Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шығыс Молдабек кен орнында штангілі терең сорапты қондырғының жұмысын жетілдіру

Автор:   •  Март 18, 2024  •  Курсовая работа  •  5,845 Слов (24 Страниц)  •  115 Просмотры

Страница 1 из 24


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ                                                                                        3

1.ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Кенорны туралы жалпы мәліметтер                                                  5

1.2 Кен орнының стратиграфиясы                                                          7

1.3 Кен орнының тектоникасы                                                            7

1.4.Кен орыны мұнайының, газының ( конденсатының ) және қабат суларының физикалық қасиеттері мен құрамы                                           13

2. ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕЗНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Кенорынның ағымдағы жағдайы        17

2.2 Қабат қысымын түсірмеу үшін айдалатын судың

көлемін есептеу                                                                                              19

2.3 Қабатқа айдалатын газдың көлемін және газ айдау

 скважинасының санын есептеу                                                        20

2.4 Бұрқақтық көтергіштің диаметрін есептеу                                        20

2.5 Қабат жағдайындағы мұнайдың тығыздығын есептеу                        21

2.6 Өнім беретін скважинадағы қабат қысымын есептеу                        21

2.7 Шығыс Молдабек кен орнында штангілі терең сорапты

қондырғының жұмысын жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                26

КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі. Соңғы уақытта Батыс Қазақстанның аумағында бірнеше мұнай мен газдың көп дебитті жинақталған жерлері ашылды. Алайда, бұл ретте аз және орта дебитті сансыз көп кенорындары жұмыс жасауды жалғастыруда. Сондықтан мұнай және газ ұңғымаларын игеру мен өндірудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін жобалау және енгізу өзекті проблема болып қалып отыр.  Бұл жерде  инженер-технологтардың, конструкторлардың алдында қызметтің үлкен ауқымы әлі ашық жатыр.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына және  индустральды-инновациялық даму стратегиясына сәйкес республика мұнайгаз жобаларына халықаралық мұнай монополияларын, ірі инвестицияларды, озық әлемдік технологияларды тарту есебінен мұнай саласын іргерілемелі дамытуға, оның энергоресурстардың әлемдік нарығына шығуына барынша ықпал етуге ниетті.  

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және тәжірибелік құндылығы осы кенорнын игеруге талдау жүргізуден және қабаттардың мұнайбергіштігін арттырудың ең тиімді тәсілін таңдаудан тұрады. Бұл жобаның практикалық маңыздылығы игерудің негізгі көрсеткіштер динамикасының дәлелденгендігінде жатыр.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылық Жетілдіруге жаңа сындарлы шешімдерді қолдану арқасында қол жеткізілуі мүмкін. Жаңа технологияларды қолдану қымбат тұратын зерттеулер жүргізумен, уақыт уақыты шығынымен байланысты. Конструктивті шешімдер жаңа материалдарды зерттеуге қарағанда едәуір аз қаражатты талап етеді.   Жақында өткен уақытта бәсекелестердің болмауынан контруктивті шешімдердің көпшілігі мұнай және газ өндіруге арналған жабдықтарды тұтынушылардың сұранысына ие болмады.

Мәселені шешудің заманауи жағдайын бағалау. Қазіргі уақытта жабдықтардың пайдалану қасиетін жақсартуы мүмкін пайдаланылмаған конструктивті шешімдердің потенциалы бар, сондай-ақ  жаңа технологиялар мұнай кенорындарын игеру, пайдалану процестерін жақсартуға көмектеседі.

Өндіріс технологиясы ұсынылатын техникалық шешімдердің осы технологиялық процесті қолданудың экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттылығынан көрінетін  кешенді нәтижені қамтамасыз ететін заманауи және үдемелі деңгейін қарастырады.

1.ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРНЫ

1.1.Кен орын туралы жалпы мәлімет

Шығыс Молдабек кенорны Сағыз-Ембі өзенаралығында Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде L-40-В-Г және L-40-I-В беттері шегінде орналасқан.

Әкімшілік тұрғыдан кенорны Атырау облысының Қызылқоға ауданында орналасқан.

...

Скачать:   txt (65.4 Kb)   pdf (817.6 Kb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club