Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Машинанын кyрылымы және жyмыс iстеу принципi

Автор:   •  Март 14, 2023  •  Реферат  •  2,117 Слов (9 Страниц)  •  118 Просмотры

Страница 1 из 9

КІРІСПЕ

Тамақтану кәсіпорындары өндірісінің тиімді жұмыс істеуі тек онда қандай жабдық орнатылғанына ғана емес, монымен қатар басқа да көптеген көрсеткіштерге:  кәсіпорынның тұтынушылығына, кәсіби монтаждауға, қызмет көрсету қолайлылығына, пайдалану ережелерін дұрыс сақтауға, жабдыққа  жақсы күтім көрсеткенге және т.б. байланысты болады. Аспазшының күнделікті жұмысын барынша азайту, еңбек өнімділігін жоғарылату, жұмысшы орындарда болатын жарақаттарды азайту үшін тамақтану кәсіпорындарында машиналар мен механизмдер яғни механикалық жабдықтар қолданылады.  Тамақтану кәсіпорындарында қолданылатын механикалық жабдықтар өнімдерді алғашқы өңдеу және жартылайфабрикаттарды дайындауға арналған технологиялық машиналар классына жатады.

Жаңа қоғамдық тамақтану орындары ашылуы салдарынан механикалық жабдықтарға деген сұраныс күннен күнге артып отыр. Ең сұранысқа ие болып отырғаны өнімнен тағамдық құндылығы аз сыртқы бетін (көкеністер, жеміс-жидектердің сыртқы қабығы, балықтың қанатшалары және т.б.) тазартып алып тастауға арналған тазарту жабдықтары. Тамыржемістерді тазартуға арналған машиналар да жиі қолданылады. Көкеністердің ішінен тазартуға көп ұшырайтын өнімдерге картоп өнімі жататын болғандықтан, олар картоп ашу машиналары деп аталады, бірақ онда тамыржемістілердің барлығын тазартуға болады.

Тамақтану кәсіпорындарында жемістерді алғашқы өңдеу келесі технологиялық сұлба бойынша жүргізіледі: сұрыптау, жуу, тазарту, алдын-ала тазарту, жуу және ұсақтау.  Осы айтылған операциялардың барлығы кәсіпорынның көкеніс дайындау цехтарында орындалады және барлығы механикаландырылған болуы мүмкін тек алдына ала тазартудан басқасы. Көкеністерді алғашқы өңдеу процесін механизациялау деңгейі ереже бойынша кәсіпорынның қуаттылығына байланысты болады. Кіші және орташа қуаттылықтағы тамақтану кәсіпорындарындағы көкөніс цехтарында мерзімді әрекетті картоп ашу машинасы орнатылады. Көкеністерді тазартуға арналған машиналардың көптеген түрлері шығарылады, өйткені картоп аршу термиялық, химиялық және механикалық тәсілдермен жүргізілуі мүмкін.  Бірақ біз қарастыратын тәсіл механикалық өңдеу тәсілі болғандықтан механикалық тазарту машиналарын ғана қарастырамыз. Механикалық тәсілдің мәні мынадай:  машинаның жұмысшы камерасының қабырғасы мен жұмысшы органның бұдырлы бетінде картоптың сыртқы қабаты сыдырылып алынады. Бұл кезде картоп беті, жұмысшы аспаптың бұдырлы беті және жұмысшы камера қабырға арасында салыстырмалы қозғалыс болуы керек. Бір уақытта картоп бұдырлы бетке белгілі бір  күшпен өнімнің бұдырлы бетін тереңдете тазартуды қажет ететіндей болып бастырылады және одан әрі оның қозғалысы кезінде өнімнің сыртқы беті сыдырылады. Тазарту кезінде жұмысшы камераға тазартылатын өнімнің бұдырлы бетінің қабығын шайқап әкететін су беріледі, ол тазартылған қабықтарды машинаның жұмысшы камерасынан шығарып тастайды.

Картоп тазартуға арналға бұдырлы бет абразивті массалы болады, ол ұсақ дәнді кремний карбидінен және смол мен алебастырды байланыстырғыщ болып жасалады. Бұл заттардың қатынасы мынадай: 100 кг кремний карбидіне 8,4 кг сұйық бакелит және 5 кг алебастр. Абразивті массаны араласқаннан кейін гридравликалық преспен арнайы пішінге келтіреді және 180 0С температураға дейін 8 сағат кептіреді. Тазартудың біркелкілігі өнімнің машинаның бұдырлы жұмысшы бетіне біркелкі жанасуына, сондай-ақ осы бетке өнімнің тығыз жабысуына және олардың арасындағы салыстырмалы жылдамдыққа байланысты болады. Сонымен қатар, өнімнің машинаның жұмысшы органының бетіне  және жұмысшы камера қабырғасына өте қатты әсер етуі өнімнің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай өнімдерден өңдеуден кейін жылдам қарайып кететін болғандықтан крахмалды дәндерін бөліп алады және олардың құрамы жұмсақ болады. Бұл оның кемшілігі болып табылады. Картоп ашу машинасынан кейін өнім қодмен алдына ала тазарту машинасына беріледі, ал қалдықтары крахмал өңдеуге арналған тасымалдағышқа бағытталады.  Алдын ала тазатрылған өнім қарайып кетпеуі үшін сульфаттау машинасына бағытталып, сульфатталады. Сульфаттау машинасында өнім 5 мин натрий биосульфитінің сулы ерітіндісімен өңделеді. Сапасы бойынша алынған өнім келесі ьалаптарды қанағаттандыру керек: өнім таза, жұмсармаған, әртүрлі қарайған дақтары қалмауы және ақ немесе кремді түсті болуы керек.  Сульфиттелен картопты тұтыну және сақтаудың мүмкін болатын мерзімі 15... 18 °С – та 24 сағат, 2...6 °С болғанда  48 сағат.

...

Скачать:   txt (32.9 Kb)   pdf (117.1 Kb)   docx (27.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club