Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болат қорыту процесінің физика-химиялық негізі

Автор:   •  Февраль 20, 2019  •  Реферат  •  3,796 Слов (16 Страниц)  •  1,035 Просмотры

Страница 1 из 16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                    ТМжЖ кафедрасы

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:  Болат қорыту процесінің физика-химиялық негізі

                                                                      Орындаған : ТМжЖ-17-09  тобының

                                                                                        студенті Боранбаев Мирас

                                                                       Тексерген : Сүлеймен Е.Б

АСТАНА 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе                 3

1.Болат өндірісі

         4

2. Болат металлургиясында қолданылатын термодинамиканың негізгі қағидалары.

         6

3. Идеал жүйенің кейбір заңдарын нақты жүйе үрдісінде қолдану.

         8

Қорытынды

         9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

       10

        

 

                                                       

                                                       Кіріспе

Болат қорыту барысында үрлеме әсерінен шойын элементтері тотығып, қожтүзгіш материалдармен қож түзіп, шеген–металлқожгаз жүйесінде физика – химиялық үрдістер орын алады. Сондықтан болат қорыту үрдісін басқаруда физикалық химияның заңдарына сүйенеді. Металл мен қождағы әр түрлі түрленістердің энергетикалық жағдайын, үрдіс мүмкіндігін, бағытын және тепе–теңдігін анықтауда термодинамиканың жалпы заңдарына, ал орын алып жатқан үрдістердің жылдамдығын анықтауда кинетиканың заңдарына сүйенеді

                                                      Болат өндірісі

     Химиялық құрамы бойынша болат шойыннан көміртектің, күкірт пен фосфордың аз мөлшерімен, кремнийдің, марганецтің және басқа элементтердің берілген (аз немесе көп) мөлшерімен өзгешеленеді. Шойынды болатқа қайта балқыту процесі элементтердің артық мөлшерін кетіру үшін тотықтандыратын қорытылуды жүргізуге алып келеді.Оның сұр шойыннан негізгі айырмашылығы құрамында көміртегі мен зиянды қоспалардың аз болуында. Сонымен, болат дегеніміз  құрамында 2,14 %-ке дейін көміртегі, аз мөлшерде S, P және  Cr, Ni, V, Ti сияқты  легірлеуші элементтері бар күрделі қорытпа. Сондықтан қайсыбір металлургиялық өңдеу жолы болсын шойынды болатқа айналдыру – ондағы көміртегі мен қоспалардың мөлшерін азайту. Шойын құрамында темір көп болғандықтан, болат қорыту пешінде ол шойын мен оттегі әрекеттесуінің арқасында тотықтана бастайды

 

Ғе + 1/202 = ҒеО + Q

(1)

    Темірмен қатар Si, Р, Mn, С т.б.–лар тотықтанады. Пайда болған  темір оксиді жоғарғы температурада темірмен қанығып оттегісін шойындағы қоспаларға беріп, оларды тотықтырады:

 

2ҒеО + Si = SiО2 + 2Ғе + Q

(2)

 

5ҒеО + 2Р =Р2О+ 5Ғе + Q

(3)

 

ҒеО + Mn = MnО + Ғе + Q

(4)

 

Ғео + С = СО + Ғе – Q

(5)

    Сұйық металда (қорытпада) темір оксиді қанша көп болған сайын қоспалар     жылдамырақ тотықтанады.Қоспалардың тотықтануын жылдамдату үшін болат ерітілетін (қорытылатын) пешке темір рудалары, отқабыршықтар, агломераттар қосады. Қорытудыңбас кезінде, металдың температурасы төмен жағдайда, кремний, фосфор, марганец қарқынды түрде тотықтанып жылу бөліп шығарады, ал көміртегі тек жоғарғы температурада  қарқынды тотықтанады.Болат қорыту пешінде шихта ерігеннен кейін екі бірікпейтін орта пайда болады: сұйық металл мен қож. Металл мен қож олардың әр түрлі тығыздығына байланысты бөлініп тұрады. Бірінші кезең – бұл кезеңде металдың температурасы жоғары емес; темір жылдамырақ тотықтанып, (1) – (4) реакциялар түзіледі де Si, Р, Mn тотықтанады. Ең басты мәселенің бірі болатқа зиянды қоспа фосфорды бөліп алу. Фосфор ангидриді темір оксидімен нашар қоспа (ҒеО)3*Р2О құрады. Ол төменгі температурада кальций оксидімен қосылғанда Р2Оангидриді  қожға өтіп кетеді.        

...

Скачать:   txt (24.4 Kb)   pdf (189.9 Kb)   docx (26.9 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club