Материалдық ресурстар
Автор: dilyakon72 • Октябрь 18, 2022 • Реферат • 1,652 Слов (7 Страниц) • 362 Просмотры
Материалдық ресурстар – жобаның маңызды басқару аспектілернің бірі, және сәйкесінше, ресурстарды басқару жүйесі жобаларды басқарудың жүйе ішіндегі жүйесінің қатарында негізгісі болып саналады. Жалпы, материалдық ағындардың оңтайлылығын қамтамасыз етуге логистикалық жағынан келу, ресурстармен қамтамасыз ету облысында жобаларды басқарудағы жүйелік амалына толығымен сәйкес келеді. Жоба, жүйе сияқты өмірлік цикл шегінде қызмет етеді және:
Осы тарауда қарастырылып жатқан материалдық – техникалық және еңбектік, сонымен қатар қаржылық және уақытша ресурстарды, жоба командасын, ақпаратты, білімді, кіріс параметрлері бойынша технологиялар мен әр түрлі шектеуліктерді қоса есептегендегі жобаның барлық ресурстары қатысатыналдын ала жоспарланған көрсеткіштермен жоба нәтижесін қалыптастыру – жобаны басқарудың соңғы мақсатына жету үшін олардың оңтайлы пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында шектеуліктер мен критерийлік көрсеткіштерді есепке ала отырып, осы ресурстардың өзара байланысқан өңдеу үрдістерінің кешені;
жобаның нәтижесі болып табылатын «шығу».
Жобаны басқару шегінде ресурстардың материалдық ағындары және жобаны басқару үрдістерінің тиімділігін көрсететін және алдын ала жоспарланған жұмыс барысында кеткен бұзушылықтар туралы дабыл беретін ақпараттың ілесе жүретін ағындары қызмет етеді.
Осылайша, мақсаты бар, жобаны басқару жүйесінің қызмет ету жүйесінің тиімділін көтеру логистикасы, оның ажырамайтын бөлігі болып табылады және материалдық ресурстар ағындарын басқарумен айналысады.
Логистикалық позиция жағынан және әрбір қатысушының қызығушылығын есепке ала отырып жобаны басқарудың жүйе ішіндегі жүйелерінде мынадай мәселелер: ресурстарды бөлудің жалпы тұжырымдамасын өңдеу; жабдықтау нысанын таңдау; қоймалық шаруашылық орнату; көлік түрі мен қөліктік құралдар типін таңдау; өнімдер мен ресурстарды тасымалдауды ұйымдастыру; тасымалдаудың тиімді бағыттарын таңдау; жеткізу бекеттерін таңдау; қоймалық қызмет көрсетудің тиімді радиусын таңдау; қоймалық жүйелердің орналасуы (орталық, жергілікті, қайта жүктеу) және т.б. өзара үйлестіріледі.
Материалдық ресурстарды басқаруды ұйымдастырудың нақты нысанын таңдау жоба ерекшелігіне байланысты болады.
Жобаларды басқарудың логистикалық жүйе ішіндегі жүйесі материалдық (ресурстық) ағындарға бейімделген, яғни, түп негізінде ресурстарды басқарудың жүйе ішіндегі жүйесі болып табылады.

Сатып алулар (жабдықтау) логистикасы, алғашқы логистикалық жүйе ішіндегі жүйесі болып табыла отырып, сатып алу нарығынан қоймаға дейін шикізаттардың, материалдардың, құрамдас және артық бөлшектердің қозғалысының үрдісін ұсынады. Сатып алу логистикасының тиімді қызмет етуі үшін, жобаны жүзеге асыру үшін нақты қандай ресурстар мен материалдар қажет екенін білу керек, жобаның барлық қатысушыларының әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін сатып алу жоспарын құру, және келесі мәселесін шешу қажет: қажеттілікті анықтау және талдау; тапсырыс берілетін материалдар санын есептеу; сатып алу әдісін анықтау; бағаны келісу және келісім шартқа отыру; жеткізілім мерзімін, сапасын және санын қадағалауды бекіту; ресурстардың қоймада орналасуын ұйымдастыру.
...