Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нан пісіру желілерінің технологиялық процестері

Автор:   •  Апрель 14, 2025  •  Реферат  •  1,525 Слов (7 Страниц)  •  148 Просмотры

Страница 1 из 7

Алматы технологиялық университеті

«Инжиниринг жəне Ақпараттық Технологиялар» факультеті

«Автоматтадыру жəне Робототехника» кафедрасы

«Технологиялық процестер жəне өндіріс»пəнінен

СӨЖ№2

Тақырыбы: «Нан пісіру желілерінің технологиялық процестері»

Орындаған: Аиу 23-15

Кулибаев Диас

Тексерген:Абдукаримов.С

АЛМАТЫ 2024

Жоспары

1. НАН ЖАБУ ӨНДІРІСІ

2. Пеш табанында жабылатын нан түрлеріне арналған машиналы- аппаратты желісі

3. Қалыпта жабылатын, бидай ұнынан иленген нан жабу желісі 1.4. Маркасы Л4-ХПМ ағынды желі

1.5. Тоннелді пештерде жабылатын нан түрлерінің машиналы- аппаратты желісі

1. НАН ЖАБУ ӨНДІРІСІ

Нан ұннан дайындалынатын тамақ өнімі. Ұнның жəне оған қосылатын қоспалардың мөлшеріне байланысты нанның көптеген түрлері шығарылады. Қара бидай ұнынан, кара бидай мен бидай ұнының коспасынан, бидай ұнынан дайындалынатын сорттары көп. Нан пісіруде ұннан баска су, ас тұзы, ашытқылар т.б. өнімдер қосылып, араластырылып қамыр дайындалынады да, ол ашыған соң бөлшектелініп дайындамалар пішінделініп, олар толықсып, пеш ішіне түсіп белгілі температуралық режимде дайын өнімге айналады.

Нан жабу кəсіпорындары тамақ өнеркəсібінің ең маңызды саласы. Бұл сала еліміздегі ең жоғарғы сапалы машиналар мен аппараттарымен жабдықталған. Соңғы кезде машина жасау зауыттары нан жабатын комплексті механикаландырылған, толассыз желілерді көптеп шығара бастады. Бұл комплекстер нанның бір немесе бірнеше түрлерін жабуға арналған. Əлі де көптеген өндіріс орындарында қолмен атқарылатын операциялар кездеседі. Осы операцияларды механикаландыру жолында өнертапқыштар мен инженерлер көптеген машиналар мен қондырғылардың жаңа түрлерін жетілдіруде. Бүл қондырғылар өндіріс орындарына енгізілген кезде көптеген ауыр кол күшін керек ететін процестер механикаландырылады. Қазіргі нарықты экономика жолына түскен республикамыздағы өндіріс орындарының шағын түрлерінің көбеюі конкуренцияның өркендеуіне кең ықпал жасайды. Себебі əрбір шағын өндіріс орынында ауыр қол жұмыстарының болмауы, пісірілген нанның сапасының жоғары болуы оның экономикалық көрсеткіштерінің тиімді болуын көрсетеді.

Қазіргі кезде нан жабу өндірістері екі түрге бөлінеді: нан зауыттары бұлар механикаландарылған жəне нанның кең тараған түрлерін көп мөлшерде шығаратын өндіріс орны; шағын наубайханалар бұлар өндіріс орындарында нанның бір немесе аздаған түрлерін пісіреді. Шағын наубайханалардың нан зауыттарына қарағанда, өнімділігі көп төмен. Мұндай өндіріс орындарында нанның жекеленген түрін жабу колайлы.

Еліміздегі нан жабу орындарындағы барлық технологиялық жабдықтардың жіктелінуі төмендетідей болады:

-негізгі жəне қосымша шикізаттарды сақтауға, өндіріске дайындауға арналған жабдықтар; мөлшерлеу жабдықтары; қамыр дайындау жабдықтары; қамыр бөлшектеу жəне пішіндеу машиналары; қамыр

бөлшектерін толықсыту шкафтары жəне бөлшектерді реттеу, орнықтыру жабдықтары; нан жабу пештері; піскен нанды суыту, сақтау, орау жəне тасымалдау қондырғылары Аталған технологиялық жабдықтардан басқа нан зауыттарында тасымалдау, электр жүйелеріне арналған құрылымдар жəне басқа да қосалқы жабдықтар бар.

Нан зауыттарындағы машиналы аппаратты жүйелер төмендегідей болып жіктелінеді: пеш табанында

...

Доступно только на Essays.club