Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Диэлектрлік беттердегі металл қаптамаларын алу әдістері және олардың қасиеттеріне шолу

Автор:   •  Май 9, 2024  •  Реферат  •  3,871 Слов (16 Страниц)  •  97 Просмотры

Страница 1 из 16

Кіріспе

Әртүрлі диэлектрлік материалдарға мыс және күміс қаптамаларын фотохимиялық жолмен енгізу технологиясының негізін әзірлеу, фотохимиялық ыдырау механизмін жасау және фотохимиялық жолмен алынған қабықшалардың физика-химиялық, механикалық және бактерицидті қасиеттерін зерттеу. Фотохимиялық әдіспен алынған қаптамаларға талдау жасау барысында заманауи озық физика-химиялық талдау әдістері қолданылды. Сонымен қатар, растрлы электронды микроскоп (ISM- 6490-LV, JEOL, Жапония) бетінде қаптамасы бар түрлі үлгідегі қаптамалардың құрылымы мен құрамын зерттеу мақсатында қолданылды.

Бүгінгі таңда ауқымды масштабта медицинада және арнайы мақсаттағы түрлі материалдардың бетінде көпфункциялы пайдалы қаптамалар алу маңызды орынға қойылған. Диэлектрлік және мата материалдарының бетіне қорғаныш, декоративті және өткізгіштік қасиетке ие қаптамалар алу технологияларын нығайту маңыздылығы уақыт өткен сайын артуда. Мұндай қаптамаларды медициналық мақсаттағы бұйымдарды, әртүрлі әскери киімдерді, спорттық киімдерді, қару-жарақтардың қақпақтарын, сондай-ақ, түрлі микроорганизмдерден қорғайтын қабілетке ие бұйымдар дайындауда пайдалануға болады. Нақтылап айтқанда, қорғаныштық қасиеті бар яғни, бактерицидтік қасиетке ие мыс және күміс қабықшаларының қасиеттері жоғары болып табылады. Мәселен, алтынның бактерицидтік қабілеті күмістен 2-3 есе төмен. Аталған металдардан алынатын қабықшалардың бактерицидтік қасиетін көтеру үшін қоспа қабықшалар алу технологиясын әзірлеу керек.

Бактерицидтік қабілеті бар металдардан (мыс, күміс) қоспа дайындау арқылы олар бір-бірінің бактерицидтік қабілетін арттырады. Алайда аталмыш металдардан өте жұқа қалыңдықтағы қаптамалар алудың дәстүрлі әдістері қолжетімсіз, яғни күрделілігі жоғары әрі өзіндік құны жоғары болғандықтан жан-жақты тиімді технологиялық әдістерді әзірлеу және зерттеудің қажеттілігі туындады. Мыс топшасындағы металдарды диэлектрлік материалдардың бетіне ендіруге арналған көптеген әдістер бар.

Фотохимиялық әдіспен тотықсыздандыру арқылы қаптама алудың негізгі артықшылығы реакция ортасына арнайы тотықсыздандырғыш қосу қажет емес. Фотохимиялық процестің жүруін жарық фотонымен қамтамасыз ету жеткілікті болып табылады.Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша мыс және күміс құрамды қаптамаларды фотохимиялық жолмен алудың озық, тиімді әдістері жасалынып, олардың физика-химиялық және бактерицидтік қасиеттері зерделеніп-зерттеліп, бактерияларға қарсы қабілетінің тұрақтылығы анықталды.          1. Диэлектрлік материалдар туралы түсініктеме

Диэлектрлік (dielectric)-электрөткізгіштігі металдар мен шала өткізгіштермен салыстырғанда біршама төмен, электр кедергісінің мәні өте болып келетін сонымен қатар, қатты, сұйық және газ тәрізді болатын заттар.

Ғылым мен техника дамыған қазіргі уақытта металл емес түрлі материалдардың бетінде әртүрлі пайдалы қасиеттерге ие қаптамалар алу маңызды дүние болып есептеледі. Көптеген дамыған елдерде диэлектрлік материалдардың бетін металмен қаптау нәтижесінде сол материалдардың қасиеттерін арттыру үлкен маңызға ие болып табылады.

Диэлектрик (немесе диэлектрлік материал) - қолданбалы электр өрісі арқылы поляризациялануы мүмкін электр оқшаулағышы. Диэлектрлік материалды электр өрісіне орналастырған кезде электр зарядтары электр өткізгіштегідей материал арқылы өтпейді.

Өткізгіш емес материалдарды металдандыру мүлдем жаңа функционалдық және декоративті қасиеттері бар өнімдер алуға мүмкіндік береді. Дәстүрлі түрде металдануға ұшырайтын материалдар қатарына әр түрлі полимерлер (пластмасса), шыны, керамика, талшықтар, табиғи материалдар және т.б. жатады.

Бұйымдардың беткі қабатында қаптама алу кезінде конструктивті ерекшеліктері мен өндіріс ауқымына байланысты көптеген химиялық- технологиялық операциялар мен өңдеу операциялары қолданылатын технологиялық процестердің әр түрлі нұсқалары қолданылады.[1]

Диэлектрлі материалдар беткейлерінде және тесіктерінде жоғары адгезиясы бар химиялық және электрохимиялық мыстың тұтас қабатын алу үшін қаптама алудың әртүрлі әдістері қолданылады. Бұл тапсырманы орындау үшін екі негізгі міндетті шешу қажет:

1) диэлектрлік беттің сапалы дайындығын қамтамасыз ету;

...

Скачать:   txt (59.5 Kb)   pdf (146.7 Kb)   docx (31.8 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club