Трикотаж жаймаларының негізгі сипаттамалары
Автор: banana • Февраль 25, 2019 • Доклад • 2,303 Слов (10 Страниц) • 2,763 Просмотры
Трикотаж жаймаларының негізгі сипаттамалары
«Трикотаж» деп ілмектерден тұратын, бір немесе бірнеше жіптерден өзара бойлай және көлденең бағытта іліп тоқылған тоқыма бұйымды немесе жайманы атайды. Трикотаждың негізгі элементі ілмек- қисық сызық, оның ұзындығы мен формасы трикотаждағы бір қатар маңызды қасиеттерді белгілейді.
Ілмек (6.1 сур.) екі шектес ілмектердің негізін біріктіретін қаңкадан (2-3-4жоғарғы доға жэне 1-2 мен 4-5 таяқшалардан) жэне созылмалардан (0-1 мен5-6) тұрады. 2-3-4 жоғарғы доғаны инелі, ал 5-6-7 созылманы платиналыдоға деп атайды.
Трикотажда тігінен бір-біріне тізілген ілмектерді ілмекті бағанша, алгоризонталь бойынша бір қатардағы ілмектерді - ілмекті қатарлар депатайды.
Екі шектес ілмекті бағаншалар орталықтарының аралығыщ ілмекті қадам
деп атайды және А әрпімен белгілейді, ал екі ілмекті қатарларорталықтарының аралығын ілмекті қатар биіктігі деп атап, В әрпімен
белгілейді,
Іліп тоқу әдісі бойынша трикотаж иілмелі (көлденең тоқылған) жәнежеліжіптік (бойлай тоқылған) түрлерге бөлінеді.
[pic 1]
6.1 сур. Ілмектің құрылысы
Иілмелі трикотаж (6.1 сур.) бір, екі немесе одан артық бірге алынғанжіптерден құрылады, олар бір жіпжүргізгішке сабақталып, бірден инеге салынъш, ілмектер тоқиды. Ілмектер қатарлары жіптің бірізді иілу жолымен алынады, бір катар құрылғаннан кейін жіп екіншіге ауысады, сонан соң үшіншіге және т. б.
Иілмелі трикотаж ілмекті қатарлар бойынша (горизонталь бағытпен)жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде ілмекті бағанша бойынша (вертикальбағытпен) тез сөгіледі.
Желіжіптік трикотаж бір-біріне параллель орналасқан жіптердіңжүйесінен (желіжіп) құралады.
Ілмекті қатарды алу үшін бірмезгілде жіптердің жүйесі иіліп, әр жіп өз инесіне салынады. Сондыктан ілмекті қатарда әр жіп бір (екіден көп емес) ілмек құрайды, сонан кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына ауысады.
Мұны орыңдау үшін бір жіп кезегімен (6.2 сур.) екі шектес инеге салынады: II қатардағы 2 инеге салынған жіп, III қатарда 3 инеге салынады,ал IV қатарда қайтадан 2 инеге және т. б.
Сонымен желіжіптік трикотаждың әр ілмекті бағаншасы көршілесбағанамен созылма арқылы бірігеді.Желіжіптік трикотаж ілмекті қатар бойынша таркатылмайды және ілмектібағанша бойымен тым аз тарқатылады. Желіжіптік трикотажда ілмектің құрылысы, иірмеліге қарағанда біршама ерекшеленеді. Желіжіптік трикотаждың (6.3 сур.) ілмегі таяқшалардан {а-б), ілмек басы (б~в~г) және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретінсозылмалардан {д-е мен д'-е1) түрады. Тік а-б мен г-д бөліктерден тұратын
[pic 2]
6.2 сур. Желіжіптік трикотаждың (оң 6.3 сур. Желіжіптік трикотаждың
жағы) ашық (ПІ-IV катар) және теріс ілмек құрылысының сұлбасы
ілмектері (II- қатар)
Трикотаж өрімдері
Трикотаж өрімдері деп трикотаждағы ілмектердің қосылуы мен белгіліорналасу тәртібін атайды. Қайталанған трикотажды өрімнің бөлігін раппорт деп атайды. Трикотажды өрімнің түрі әсіресе сырткы сипатына, оныңқалыңдығына, салмағына, созылымдылығына және баска қасиеттеріне әсеретеді.
Бүкіл трикотажды өрімдердің түрлерін тоқу тәсілі бойынша екі класқабөледі: иірмелі (көлденең тоқылған) және желіжіптік (бойлай тоқылған).Сонымен қатар өрімдер жалаң және қосарлы, құрылымы бойынша тегіс және суретті болуы мүмкін.
Басты топка ілмектердің мөлшері мен формасы бірдей өрімдер жатады.
Басты өрімдерге мынадай түрлері жатады: иірмелі біртегіс, тізбекше, трико,атлас.
Туынды өрімдер түрлері бірдей екі не одан артық басты өрімдердіңүйлесуінен құрылады.
Туындыға мына өрімдер жатады: біртегіс туындысы, трико туындысы,атлас туындысы жэне т.б. Басты өрімдерге қарағанда туынды трикотажнеғұрлым тығыз болады және аз сөгіледі.
Cypemmi өрімдербасты және туынды өрімдердің құрылымын өзгертужәне сырттай эффектілерді алу үшін қосымша жіптерді қолдану арқылы қолданады. Осы өрімдер жаймалардың түріне әсемдік береді, сөгілуі менсозылуын төмендетеді және түрлі-түсті, бедерлі өрнектерді кұрайды.
...