. Заттардың атомдық, мольдік және эквиваленттік массаларын анықтайды
  2. Зерттелетін заттар құрамына кіретін иондар мен молекулалардың, элементтердің мөлшерін анықтайды.
  3. Зерттелетін затта оның құрам бөліктері қандай ара қатынаста болатынын табады
  4. Сандық талдау әдісінің нәтижелері массалық үлеспен (%) бір литр ерітіндідегі моль санымен, 1кг еріткіштегі  моль санымен және т.б көрсетіледі.

Сандық талдау әдісін химиялық, сондай- ақ құралдық әдіспен орындайды.

      Талдаудың химиялық әдістері:
1. Гравиметрлік талдау – құрамы анық  белгілі қосылыс түрінде немесе химиялық таза түрінде бөлінген, анықталатын компоненттің массасын дәл өлшеуге негізделген сандық талдау әдісі
2. Титриметлік талдау – анықталатын заттың берілген мөлшерімен әрекеттесуге жұмсалған нақты концентрациялы реактив ерітіндісінің көлемін өлшеуге негізделген сандық талдау әдісі. Титриметрлік талдаудың негізінде эквиваленттер заңы жатыр.

     Титриметрлік талдау мен гравиметрлік талдаудың айырмашылықтарын қарастыратын болсақ, гравиметрлікталдауда анықтау қателігі – 0,1-0,005% , ал титриметрлік талдауда анықтау қателігі – 0,1-0,05% болады. Бірақ гравиметрлік талдау ұзағырақ орындалады (бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін). Гравиметрлік талдауға қарағанда, титриметрлік талдаудың артықшылығы талдаудың жылдам орындалуы болып табылады.

         Гравиметрлік және гравиметрлік әдістер аналитикалық химияның дәстүрлері әдістері болып табылады, олар ғылыми зерттеулерде, завод зертханасының тәжірибесінде жан – жақты қолданылады.
Оларды тамақ өндірісінің техологиялық бақылауында: өнімдерінің зольдігін (күлділігін) және ыдғалдылығын, қышқылдылығы, қант мөлшерін, ақуызды, күкіртті қышқылды, судың кермектігін және тағы басқа анықтау үшін кеңінен пайдаланылады.

2. Гравиметриялық талдау. Әдістері

       Анықталатын сынаманың құрамдас бөлігінің массасын дәл өлшеуге негізделген сандық талдауды гравиметрлік әдіс деп атайды.
     Сандық гравиметриялық талдаудың көмегімен көптеген есептерді шеше аламыз.Мысалы, заттардың атомдық, мольдік және эквиваленттік массасын белгілеп, талданатын зат құрамына енетін құрамдас бөліктердің мөлшерін анықтайды, химиялық құрамы бірдей немесе шамамен тең келетін, бірақ физика – химиялық қасиеттері әртүрлі заттың құрам бөліктерінің ара – қатынасын табады.
     Гравиметрия әдісі өте қарапайым да нақтылы болғандықтан, ғарыштық объектілерге талдау жасайды, тағамдық өнімдерге, қоршаған ортада болатын улы заттарды анықтайды, топырақтың, тыңайтқыштың және басқа заттардың құрамына талдау жасайды.

...

Скачать:   txt (15.5 Kb)   pdf (201.8 Kb)   docx (134.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club