Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүктелімдер мен рұқсатнамалар, жұмыс жүргізуге рұқсаттар

Автор:   •  Ноябрь 28, 2023  •  Лекция  •  2,483 Слов (10 Страниц)  •  145 Просмотры

Страница 1 из 10

1.2-тақырып. Жүктелімдер мен рұқсатнамалар, жұмыс жүргізуге рұқсаттар

Электр қондырғыларын пайдалану барысында мыналар жүргізіледі: профилактикалық жөндеу, электр машиналарының, аппараттардың, кабельдердің, ішкі электр желілерінің оқшаулануын сынау; электр жетектерін, релелік қорғанысты жəне т. б. баптау. Бұдан басқа, апаттардың жəне ұсақ ақаулардың алдын алу жəне жою бойынша көлемі жағынан аз жұмыстар болуы мүмкін (2-сурет).

Мұндай жұмыстарды орындау кезінде жүктелім-рұқсатнаманы рəсімдеу жəне осы жұмыстарды орындайтын тұлғаларды анықтау қажет.

Жүктелім-рұқсатнама – бұл белгіленген нысандағы арнайы бланкіде рəсімделген жəне жұмыс мазмұнын, орнын, оның басталу жəне аяқталу уақытын, қауіпсіз жүргізу шарттарын, бригада құрамын жəне жұмысты

орындау қауіпсіздігіне жауапты адамдарды анықтайтын жұмыс жүргізуге арналған жазбаша тапсырма.

2-сурет – Электр жабдықтарын пайдалану құрылымы

[pic 1]

Электр қондырғыларында жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлғалар:

- жұмыс тізбесін бекітетін жүктелім беруші;

- жұмыс орнын дайындауға рұқсат беруші;

- жұмыстардың жауапты басшысы;

- жұмыс жүргізуге рұқсатнама беруші;

- жұмысты өндіруші;

- бақылаушы;

- бригада мүшелері.

Жүктелім-рұқсатнама бойынша жұмыстардың ерекшелігі жүктелім- рұқсатнаманы рəсімдеу кезеңінде еңбекті қорғау жөніндегі алдын ала іс- шаралар əзірленіп, бланкіге енгізіледі, ұжымдық жəне жеке қорғаудың қажетті құралдары анықталады, орындауға жататын жұмыстар қатаң регламенттеледі, жұмыс уақытында орындалуы тиіс еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар əзірленеді; қол қойылып, еңбектің қауіпсіз тəсілдері бойынша мақсатты нұсқама өткізіледі [1].

Жүктелім-рұқсатнаманы беруші тұлға жұмыстардың мазмұнын жəне оларды қауіпсіз орындау шарттарын анықтайды, жұмыс басшысын, жауапты орындаушыны жəне бригада мүшелерін тағайындайды. Ол жүктелім- рұқсатнамада көрсетілген қауіпсіздік шараларын таңдаудың дұрыстығына, өзі тағайындаған жауапты адамдар мен бригада мүшелерінің біліктілігіне жауап береді.

Жүктелім-рұқсатнама екі данада жазылады: бірінші данасы оны берген тұлғада қалады, ал екіншісі жұмыс басшысына тапсырылады. Жүктелім- рұқсатнаманы рəсімдеу жəне беру фактісін жүктелім-рұқсатнаманы берудің арнайы журналында тіркейді. Онда жүктелім-рұқсатнаманы беру бойынша жұмыстардың аяқталу фактісі мен уақытын, сондай-ақ орындалған жүктелім- рұқсатнаманың қайтарылуын тіркейді.

Жұмыстардың жауапты орындаушысы бригада мүшелеріне нұсқаманың толықтығына, оларды тиісті киіммен, қорғаныс құралдарымен жəне сақтандыру құралдарымен қамтамасыз етуге, қызметкерлердің қауіпсіздік

шараларын сақтауына жауап береді. Егер еңбек сипаты мен жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сəйкес келмесе немесе жүктелім-рұқсатнамада талап етілетін көлемде көрсетілмеген болса, жұмыстың жауапты атқарушысының жүктелім- рұқсатнамасын қабылдауға жəне жұмысты бастауға құқығы болмайды.

Жұмысты жүктелім-рұқсатнамада көрсетілген уақыттан бұрын бастауға, жүктелім-рұқсатнамада көзделген жұмыс көлемін кеңейтуге тыйым салынады. Қосымша жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда, жұмысты тоқтатып, басқа жүктелім-рұқсатнаманы рəсімдеу керек.

Жұмыс аяқталғаннан кейін олардың басшысы жабылған жүктелім- рұқсатнаманы жүктелімді берген адамға қайтарады жəне жүктелім- рұқсатнаманы беру журналына тиісті белгі қояды.

1.3-тақырып. Электр қорғау құралдары

Электр қорғау құралдары адамдарды электр тоғымен зақымданудан қорғау үшін қолданылады. Оқшаулағыш электр қорғау құралдары негізгі жəне қосымша болып бөлінеді (3-сурет). Негізгі құралдарға оқшаулануы олар есептелген жұмыс кернеуіне төзімді, сондықтан оларда кернеудегі тоқ өткізгіш бөліктерде жұмыс істеуге болады. Қосымша қорғаныс құралдары осы кернеу кезінде қорғауды толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, бірақ үлкен сенімділік үшін негізгі қорғаныс құралын толықтырады жəне сонымен қатар, жанасу кернеуінен жəне қадамнан қорғауды қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (39.4 Kb)   pdf (639.1 Kb)   docx (282.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club