Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дәнекерлеу жапсарларының сапасын бақылау. Пісірілген және дәнекерленген бірікпелердің сапасын бақылау

Автор:   •  Февраль 8, 2024  •  Реферат  •  1,095 Слов (5 Страниц)  •  62 Просмотры

Страница 1 из 5

«Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж» МКҚК

«Бекітемін»

                                                                                           Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж директорының оқу өндіріс

істері бойынша орынбасары

_______ У. Намуратов

Оқу сабағаның жоспары

(теориялық немесе өнідірістік оқыту)

Сабақтың тақырыбы:  Дәнекерлеу жапсарларының сапасын бақылау. Пісірілген және дәнекерленген бірікпелердің сапасын бақылау.

Модуль /пән атауы: КМ 01 «Электр доғалы дәнекерлеу және кесу»

ОН 1.6 Балқитын электродпен доғалы дәнекерлеу, түйіспелі дәнекерлеу бойынша орындалған жұмыстардың сапасын бақылау.

             

  Дайындаған педагог: Б. Усаров

 Күні: 2023 жылы ____________   

1.Жалпы мәліметтер:

Курс:1 Топ: № 10-23      

Сабақ түрі:   теориялық, аралас

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік:

Тақырып  бойынша оқушылардың білімділігін арттыра отырып, сабаққа деген қызығушылығың дамыту. Дәнекерлеу прцксін үйрету.

Ә)дамытушылық:

Ойлау қабілеттерін дамыту, сызбаларды оқуды үйрету.

Б)тәрбиелік:

Кәсіптік этика , эстетика, қарым-қатнас, сөйлеу мәнері.

3. Оқу жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін натижелер және (немесе) касіби дағдылар тізбесі:

(Блум таксономиясы бойынша) Білу ,орындау, қолдану, талдау;

4. Қажетті ресурстар:  Оқу құралдары, слайд, схемалар, дәнекерлеу аппараттары, дәнекерлеуге қажетті материалдар.

Ұйымдастыру: Студенттермен амандасу, журнал бойынша тексеру, сабаққа дайындығын байқау.

                 Өткен сабақты сұрау және пысықтау.

5. Сабақтың барысы:

Жаңа тақырыпты түсіндіру.                

Сапасын бақылау әдістері екі топқа бөлінеді: бұзбайтын және
бұзатын. Бақылау әдістерінің екі тобы да тиісті стандарттардың
талаптарына сай. Жалпы физикалық сипаттармен біріккен бақылау
әдістерінің тобы бақылау түрін құрайды. Бұзбайтын бақылаудың барлық түрлерін келесі негізгі белгілері бойынша топтастырады: бақылау нысанымен өзара әрекеттесетін физикалық өрістер немесе сәулелену; заттардың нысанмен өзара әрекеттесу сипаттары; бақыланатын нысанның сапасы туралы ақпарат түрі бойынша. Бұзбайтын бақылаудың көптеген түрлері бар: акустикалық, капиллярлық, магнитті, оптикалық, радиациялық, жылулық, электрлік, электромагнитті және т.б. Дәнекерлеп біріктірулердің сапасын бақылау үшін аталғандардың әрқайсысы қолданыла алады, алайда радиациялық, ультрадыбыстық, магнитті және капиллярлы түрлері көп пайдаланылады. Бақылау түрлерінің әрқайсысының өзінің оңтайлы пайдаланылу саласы, белгілі құндылығы және кемшіліктері бар. Радиациялық бақылау кеңінен тараған, ол ақаулар бар болған жағдайда бақыланудағы нысан арқылы өту кезінде қарқындылығы өзгеретін рентгендік немесе гамма-сәулелену көмегімен жүзеге асады. Бұл өгеріс рентген пленкасында немесе пластинасында тіркеледі (радиографиялық әдіс). Радиациялық әдістер әртүрлі материалдардың түйіс жапсарларындағы көрінбейтін ішкі ақауларды анықтауға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен тек бұрыш жапсарларындағы ақауларды анықтау мүмкін емес.
Бақылаудың акустикалық әдістерінің ішінде ультрадыбыстық
дефектоскопия ең көп тараған, ол аз ашылған, сызат, қуыстық және
қож қосылыстары түріндегі, сонымен қатар радиациялық
дефектоскопиямен анықтау мүмкін болмайтын ақауларды анықтайды.
Бақылаудың магнитті әдістерінің арасында магнитті графикалық
және магнитті ұнтақтық түрлерін белгілеп өткен жөн. Магнитті ұнтақтық әдіс көбірек пайдаланылады, өйткені ол ақау айналасындағы
ферромагнитті ұнтақтың орналасуын көзбен шолу арқылы бақылауға
мүмкіндік береді. Алайда аталған әдіс тек ферромагнитті материалдар
(көміртекті болат) үшін пайдаланылады. Капиллярлы бақылау кезінде индикатор шағын қуыстықтар мен шағын сызаттар (капиллярлар) бойынша ақаудың тереңідігіне енеді. Жапсар бетіне индикатор қондырылғаннан және кейбір ұсталымдар өткеннен кейін артық сұйықтық алынып тасталады. Ақаулардағы қалған индикатор сәулелендіру әсерінен жарқылдай бастайды, соның көмегімен осы ақаулар анықталады.
Тесік іздеумен бақылау кезінде бақылау затының орын
ауыстыруы дәнекерленген біріктірулердегі саңылау тұтассыздығы
арқылы тесіктерді табуға мүмкіндік береді. Бақылаудың осы түрінің
көмегімен дәнекерленетін құрылымның саңылаусыздығы тексеріледі.
Ережеге сүйенсек, бұл қысым әсерімен жұмыс істейтін ыдыстар мен
құбыр өткізгіштер. Дәнекерлеу жапсарларының саңылауларындағы
ақаулар арқылы бақылау сұйықтығының (немесе газының) ағып
кетуін арнайы құралдармен немесе есептеуіштермен тіркейді. Тесік
іздеумен бақылау әртүрлі қалыңдықтағы кез келген материалдар үшін
пайдаланыла алады. Аталған түрдің бақылауының негізгі әдістеріне
пневматикалық, гидравликалық, жермайлық, галлогендік, химиялық
және люминесцентті-гидравликалық жатады. Сапаны бақылаудың көптүрлі түрлері және әдістерінің ішінен тек негізгі, өндірісте көп пайдаланылатын түрлерін қарастырған дұрыс. Дайын дәнекерленген түйінді көзбен шолу және өлшеу қабылдау бақылауының бірінші және ең маңызды деңгейі болып саналады. Бірінші кезекте жылу әсер ететін аймақтағы дәнекерленетін жапсарлар және дәнекерленетін бөлшектердің беттері қарастырылады. Сыртқы шолу тілікшелер, сызат бетіне шығып тұрған шала пісірілген кратерлер, шорлар, дәнекерлеу жапсарының негізгі өлшемдерінің ауытқуы және т.б. сияқты сыртқы ақауларды анықтауға мүмкіндік береді. Алдын ала қождан және бүркіндіден тазартылған жапсар бетінің металын және жік аймағын қарау кезінде лупа және
қажеттілігіне байланысты қосымша жергілікті жарықтандыру
пайдаланылады. Бақылаудың көп пайдаланылатын бұзбайтын әдістерінің ішінен гидравликалық және пневматикалық сынақ, рентгендік
сәуелендірумен бақылау және жермаймен сынақ түрлерін қысқаша
сипаттаған жөн.
Гидравликалық сынақтарға дәнекерлеу жапсарларының
тығыздығы мен төзімділігін тексеру мақсатында құбыр өткізгіштер,
резервуарлар, технологиялық аппараттар және т.б. нысандар түседі.
Гидравликалық сынақ 3242-79 мемлекеттік стандартының
талаптарына сәйкес жасалған әдістерді пайдаланумен жүргізіледі, ол
гидравликалық қысыммен сынау, су толтыру және сумен суаруды
қарастырады.
Гидравликалық қысыммен сынау кезінде құрылым (резервуар
немесе ыдыс) сумен толтырылып, саңылаусыздандырылады және сорғының көмегімен тұйық жүйеде берілген қысымды (манометрмен
анықталған) құрайды. Бекітілген уақытта ұсталғаннан кейін
кемшіліктерді анықтау мақсатында балғамен жай ұрады.
Су толтырумен сынақты оң температура кезінде ашық
ыдыстардағы, резервуарлардағы және т.б. дәнекерлеу жапсарларын
бақылау үшін жүргізіледі. Ол үшін дәнекерлеу жапсарлары сүртіледі
және ауаның үргілуімен кептіріліп, резервуарларға су толтырылады
және бірнеше уақыт өткеннен кейін барлық жапсарлар қаралады.
Сумен суару сынағы құрылымның дәнекерлеу жапсарларына екі
жақтан да қол жеткізу мүмкін болған жағдайда жүзеге асады.
Жапсардың бір жағы брандспойттан сумен суарылады (қысымы 1
МПа-ға дейін), ал екінші жағы тесіктерді анықтау мақсатында
тексеріледі. Тігінен біріктірілген орындарды жоғарыдан төмен қарай
суарады. Бұл әдіс ыдыс корпусының, ірі көлемдегі резервуарлардың
және т.б. дәнекерлеу жапсарларын бақылау үшін пайдаланылады.
Пневматикалық сынақ тұйық жүйелердегі дәнекерлеу
жапсарларын бақылауғат арналған. Оның ішінде: құбыр өткізгіштер,
ыдыстар және аппараттар. Сығылған ауамен сынақ жүргізу қысымды
10.....20%-да құру арқылы жасалады, ал бұл жұмыс қысымынан асып
кетеді. Жапсарлар жаққыш немесе бүріккіш көмегімен көбік тәрізді
құраммен жабылады. Ол кезде саңылау түріндегі ақаулар бар
бөліктерде шығатын ауаның әсерінен көпіршіктер пайда болып,
ақаулардың орналасқан орны анықталады. Тиісті құрамдағы көбік
тәрізді заттарды теріс температурада да (30°С-қа дейін) пайдалануға
болады.
Рентгендік сәулелендірумен бақылау техникада радиациялық
бақылау түрінде белггілі, рентгендік сәулелердің дәнекерлеу
жапсарының арасынан өтіп, тіркеуші құрылғыға (фотопленкаға) әсер
ету қабілетіне негізделген. Сәулелендіруді тіркеу тәсіліне байланысты
радиациялық бақылау әдісінің үш түрі бөлінеді: радиографиялық,
радиоскопиялық және радиометриялық.
Радиографиялық әдіс ең көп
тараған, өйткені алынған түсірілім дәнекерлеу жапсарының сапасын
растайтын құжат болып табылады, ал фотопленканы ұзақ уақыт бойы
сақтауға болады.
Дәнкерлеу жапсарларының саңылаусыздығын бақылау үшін
пайдаланылатын сұйық көміртек белгілі қоспаларының барлығыны ішінен жермай кеңінен пайдаланылады. Бұл оның бірқатар
қасиеттерінің (сұйықтай аққыштық және майланушылық) көмегімен
ақауларды нақты анықтау қамтамасыз етілетінімен түсіндіріледі.
Жермаймен сынақ қарапйымдылығымен және жалпы қол
жетімділігімен ерекшеленеді, күрделі және қымбат құралдарды,
сонымен қатар зарар материалдарды талап етпейді. Жермаймен сынақтың төрт тәсілі бар:
жермайлық, жермайпневматикалық,
жермай-вакуумдық және жермайтербелістік.
Жермай тәсілін пайдалану кезінде дәнекерленген біріктірулерді
жапсарлардан 30....40мм ара қашықтықта балғамен жай соғады және
жапсарларды қождан, майдан және басқа ластанудан мұқият
тазартады. Қожды жақсы алып тастау және саңылаусыз ақауларды
дамыту үшін мақсатқа сай саңылауы бар дәнекерленген біріктірулер
10.....15 мин тербеліске ұшырайды. Қождан тазартқаннан кейін бетіне
бор суспензиясының жұқа тегіс қабаты орннықтырылады.

...

Скачать:   txt (17.1 Kb)   pdf (135.2 Kb)   docx (13.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club