Орнату бөлішектерінің атқарушы өлшемдерін есептеу
Автор: Aslan1111 • Апрель 18, 2022 • Реферат • 1,506 Слов (7 Страниц) • 206 Просмотры
«Шәкәрім атындағы Семей университеті» КЕАҚ
Инженерлік-технологиялық факультеті
Кафедра «Технологиялық жабдықтар және машина жасау»
ӨСОЖ
Тақырыбы: Орнату бөлішектерінің атқарушы өлшемдерін есептеу
Орындаған:Серікбаев А.Қ
Тобы:МШ-901
Тексерген: Шаяхметов Е.Е
Семей
2022
Жоспар:
- Бөлшектерді орнату тәсілдері. Алты нүкте ережесі
- Орнату бөлішектерінің атқарушы өлшемдерін есептеу
А)1-мысал
Б)2-мысал
- Қолданылған әдебиеттер
1. Бөлшектерді орнату тәсілдері. Алты нүкте ережесі
Бөлшектерді станоктардағы орнатудың негізгі екі түрі бар: бөлшекті станокқа оның жағдайын дəлдеу арқылы орнату және бөлшекті станокқа оның жағдайын дəлдеусіз орнату.
1) Бөлшектің жағдайын дəлдеу арқылы оны станокқа орнату белгілеу арқылы және белгілеусіз жүргізілуі мүмкін. Бөлшекті станокқа орнату дәлді- гін тексеру үшін сызғыштар, деңгей өлшеуіштер (беттердің көлбеу жағдайын теңгеру), штангенрейсмустар, рейсмустар қолданылады.
Белгілеу арқылы, негізінен, ірі келген соғылмалар мен құймалар, күрделі сыртпішінді дайындамалар (мысалы, күрделі құймалар) орнатылады. Белгілеу кезінде бөлшек (дайындама) борлы бояумен сырланады, сосын бояуы кепкен дайындамаға өстік сызықтар, бөлшек контуры жүргізіледі. Бөлшекті станокқа жүргізілген өстер мен сызықтар бойынша орнатады, бұл аталған операцияны жеңілдетеді.
Бұл тәсілдің еңбек қажетсінуі үлкен және жұмысшының жоғары бiліктілігін талап етеді. Бөлшектерді белгілеу арқылы орнату жоғары дәлдікті қамтамасыз ете алмайды. Белгілеудің дәлдігі 0,2...0,5 мм-ді құрайды. Ірісериялы және жаппай өндіру жағдайында белгілеу арқылы орнату рұқсат етілмейді.
2) Бөлшекті оның жағдайын дəлдеусіз станокқа орнату көбінесе арнайы икемқұралдарды пайдалану арқылы ірісериялы және жаппай өндіру жағдайында қолданады. Орнатудың мұндай тәсілі өңделетін бөлшектің аса жоғары дәлдігін және бөлшекті орнатуға жұмсалатын уақыт шығындарын қысқартуды қамтамасыз ете алады. Бұл жағдайда бөлшекті станокқа орнату дәлдігін дұрыстау қажеттігі болмайды, субьективті факторлардың бөлшектің станокта орналасу дәлдігіне ықпал етуі жойылады. Арнайы икемқұралдарды қолданғанның өзінде станокты кезеңді түрде реттейді. Реттеу кезінде кескіш аспап икемқұралға өңделетін бөлшектің қажетті өлшемі қамтамасыз етілетін- дей жағдайға орнатылады. Станокты реттеу кескіш аспапты алмастыру немесе аспаптың тозуына байланысты бөлшек өлшемін қалпына келтіру кезінде жүргізіледі.
Кейбір жағдайда бөлшекті оның жағдайын дəлдеусіз, тек қана арнайы икемқұралдар қолдану арқылы орнатады. Мысалы, центрленген дайындаманы токарьлық станок центрлеріне орнату, дайындаманы фрезерлік станок үстеліне өңделген бетімен орнату.
Алты нүкте ережесі. Дайындаманың кеңістікте алты еркіндік дәрежесі, яғни алты тіреуіш нүктесі болады. Бөлшектің алты еркіндік дәрежесінің біреуін оны икемқұралдың (немесе станок столының) тірек деп аталатын қозғалмайтын тиісті нүктесіне қысу арқылы айыруға болады. Қозғалмайтын әрбір тірек бөлшекті бір еркіндік дәрежесінен, яғни денені тірек нүктесінде дене бетіне бағытталған нормаль бойымен қозғалу мүмкіндігінен айырады. Бөлшекті алты еркіндік дәрежесінен айыру үшін, оны қозғалмайтын алты нүктеге базалау қажет (алты нүкте ережесі). Осы алты нүкте өзара перпен- дикуляр үш жазықтықта орналасуы қажет (3.1-сурет): XOZ жазықтығында үш тіреуіш нүкте (1, 2 және 3), YOZ жазықтығында екі нүкте (4, 5) және XOY жазықтығында бір нүкте (6).
[pic 1]
Үш координат (1, 2, 3) бөлшектің XOZ жазықтығына қарағандағы жағдайын анықтайды:
а) бөлшекті Y өсi бағытында қозғалу мүмкіндігінен айырады;
ә) бөлшекті Х және Z өстеріне қатысты айналу мүмкіндігінен айырады.
Осылайша, үш координат (1, 2, 3) бөлшекті үш еркіндік дәрежесінен айырады.
Екі координат (4, 5) бөлшектің YOZ жазықтығына қарағандағы жағдайын анықтайды:
а) бөлшекті Х өсi бағытында қозғалу мүмкіндігінен айырады;
ә) бөлшекті Y өсіне қатысты айналу мүмкіндігінен айырады.
Тиісінше, екі координат (4, 5) бөлшекті тағы да екі еркіндік дәрежесінен айырады.
...