Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электроника және электротехника қауіпсіздік ережесі

Автор:   •  Ноябрь 5, 2018  •  Курсовая работа  •  9,409 Слов (38 Страниц)  •  1,436 Просмотры

Страница 1 из 38

КІРІСПЕ

Коммуникация – бұл кеңістіктің екі нүкте арасындағы байланысты орнату мен олар арасында ақпаратты тарату процесі.

Телекоммуникация – бұл қашықтықта байланыс орнату. Егер бұл байланыс радиоканал арқылы жүзеге асатын болса, онда мұндай телекоммуникацияны радиотелекоммуникация немесе қысқаша радиокоммуникация (радиобайланыс) деп атайды.

Радиотехника–адамға электромагниттік толқындар көмегімен ақпараттарды үлкен қашықтыққа жіберуге кең мүмкіндіктерберетінтехника мен ғылым саласы.

Радиобайланыс – радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланысы. Бұл үшін  хабар  беретін пункте радиотаратқыш пен таратқыш антеннадан тұратын қондырғы, ал қабылдау пунктіндегі қабылдағыш  антенна мен радиоқабылдағыштан құралған қондырғылар орнатылады. Белгілі бір тасымалдауышы (радиодиапазондық) жиіліктегі гармониялық тербелістер таратқыштан генерацияланып, берілетін хабарға сәйкес модуляцияланады.  Модуляцияланған тербелістер радиосигнал ретінде таратқыш антеннадан кеңістікке таралады. Қабылдағыш антеннаға жеткен мұндай радиосигналдар онда электрлік тербелістер қоздырады. [1;15]

Қабылдағыш антеннаға таратылған энергияның өте аз мөлшері келуі себепті бұл сигналдар әлсіз болады. Сондықтан олар радиоқабылдағышта күшейтіледі де, кері модуляцияланады (детектрленеді). Осының нәтижесіде тасымалдауыш жиілікті модуляциялаған  сигналға сәйкес келетін электірлік тербелістер алынады. Бұл тербелістер  арнаулы құрылғылар көмегімен (мыс, дауыс зорайтқыш) бастапқы хабарға пара-пар дыбысқа түрлендіріледі. Қысқа толқындар негізінде көп каналды байланыс орнатылып, телефон, радио, телевизия байланыстары арқылы өте көп информация қабылдау-тарату мүмкіндігі туды. Ретрансляция немесе байланыс спутниктері көмегімен Радио байланыс қашықтығын күрт арттыру мүмкін болды. Байланыс спутниктері арқылы кез келген қашықтыққа бір мезгілде мыңдаған телефон байланысы мен ондағаи телевизиялық программалар орнатуға болады.

Байланыс жолдары телефон, телеграф хабарларын, цифрлық информация ағынын, телевизиялық хабарларды таратуға пайдаланылады. Радио байланыс  халықаралық одақтық және жалпы мемлекеттік түрлерге ажыратылады. Мемлекеттік  Радио байланыс магистральдық (астаналар мен ірі қалалар арасында), облыс аралық және аудан аралық болып бөлінеді. [1;65]

Енді осы дипломдық жобаның тақырыбы мен маңыздылығына тоқталып өтейік. Дипломдық жұмыс 4бөлімнен тұрады:

─ бірінші бөлімде жалпы радиобайланыс жүйесін талдау, радиобайланыс және радиотехниканың сипаттамалары, радиобайланыстағы  радиотолқындар мен электромагниттік өрістің жалпы сипаттамасы, радиохабар сигналдарын қабылдауға арналған антенналар, оның принциптері мен таратылуы туралы мағлұматтар  қарастырылады.

─ екінші бөлімде ультрадыбыстық сезімталды қашықтық датчигі сынама құрылғысының элементтері мен құрылымдық схемасы және сынама құрылғыны жасау жолдары қарастырылады.

─ үшінші бөлімде сынама құрылғысын жасаудағы есептеулер қарастырылады.

─ төртінші бөлімде электроника және  электротехника  қауіпсіздік ережесі мен еңбекті қорғау шаралары  туралы айтылады.

Дипломдық жобаның  мақсаты ультрадыбыстық сезімталды қашықтық датчигі көмегімен объектілерді сканерлеу арқылы компьютерге қашықтық туралы мәліметін жібереді. Жоба Arduino Uno, сервомоторлар, қор қөзі, ультрадыбыстық датчигі, мәліметтерді жіберуге арналған кабельдер және программалау кодтары арқылы жүзеге асырылады.

1-БӨЛІМ. РАДИОБАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

1.1    Радиобайланыс және радиотехниканың сипаттамалары

Радиобайланыс– радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдағыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады. Таратқышта қоздыратын тасымалдаушы жиіліктегі тербеліс берілетін ақпарат сигналының заңына сәйкес өзгертіледі, ал қабылдаушы жақта кері процесс жүргізіледі. Байланыс біржақты және екіжақты болуы мүмкін. Радиобайланыс қозғалмайтын объектілер мен жылжымалы объект арасында, сондай-ақ жылжымалы объектілер арасында байланыс орнатудың бірден бір тәсілі.

...

Скачать:   txt (136.9 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (2.2 Mb)  
Продолжить читать еще 37 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club